Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану
Қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану
Раскильдинова И.Н.
Павлодар қаласындағы, К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беру өте қиын және жауапты жұмыс. Сондықтан мұғалім әр сабаққа жауапкершілікпен дайындалып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту үшін жақсы әдіс-тәсілдерді қолданады.
Атақты ғалым-әдіскер Ахмет Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген еңбегінде: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі — бір ғана әдісті болу. Шеберліктің белгісі — түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек».
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдап оқытқанда ғана біз, мұғалімдер, басқа ұлт өкілдерін қазақ тілін өз ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің заманауи әдісі болып отыр.
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:
компьютерлік техниканы, ғаламтор, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
1. Түрлі-түсті иллюстрациялар есте сақтау процесі үшін пайдалы.
2. Әр сабақта әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім.
3. Бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалдарды қайталай алады.
Ең тиімді бағдарламалардың бірі Microsoft Power Point. Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды және т.б.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Қазақ тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. Мысалы,жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.
Олар:
- Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
- Блок-схема, класстер, вен.диаграмма т.б.
- Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары
- Ойын арқылы оқыту
- Сөзжұмбақ, ребустар
- Тестілеу және бақылау.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
- Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы;
- Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
- Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
- Оқытушының, оқушының да қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
- Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық
қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.
Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны ерекшелеуді шектейді. Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы:
1.«Ассоциация»
Оқушылар топпен, жұп немесе жеке тапсырма алады.
Оқушылар топпен, жұп немесе жеке тапсырма алады.
Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не (кім)туралы қалай деп ойлайсыздар?
2. «Сұрақ-жауап»
Мәтінді тыңдатып, бір-біріне сұрақ қояды, өздерінің жауаптарынан мәтін құрастырады. Құрастырған мәтінді мен аудио мәтінді қайта тыңдап, салыстырады.
3. «Айтылым әрекеті»
Мәтінің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.
4. «Сөйлесім әрекеті»
Аудио мәтінді бірнеше рет тыңдап, кейіпкердің сөйлеу тіліне, яғни әріптердің айтылуына қарап, сөйлеуші рөліне еніп сөйлейді.
5. «Тыңдалым әрекеті»
Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен тыңдайды.
6. «Жазылым әрекеті»
Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын.
Жаңа ақпараттық құралдарды қазақ тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
• оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамытады;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Сонымен, интерактивті тақтаны қазақ тілі сабақтарында пайдалану - сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, мәліметтер мен жаңа ұғымдарды есте берік сақтауға ықпал жасайды.Ұсынылып отырған технологияда заман талабына сай интерактивті тақтаның мол мүмкіндігін пайдалану - оқушы тұлғасының тынымдық қабілеттерін арттырып, белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытып, шығармашылық қырын қалыптастырады. Қорыта келгенде, қазақ тілі сабағында компьютер және тағы басқа жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.
«Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді. Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол,қиын да жауапты. Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Білім туралы. Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Қазақстан мектебі. № 11,2004
3. Назарбаев Н.Ә.«Қазақстан – 2030»(Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы)
4. «Обучение для будущего»Проектная деятельность в информационной образовательной среде 21 века.Астана 2009г.
5. Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде.№4,8 2006ж, №3,9 2008, 7,9 2009ж
6. Байтұрсынов А. Жаңа мектеп,1928 ж, № 4, 3б.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: qwaszx555 (2017-09-21) | Автор: Раскильдинова Индира Нуржановна E
Просмотров: 757 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 7:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru