Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

мақала
Қазақ тілін оқытуда графикалық органайзерлер арқылы дағдыларды дамыту
Графикалық органайзер – білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты білдіру үшін визуалды таңбаларды қолданатын құрал. Графикалық органайзердің басты мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету мақсатында визуалды көмек Оларды педагог қызметкерлер меңгереді, оқыту үдерісінде қолданады, бірақ оқушыларға аса көп, шектен тыс әдістерді қолдану кедергілері аз емес. Сондықтан оқушының уәжін қалай арттырамыз, мектепте Smart-оқытуды қалай жүзеге асырамыз деген сұрақтар туады. Оқыту мен оқу жеке дара екі іс-шара емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі элемиенті екенін білген маңызды. Педагог оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, олардың оқушыларды тиімді оқуға жетелеуқабілеті соғұрлым арта түспек. Ауқымды зерттеу жүргізу арқылы оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдіс-тәсіл ретінде «Графикалық органайзерлерді» қолдану тиімді.
Белсенді және аудиовизуалды тәсілдерді біріктіре отырып жоспарлау және оқыту моделі жазылым бойынша үлгерімін бағалап, жылдам жетілдіруде, сондай-ақ оқушының көзқарасын өзгертіп, уәжін арттыруда табысты болып шықты, яғни ол тілді жаттап алу қажет грамматикалық құралдар жиынтығы емес, ақпаратқа қол жеткізіп, қарым-қатынас жасау әдісі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Оқытуда ең маңыздысы: оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыру. Сонда ғана білім маңыздылығы арта түседі. Сондықтан да жаңартылған оқу бағдарламасындағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақ жүргізу – оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына көмектеседі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылыры қайталанып тексеріліп отыратын шиыршық, яғни даму қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген [1]. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Әр мұғалім жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Графикалық органайзердің басты мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету мақсатында визуалды көмек. Графикалық органайзерлермен танысу. Қос диаграмма, дара диаграмма, балық қаңқасы, венн диаграммасы, тапсырмаларға байланысты графикалық кестелер; мысалы; сәйкемтендіру, ой қозғау, топтастрыру, әуе шары тб. Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін ( айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым ) меңгерте білу.
Айтылым дағдысында – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады.
Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады: түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау,негізгі аргументті анықтап,дәлелдеу;
Жазылым әдісі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: тақырыпты аша білуі, грамматикалық сауаттылығы, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеуі, қорытынды шешім шығарып,өз көзқарасын дәлелдеуі;
Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады;
Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті болып табылады.Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым,жазылым,оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады. Ал тыңдалым дағдысы дегеніміз не? «Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым». Ал «Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға» кітабында тыңдалымға келесі анықтама берілген: «Тыңдалым кезінде тілді меңгерген тыңдаушы бір не бірнеше адам айтқан ауызша ақпаратты қабылдап өңдейді».
1.Тыңдалымның мақсаты оқушыны: аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардың көмегінсіз түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадиобағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету.
2.Тыңдалымға арналған белсенді жұмыс түрлері: оқушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп септігін тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті.
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға арналған белсенді жұмыс түрлері:
«Айқайлап диктант оқу»: сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Бірінші топ оқушыларды мәтінді айқайлап оқиды. Екінші топ оқушылары бір ғана оқушыны тыңдап,диктант жазуға тырысады. Осы арқылы оқушылар ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге бейімделеді. Оқушылар аудиоматериалды екі рет мұқият тыңдайды (ол сюжетті мәтін,өлең,публицистикалық ақпарат болуы мүмкін).Тыңдалымнан өздеріне таныс емес сөздерді жазып алады,сөздік арқылы аударады. Аудионы тағы екі рет тыңдап, жазбаның мазмұнын толық түсінуге тырысады. Сыныппен ой бөліседі. Осы әдісті жүйелі қолдану – оқушылардың тыңдау арқылы түсіну дағдысын қалыптастырады.
Суреттеу: оқушылар аудиожазбаны (сөздік диктант) тыңдай отырып, мағынасына қарай сөзді суретпен бейнелейді. Осы арқылы оқушылардың зат пен атауды байланыстыра алу қабілеті қалыптасады.
