Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ
ШҚО Семей қаласы
«№30 ЖОББМ» КММ
Кайрошова Д.Е.– ІІІ деңгейлі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет. Әрине, ең алдымен алға үлкен мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында азды – кемді кедергілердің болатыны да белгілі.
Дарын мен талант бұл адамның өзінің ерігінсіз ішкі жан дүниесінен шығады. Бала бір ғана сабақтан дарынды болуы мүмкін, немесе керісінше мысалы: математика сабағынан өте дарынды оқушы химия пәнінен төмен болуы мүмкін. Кейде оқушының сабаққа деген ынтасы өте төмен болғанымен, ол баланың өнерге деген қабілеті ерекше байқалып тұрады. Жайқалып тұрған гүлдердің барлығының иісі бірдей сияқты. Бірақ сол иістің де өзі әртүрлі болады. Оқушылар да тура сол сияқты әрқайсысының талабы әртүрлі болады. Баланың дарынын, талантын анықтай алмайсың тек оның ішкі жан дүниесіне үңіле қарап, оны әрі қарай дамытсаң ғана шын дарынды көруге болады. Әрине баланың талантын, дарынын байқайтын үйінде ата-ана болса, мектеп қабырғасында ұстаз. Ата-анамен ұстаз арасында тығыз байланыс болғанда ғана баланың бойындағы ерекше қабілетті байқап, одан әрі жетілдіре түсетіні анық. Қабілетті бала дұрыс бағыт-бағдарды, оқудың үрдістерін сенімді түрде таңдай алады. Өз тәжірибемде дарынды, қабілетті балаларды пәннен жалықтырып алмас үшін арнайы күрделірек тапсырмаларды беруге тырысамын. Өйткені, баланы күрделі тапсырма беру арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыта түсу керек, сұрақтың жеңілдеуі баланы жалықтырады. Сондай ақ дарынды оқушылар басқаларға үйрету арқылы өзі де үйренеді. Мұғалім баланың бойындағы талантты ашып қана қоймай, одан әрі дамытуға ықпал ету қажет. Олай болмайтын болса бала су құйылмай қалған солған гүлдей болары сөзсіз. Дарынды, талантты балалар тек ұқыпты, тәртіпті болады деген пікірді санамыздан шығарып тастауымыз керек. Тәртіп пен дарынды және талантты шатастырмауымыз керек. Дарынды балалар кез-келген ақпаратты өзінше қабылдайды, талдайды, талқылайды және қолдана біледі. Мектеп қабырғасында талантты балаларды анықтау үшін көптеген іс- шаралар,фестивальдардың да маңызы зор. Сахна мейлі үлкен, мейлі кішкентай болсын талантты адам өзін сол киелі сахнада еркін ұстай алады. Талантты түрлі рольдік ойындар, диалогтік оқыту барысында байқауға болады. Дарынды ,талантты балалар кішкентай ғана дүниеден бастап, ұлылыққа қол жеткізеді. Мұғалім оқушыға қолынан не келетінін, неге ебі бар екенін жақсылап өкшелеп алып, өмірдегі сара жолын, өзі сүйіп айналысатын істі таңдауға ықпал ету қажет деп ойлаймын. .Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады - деп дана халқымыз текке айтпаған. Ыбырай Алтынсарин « Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі » деген екен. Олай болса құрметті ұстаздар талантты шыңдаудан ешқашан жалықпайық.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: гульнараж (2017-11-26)
Просмотров: 454 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 9:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru