Оқушылардың белсенділігін арттыруда деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі.
Мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілі қазіргі таңда өмір қажеттілігін өтейтін қоғамдық қарым – қатынас құралы болғандықтан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінде сөйлей білуге, сауатты жаза білулеріне қажеттілік күннен күнге артып келеді. Сол себепті мемлекеттік тілді оқытатын әр мұғалім тілді жеделдете үйретудің ең тиімді әдіс – тәсілдерін ойлап тауып, олардың тиімділігін іс – тәжірибесінде дәлелдеп, әріптестерімен алмасып отырады.
Мен қазақ тілі мұғалімі ретінде заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін үнемі ізденіс үстіндемін.
Өз сабактарымда әдістерді тиімді пайдалану аркылы окушылардың білімге деген кызығушылыктарын арттыру, терең ойлау кабілетінің белсенділігін калыптастыруда «Мемлекеттік тілді денгейлеп окыту технологиясын» колданып жүрмін. Бұл технологияда бірінші орында окушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. Окушының шығармашылыкпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр окушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалык такырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырып, ой еңбегімен айналысуына жетелейді.
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар – өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақтар, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.
Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан, үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу, көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін ескере сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.
2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге, ізденімпаздыққа үйренеді, әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады. Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс – әрекетіне негізделеді. Мұнда оқушы жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында оқушы өзін – өзі жетілдіреді . Одан кейінгі кезеңде оқушы тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушы тақырыпты оқып болған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге уақыты бар . Мұнда оқушылардың барлығы қатысады. Тақырып тақтада талданады. Оқушылар жартылай ізденіс, мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.
Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
- жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар.
- оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.
- дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталады.
- әр оқушы өзін – өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды толық меңгереді.
- жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.
- тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.
- өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
- бақылау жұмысы алынады.
- бақылау парағы жасалады.
Мысалы, 5 – сыныпта өтілген «Жұрнақ пен жалғау » тақырыбында , білімді бекіту сабағында мынадай деңгейлік тапсырмалар берілді.
1- деңгей тапсырмасы мынадай болды:
Жұмбақты көшіріп, қосымшалы сөздердің астын сыздырту.
Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (мұғалім).
2- деңгей . Мақалды жатқа жаздыру, қарамен жазылған сөздердегі жұрнақ пен жалғауды тиіс белгілермен белгілету.
1. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
2. Білімдіге дүние жарық .
Білімсіздің күні кәріп .
3- деңгей. Сөздердегі - шы, - ші, - лы , - лі, -ды, - ді жұрнақтарын жалғап жазып, 2 – 3 сөйлем құрастыру, түбір мен қосымшаны ажыратқызу.
Білім – білімді Ақыл – ақылды
Ән – әнші Жұмыс – жұмысшы
өнер – өнерлі Қар – қарлы
Үлгі : Биыл қыс қарлы.
Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең және мемлекеттік тілді окыту барысында көптеген нәтижеге жету үшін маңызы зор.
Әдебиеттері тізімі:
1. М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» Алматы 2002 жыл
2. Жұмабекова А.Л. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».
3. Қараев Ж.А «Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясы». Алматы, 1999. 4.Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. - 2006.- №4.
|