Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Астана қаласындағы №27 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Бекжанова Салтанат Тұсынбекқызы Сабақ жоспары Пән: қазақ тілі. Сынып: 10 Б Сабақтың тақырыбы: «Қандай мамандар сұраныста?» Мақсаты: Оқушыларға мамандықтардың адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру, тіл дамыту сабағы Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): таңдаған мамандығының маңызы мен қоғамдағы рөлін, ерекшелігін түсіндіре алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): болашақта қандай жұмыс істейтіні жайлы ақпарат береді, негізгі қызметін атап көрсетеді. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен әртүрлі кәсіптер жайлы сұхбаттасады, диалог құра алады, қазақша сөйлеу үлгілері арқылы тілдесімге келеді. Негізгі түсініктер: Еңбек нарығы, жұмыс берушілер, сұранысқа ие, кәсіби-техникалық, бағдарламашылар, маман тапшылығы, жаппай ақпараттандыру. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, плакат, маркерлер, тақырыпқа қатысты альбомдар, суреттер, парақ. Оқыту әдістері: Талдау, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, «Миға шабуыл», «Джиксо», «РАФТ», «Галлереяға саяхат» әдісі. Сабақтың барысы: Уақы ты Сабақ кезеңдері. Жұмыс түрлерінің мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 1 мин Топқа бөлу. «Шашу» Шартын түсіндіру. Үш турлі кәмпит ұсынады. Кәмпиттің туріне сәйкес үш топқа бөлінеді. 2 мин Тренинг. «Мадақтар бұрқасыны» психологиялық жаттығуы арқылы көңілді атмосфера құру. Шартын түсіндіру. Оқушылар жұпта бір-біріне арқа түйістіріп тұрады. Кезекпен бойындағы жақсы қасиеттерін айтады. Бетпе –бет қарап бір тілек айтады. Тренингтің шартын түсінеді, орындайды. 3 мин І.Қызығушылығын ояту кезеңі: «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру, жаңа тақырыпты шығару «Танымалы мамандықтар» 1. «Ең-ең ...» Тапсырма Мамандықтың атауы Тағы қандай? Не істейді? Ең жасыл... Ең тәтті ... Ең ақшалы Ең күлкілі Ең жауапты Ең сөзшең 1.Назарларын сабаққа аударады. 2.Кезекпен тез жауап береді. 3.Сабақтың тақырыбын өздігінен түсінеді және ойларын сабаққа бағыттайды. 5 мин Үй тапсырмасын тексеру «Менің болашақ мамандығым»- шағын эссе. *Таңдаған мамандығым * үш неліктен? * үш қадам. Не істеу керек? Бағалау: критерийлерлерге сәйкес бірін-бірі бағалауды түсіндіреді. 1. кем дегенде 5 сөйлемнен құрылуы тиіс. 2. «5» -дұрыс құрылған 5 әр түрлі құрмалас сөйлем. 3. «4» -дұрыс құрылған 4 әр түрлі құрмалас сөйлем. 4. «3» -дұрыс құрылған 3әр түрлі құрмалас сөйлем. 5. «2» -тапсырма орындалмады * Бағалау критерийлерлерге сәйкес бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, қаталерін мұғалімнің қадағалауымен дұрыстайды; *әңгіменің мазмұнын түсінеді және мазмұндай алады. 3 мин ІІ.Мағынаны тану кезеңі: Сөздік жұмысы Еңбек нарығында, сұранысқа ие, жұмыс берушілер, жақын болашақта, зерттеу жасап,кәсіби-техникалық, ІТ-технолог маман, бағдарламашылар, кәсіпорын, ғаламтор, табысын еселеу, тамақ өнеркәсібі *Сөздердің аудармасын сәйкестендіріп жаз. 6 мин *Топтағы ұжымдық жұмыс. *Мәтінмен жұмыс: «ДЖИКСО» стратегиясы Бір мәтін үш топқа үлестіріледі. Мәтінді топта талқылап, мазмұнын басқа топқа жариялау керек. Мәтінің мазмұнын тыңдаған топқа түсінгендерін тексеру мақсатында сұрақтар қойылады. Бағалау критерийлеріне сәйкес өзін- өзі бағалау жолдарын түсіндіру. 1. Мәтіннің мазмұнын толық түсіндім; 2. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жасадым; 3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырдым; 4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бердім; 5. Мәтінді басқа топта мазмұндадым. *екі оқушы мәтінді қазақша мазмұндайды. *қалған оқушылар мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Бағалау критерийлерлерге сәйкес өзін- өзі бағалау. 3 мин «Сұранысқа ие мамандар» Видеороликті ұсыну. Ой тастау. Алған білімдерін жинақтайды. Келесі тапсырманы орындауға бейімделеді. 7 мин *Жағдаяттық сұрақтарды шешу. «Рафт» стратегиясы Дәптермен жұмыс 1.Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. -Сен ол кезде не істер едің? 2. Сенің ата-анаң саған бір мамандық таңдап берді, бірақ саған ол мамандық ұнамайды. Сен қарсы боласың ба? Бағалау: Көпшілік. Саусақ арқылы. *Жағдайатты тыңдайды. Р-рөл (өзі) А-аудитория (қатысушылар) Ф-форма (хат) Т- тақырып (жазады) 10 мин ІІІ. Ой толғаныс кезеңі: Әр топқа тапсырмалар беру. *Біздің еліміздегі сұранысққ ие мамамандар Топтық жұмыс «Галлереяға саяхат» әдісі Шарты: 1. Біздің еліміздегі сұранысққ ие 7 мамамандықтың тізімін жазады 2. Мамандық атауына септік жалғауы жалғанып, берген орынның себебін түсіндіру шарт. 3. Постер дайындап,бір оқушы қорғайды. 4. Бағалау: Көшбасшы постерді дайындау барысында әр оқушының жұмысына сәйкес геометриялық пішін беріледі. *Оқ-дың дайындалуы. *Постерлер қабырғаға ілінеді. *Әр топтан бір оқушы топтық жұмысты таныстырады. *Жауап берулері. *жауап берген топқа қойылған талаптардың орындалуына сәйкес баға беру. *Жіберген қателері болса, дұрыстау. 3 мин Қорыту: «Мамандықтың жаманы жоқ » «Бір жолақтың бойымен» - тренинг. Шарты: Бір жолақтың бойына топтың барлық мүшелері сап түзеп тұрады. Тапсырма: Жолақтан шықпастан, мамандықтың маңыздылығына қарай сап түзеу керек. Өз ойларын білдіру арқылы сабақтан алған білімін қорытады. 2 мин Бағалау: Суммативті бағалау бірін-бірі өзін- өзі көпшілік көшбасшы қорытынды Күнделіктеріне қояды. 1 мин Үй жұмысы: Эссе «Менің болашақтағы оқу орным» Күнделіктеріне жазуы. 2 мин Рефлексия *Тақтада смайликтардың суреттері ілінген Көңілді (көк) Сәл жымиған (сары) Көңілсіз (жасыл) Сабақтан алған әсерлеріңді стикердің түсін сәйкестендіріп тақтаға жабыстыруы. | |
Просмотров: 1346 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|