Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру Мақсаты: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады. Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер. Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру. Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді: 1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек. 2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс. 3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады. Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады. Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек: 1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды; 2) Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады; 3) Оқушылардың өмірімен байланыста болады; 4) Оқушылардың қызығушылығын тудырады; 5) Оқытудың мақсатына барынша сай келеді. - Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады: 1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау. 2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. 3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар). 4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.). 5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту. 7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру. 8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. Сондай - ақ тіл дамыту сабақтарында ойланатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Уақыт» тақырыбына байланысты»Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады. - Бір жылда неше ай бар? - Қандай жыл мезгілдерін білесің?т. б. Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында қолдануға болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты – мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, күздің ерекшеліктерін табу. Оқушылар топ бойынша: 1 - топ – күз ерекшеліктерін, 2 - топ – күздегі еңбек, 3 - топ – табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс. Сонымен қатар сабақ тақырыптарына байланысты мақал - мәтел, жұмбақ - жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады. Мысалы, қазақ тілін оқыту барысында мақал - мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады: - тақырып мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу мәнін ашып өз ойымен жеткізу; - суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ, жаңылтпаш айту; - жұмбақтардың, мәтелдердің жалғасын айтқызу; - топқа бөліп мақал - мәтелдер жарысын өткізу т. б. мысалы: «Арыстан мен түлкі» ертегісінде арыстан мен түлкінің және тағы да басқа аңдардың іс - әрекеттерін талдап, соған байланысты мақал - мәтелдер айтқызу және оларды оқушыларға мән мағынасын ашып талдату. Ол оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа дамытады. Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды. Қорытынды: өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады. 1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. 2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды. 3.Оқушылардың білім сапасы көтеріледі. Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі. | |
Просмотров: 855 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|