Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
«Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орынбаева Г. О Тәуелсіздік күніне орай ( Интеллектуалды сайыс) Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін тұғырлы 3 тілде дамыту; тілдерді үйренуге баулу, қызықтыру. Әдісі: сайыс сабақ Көрнекілік: слайдтар, сөзжұмбақтар, қима қағаздар,басқатырғыштар. Барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1) алдын ала тағайындалған топтарды шақыру. 2) сайыстың мақсатымен таныстыру. 1-топ «Достық» 2-топ «Бірлік» Армысыздар құрметті қонақтар, қатысушылар! Бүгінгі «Мен полиглотпын» Тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырмыз. Туған жерім жайнаған, Төбемде көгілдір ашық аспан. Сарқылдап аққан бұлақтар, Оларды көру бір арман. Құтты болсын –мереке! Ынтымағым биікке өрле. Жаса жайна қазағым, Желбіреп ұшқан байрағым! Сонымен интеллектуалдық ойынымызды ашық деп жариялаймыз. Сәттілік тілеп, ойынды бастау Қатысушылар екі қатарға отырады. І тур «Мен полиглотпын» Әр топ слайдта көрсетілген Қазақстан республикасының рәміздерін, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде атайды. ІІ тур «Кім жылдам?!» (доп лақтыру әдісі) арқылы мұғалім қойған сұрақтарға оқушылар жылдам әрі толық жауап беруі тиіс. Сұрақтар 2 топ қатысушыларына кезек-кезек қойылады. 1. 16 желтоқсан қандай күн? 2. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер. 3. Елтаңбаның авторы кім? 4. Тудың авторы кім? 5. Әнұранның авторы кім? ІІІ тур «Бүлінген факс» (Топпен жұмыс) Буынға бөлінген 15 сөз 2 топқа таратылады. Бірінші болып сөздерді дұрыс құраған топ жеңімпаз болып танылады. ІҮтур «Адасқан әріптер» Тақтамен жұмыс. Тақтаға аақл,стаан,рүейл,аааббшқл,ежр,ақйбыл,ттиағб,емсә,ыайбдн.т.б)бірнеше сөздер жазылған плакат ілінеді. Оқушылардың міндеті – сол сөздерді дұрыс тауып, сауатты жазу. Ү тур «Сөзжұмбақ». Тақтаға ілінген сөзжұмбақты топтың 2 мүшесі шығып, шешуі тиіс. Кілт сөздері «Қазақстан», «Мемлекет». ҮІ тур «Сәйкестендір» ән айтасыз Астанаға барасың би билеймін мұражайды көресіз Отанымды сүйемін рәміздерді білесің ҮІІ тур «Жұмбақтап айт».Әр топтың мүшесіне қима қағаздарда жазылған сөздерді капитандары жұмбақтап жеткізеді.Топ мүшелері қағазда жазылған сөзді табуы керек. 1 топ:кітап,мектеп,Отан,Астана 2 топ:әнұран,ғимарат,қала,кітапхана Қорытынды. Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар алмаға 3 тілде меңгерген сөздерін жазып тақтада ілініп тұрған ағашқа іледі. Сайыс соңында жеңіске жеткен топ «дана үкілермен» марапатталады. | |
Просмотров: 679 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|