Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Дара және күрделі сан есімдер»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№ 133 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Бейсебаева Гульмира Исатаевна

Сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі сан есімдер»
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: сан есім туралы түсініктерін ары қарай толықтыру, сан есімдердің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін түсіндіру, күрделі сан есімдердің жасалу ерекшеліктерін таныту;
2.Тәрбиелік: адам өміріндегі сандардың маңыздылығын жете түсіндіріп, сандарды дұрыс қолдана алуға , еңбексүйгіштікке , адамгершілікке және өз ана тілдерін ардақтауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, танымдық қызығушылығын ояту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас
Құндылығы: сүйіспеншілік
Адамгершілік қасиеттері: мейірімділік,жақсы көру,көмек көрсету
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,жеке жұмыс,шығармашылық жұмыс, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану,қазақ әдебиеті,математика
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Ең алдымен оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
2.Оқушылармен амандасу.
3.Екі топтың топ басшылары бір – бірлерімен амандасып, бір - бірлеріне
тілек тілейді.
4.Оқушыларды түгендеу.
5.Сынып тазалығына назар аудару.
6.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

IІ. Үй тапсырмасын тексеру:


Үйге сан есім туралы түсінікті оқуға берілген болатын. Анализ - синтез тәсілі арқылы сан есім туралы білімдері пысықталады.

Сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

1. Сан есім дегеніміз қандай сөз табы?
2. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Сан есім қай сөз табымен тікелей тіркесіп, қолданылады?
4. Сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
5. Сан есімдердің зат есімсіз жұмсалуын мысал келтіріңдер?

IІІ. Үй тапсырмасын қорыту:

Біз өткен сабақта сан есімді үйреніп білдік, бүгін міне өткен тақырып бойынша сендерге сұрақтар мен тапсырмалар орындату арқылы сол сабақты жетік меңгеріп,ережесі мен сұрақтарын ой түйсіктеріңе түйіп алғандарың көрініп тұр.Олай болса, жаңа сабаққа көшуге рұқсат етіңіздер!

Ал енді, сан есімдер қатысқан мақал - мәтелдерді ортаға салыңдар.

Оқушылардың жауаптары:
1. Білгенім – бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.
2. Жігітке жетпіс өнер де аз.
3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
4. Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
5. Он үште отау иесі.
6.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақтың байланысы: Оқушылар, 99, 32 айтқан оқушылар оң жаққа, 7, 1 сан есімдері бар мақалдарды айтқан оқушылар сол жаққа шығыңдар.
Миға шабуыл жасау.
Оқушылар, мен неге сендерді осылай бөлдім? Қалай ойлайсыңдар?
Әрине, дұрыс айтасыңдар. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дара және күрделі сан есімдер.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

• Тақырып сырын ашу

Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады.

Мысалы: он, екі, бес, мың – негізі сан есімдер;
ондаған, сегізінші – туынды сан есім.
Екі я одан да көр түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады.
Мысалы: екі мың он үш, 25 т. б.
Сөздердің қосарлану мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады.
Мысалы: қырық - елу, алпыс - жетпіс,

1.Оқулықпен жұмыс

• Дәптермен жұмыс:
159- жаттығу.
Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.
Үлгі: дара сан есімдер күрделі сан есімдер
жүзінші, бесінші, үшінші, мың тоғыз жүз қырық екінші
Тапсырма тексеріліп бекітіледі.

2.“Этномәдени сұрақтар” - ауызша жұмыс түрі
Сандарға байланысты халқымыздың ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7, 9)
3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
9. Жеті септікті ата(атау с,ілік с, барыс с, табыс с,жатыс с,шығыс с, көмектес с.)
10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)

3.Шығармашылық деңгей.
1.-Кәне, балалар, алда санаулы күндерден кейін қандай қызыл күн бар?
(-16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні.)
-Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға қанша жыл?
(-23 жыл.)
Ендеше, «Менің- Тәуелсіз Отаным» тақырыбында диалог құрастырыңдар.

4.Бейнесюжетпен жұмыс (интерактивті тақта)

Артық болмас білгенің….
Оқушылар, сендер елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларды қайдан біле аласыңдар? Әрине, баспасөз құралдары мен телехабарлардан. Ендеше қазір сендердің назарларыңа жаңалықтардан үзінді көрсетемін. Соны мұқият тыңдап шығыңдар. Сендердің есте сақтау қабілеттеріңді байқау үшін, мынадай жұмыс беремін. Бейнесюжетте айтылған жаңалықтан сан есімдерді өздері тіркескен зат есімдерімен бірге есте сақтап, дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Тапсырма тексеріліп, бекітіледі.

V.Білімдерін «Орнын тап» ойыны арқылы бекіту.

Ойынның шарты:

Екі топтан екі- екі оқушыдан ортаға шығып бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орны- орнына қояды.Қай топтың мүшелері бірінші бітеді соларға ұпай қосылады.
1.Жиналысқа қырық- елу адам жиналды.
2.Бір түбірден құралған сан есім.
3.Мен алтыншы сыныпта оқимын.
4.Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен жасалған сан есім.
5.Қосарлану арқылы жасалған сан есім.
6.Біздің сыныпта жиырма алты оқушы бар.
7.Қазақ тілі сабағы үшінші сабақ болады.
8.Мен бүгін бес деген баға аламын.
9.Атам мен әжемнің екі- үш сиыры бар.
10.Дефис (-) арқылы жасалатын сан есімдер.
11.Туынды сан есім, сан есімнің қай түріне жататыынн тап.
12.Негізгі сан есімді, сан есімнің қай түріне жатқызасың

VІ.Мұғалімнің тілегі:
Ақындарымыздың неше түрлі санамақтары бар.Мен де сендерге арнап тілек ретінде санап құрастырдым.Енді соны барлығымыз бірге оқиықшы:

Бір дегенім –білім алу.
Екі дегенім-елін сүю.
Үш дегенім-үлгілі болу.
Төрт дегенім-төзімді болу.
Бес дегенім- бірлікте болу.
Алты дегенім- ақылды болу.
Жеті дегенім- жетістікке жету.
Сегіз дегенім- сезіне білу.
Тоғыз дегенім-тест тапсыру.
Он дегенім- оқуға түсу.

VIІ. Сабақты аяқтау:

1.Бағалау:

Сабақ барысында беріліп отырған ұпай сандарын санап, есептеп, екі топтың шешуші балдарын шығарамын.

2.Үйге тапсырма беру:

1.Дара және күрделі сан есімдер туралы толық мәлімет жинау.
2.161- жаттығу.

Сан есімдерді қатыстырып, ,,Біздің сынып,, деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазыңдар.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (2017-11-30) | Автор: Бейсебаева Гульмира Исатаевна
Просмотров: 699 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 4:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru