Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Мектеп: «Шаған кенті №24 ЖНББМ» КММ Күні: 27.11.2017ж. Мұғалімнің аты-жөні: Семезбаева Асемгуль Токтархановна СЫНЫП: 8 Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер және оның түрлері. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Оқушылар оқшау сөздер және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастырады. Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: • Оқушылар оқшау сөздер ережесін және оның түрлері туралы баяндайды. Оқушылардың басым бөлігі: • Оқушылар оқшау сөздер және оның түрлеріне күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады. Кейбір оқушылар: • Оқушылар оқшау сөздер ережесін өздігінен тқжырымдайды және оның түрлерін ажыратып сөйлемде талдаулар жасай алады. Бағалау критерийі Оқушылар оқшау сөздер ережесін және түрлерін біледі. Мысалдар келтіріп, талдаулар жасайды. Тілдік мақсаттар Оқшау сөздер, қаратпа, қыстырма, одағай сөздер Құндылықтарға баулу Адамдар арасындағы ерекшеліктерді бағалап, құрметтеуге, сыйлауға үйренеді. Алдыңғы білім Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 10 мин Психологиялық ахуал. 1.Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жүрек ұсыну арқылы жылы лебіздерін білдіре алады. Үй тапсырмасы. «Таза тақта» әдісін пайдаланып өткен тақырыпқа шолу жасалады. (Тақтаға өткен тақырып бойынша сөздер жазылады.Оқушылар кезектесіп шығып жауабын айтып, өшіріп отырады). Жұптарға бөлу. Сөзжұмбақты шешу барысында жаңа тақырыпқа сәйкес сөздер арқылы бөлінеді. (қаратпа, қыстырма, одағай) Слайд Сөзжұмбақ. Конверт. Болжау. Оқшау сөздер қандай сөздер деп ойлайсыздар? Қаратпа сөздер қандай сөздер? Қыстырма сөздер қандай сөздер? Одағай сөздер сөздер қандай сөздер? Мысалдар келтіре аласыздарма? Сабақтың ортасы 20 мин Тапсырма№1 Оқулықпен жұмыс: 1. Жұп: Оқшау сөздер. Қаратпа сөздер. 2. Оқшау сөздер. Қыстырма сөздер. 3. Оқшау сөздер. Одағай сөздер. атты «ТАНЫСТЫРЫЛЫМ» дайындау. Бұл (оқушыларға өз білімдерін өзінің пайымдаулары мен сыныптастар арасында талқылау арқылы ойластыруға мүмкіндік береді.) Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме, жоқ па? Неліктен деп ойлайсыз? Өзара бағалау: «Екі жұлдыз бір ұсыныс» Тапсырма№2 67-жаттығу. 1. Оқшау сөздердің қай түрі көбірек қолданылғанын талдаңдар? 2. Қарамен жазылған сөздердің мәнін ашыңдар? 3. Атейге мінездеме беріңдер? Флипчарт, Сергіту сәті. Видеоәуен. Сабақтың соңы Рефлексия. Кері байланыс. қосымша Бағалау. Үйге тапсырма:Ереже жаттау. 68-жаттығу. | |
Просмотров: 677 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|