Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
ШҚО Семей «№30 ЖОББМ» КММ Боксенова Шынар Сагидоллаевна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау — заман талабы Жағымды ахуал «Мен басқаның көзімен» ойыны. Шеңберде тұрып мұғалімдер қасындағы мұғалімге бір жағымды мінезін айтады. Ойын осылайша шеңбер бойынша жалғаса береді. Топқа бөлу: І топ «Сәулем, сәулем» әні ІІ топ «Балалық шаққа саяхат» әні ІІІтоп «Ақжайнақ» әні Диолог: • Бағалау деген не? • · Бағалау бізде қалай жүргізіледі? • · Бағалаудың түрлері • · Бағалау не үшін қажет? «Дейін - кейін» стратегиясы. Қатысушылардың тақырып бойынша білім деңгейін формативті бағалау мақсатында, тақырып бойынша не білетінін жазуды сұрайды Қатысушылар А4 форматты қағаздың «дейін» бағанына формативті және суммативті бағалау туралы не білетінін жазады . Теориялық кезең. «Оқыту үшін бағалау» бейнежазбасын көрсету, «ОҮБ құралдары» таныстырылымы арқылы жалпы түсінік береді Қатысушылар бейнежазба, слайд бойынша өз ойларын айтады . Жеке жұмыс: «Гүл шоқтары» арқылы «Бағалау» сөзіне ассоциациялық жұмыс. (Өзін-өзі бағалау) - 5 мин. Жұппен жұмыс: «Бағалау» сөзін пайдалана отырып, өлең, ертегі, рэп, терме құрастырыңдар. (қорғау) (Бірін-бірі бағалау) -10 мин. Сергіту сәті. «Көңілді күн». Бейнежазбаны көрсетеді. Қатысушылар бейнежазбадан көріп тұрған қимылдарды салып, билейді. Топпен жұмыс : Постер дайындау және қорғау. 1. Дәстүрлі бағалаудың артықшылықтары мен кемшіліктері 2. Топтар жеке постерге өз ойларын түсіреді. 3. Постерлерін қорғайды. (Бас бармақ тәсілімен бағалау) «Дейін - кейін» стратегиясы. Коучингтің қаншалықты сәтті болғанын білу мақсатында А4 форматты қағаздың «кейін» бағанына формативті және суммативті бағалау туралы не білгендерін жазуды сұрайды. Қатысушылар А4 форматты қағаздың «кейін» бағанына формативті және суммативті бағалау туралы не білгендерін жазады. Рефлексия. Қатысушылардан «Екі жұлдыз, бір тілек» түрінде кері байланыс алады. Өткізілген сабақ бойынша ұсыныс-тілектерін стикерлерге жазу арқылы білдіреді. Сәулем, сәулем Сапар шексем алысқа Сен жанымнан қалмайсын Қиындыққа қалыспай Қиялымды жалғайсын Мол бакыттың жайында Сырласумен айта алдық Қарағаймен қайындай Қатар тұрып жайқалдық Балалық шаққа саяхат 1.Күндерім өткен ұзағын Қаншама шаттық,қанша мұң Бәрінен тәтті екен-ау Балалық шағым,бал шағым Алыста қиса- ертегі Бейкүнә таза мөлтиген Қоштасып бала өмірмен Өскіміз келді ертерек! Қайырмасы Балалық шақтың бекетін Қалдырдым өмір жолында Арман көп оған жететін Билет жоқ әттең қолымда! Қайырмасы 2.Кетті ғой көктем талай күз Жылдарды әлі санаймыз Өмір кеп аңсап бал күнді Жалтақтап артқа қараймыз! Қайырмасы Ақжайнақ Ақжайнақ деп атыңды анаң қойған ааааа Ақылын мен ажарын бірдей болған Ақжайнақ Талай сұлу өмірде болсын дағы аааааа Бір өзіңдей сәулем-ай болсын қайдан Ақжайнақ Қайырмасы: Мен келгенде Ақжайнақ шай орамал боз байлап Жүрсін бе әлде той тойлап,той тойлап,той тойлап 2 рет Еркелеттім өзінді баласынды ааааа Ұнатамын күлімдеп қарасынды Ақжайнақ Жақсылардың көңілі алтын сандық аааа Сыйластығы,әзілі жарасымды аааа | |
Просмотров: 484 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|