«Синонимдерді тап»: оқушыларға сөздер ұсынылады.Олар тыңдалған мәтіннен осы сөздердің синонимдерін тауып, жауап парағына белгілеуі керек. Осы арқылы оқушылардың тыңдау әрекеті мен сөздік қоры дамиды.
3. Тыңдалымға арналған аудиожазбалар мәтіндері. Бұған әр сыныптың, әр оқушының жас ерекшелігіне байланысты мәтіндер алуға болады.
Аталған дағдылардлы қалыптастыруда келесі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады: оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру, барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, өз ойын жеткізуге, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану, мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу, сабақ процесінде оқушының белсенді іс-әрекеті белсенді ойлауға, белсенді оқытуға бағытталады. Оқушы өз көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді. Жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор, ұжымдық оқыту технологиясының мақсаты – оқушының қабілетін дамыту, еңбекке баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару. Сабақты өткізуде мұғалім келесілерді ескеруі қажет: сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болуы тиіс, тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) дамыту, белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс, оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.

Айтылым әрекетінің жүзеге асуы үшін маңызды шарт бұл – тіл мен сөздік қордың болуы, байланыстырып сөйлеу мәнері.[1] Айтылым әрекеті кезінде жазуда қарастырылмайтын интонация, дикция, сөйлеу мәнері секілді тілдік амалдар ескеріледі. Сөйлесім әрекетінің бұл түрі көп жағдайда ым-ишара, бейвербалды амалдармен толықтырылады. Айтылымда сөйлем құрылысы, өрістетіп айтылу жақтарына қатаң талап қойылмайды. Яғни инверсия – айтылымға тән құбылыс. Айтылым 2 түрлі формада жүзеге асады: монолог және диалог. Монолог – (гр. monos – дара, logos - сөйлеу) – сөйлеушінің өз ойын ауызша жеткізетін сөйлеу әрекеті [9]. Монологты келесідей түрлерге бөлуге болады:
- Мазмұндау;
- Баяндама жасау;
- Дайындықсыз сөйлеу;
- Сурет бойынша сөйлеу;
- Өз ойын, пікірін жеткізу, баға беру.
Мазмұндау кезінде оқушы оқыған мәтіннің тіл, стиль ерекшеліктерін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, басты ақпаратты ауызша жеткізеді. Мазмұндауда мәтіннің негізгі детальдарын (кейіпкерлері, орны, уақыты, т.б.) білу шарт. Мазмұндауға келесі мәтіндерді ұсынуға болады.
Баяндама – нақты мәселе бойынша жиналыста жасалатын хабарлама. Жан-жақты ақпаратқа және ғылыми талдауларға, тәжірибе қорытындыларына негізделеді [9].
Алдын-ала дайындықсыз сөйлеу, яғни импровизация - сөзді жанды ете түсіп, тыңдаушының назарын өзіне қарата алатын, сөйтіп, тыңдаушы мен сөйлеуші арасындағы байланысты нығайта түсетін, сонымен қатар сөйлеушіден бірқатар талаптарды қажет ететін сөйлеу әрекетінің әрі күрделі, әрі қызықты түрі. Алдын-ала дайындықсыз сөйлеу оқушыдан сөздік қорының байлығын, шешендіктің, топ алдында сөйлеу мәдениетін және сөйлейтін тақырыбы туралы білімінің болуын қажет етеді. Сөйлеудің бұл түрі сол жерде қиыстырып, ойдан құрап, сөздік қорын байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Импровизациялық сөйлеуге төмендегідей тақырыптарды ұсынуға болады:
Баланың байланыстырып сөйлеуін дамытуда сюжеттік суреттердің маңызы зор. Суреттер бойынша сөйлеу оқушының ой-қиялын логикалық дұрыс жүйелеп, шығармашылықпен жеткізуге мүмкіндік береді. Суреттер бойынша сөйлетуде оқушыларға суретті сипаттау.
Айтылым әрекетінің келесі түрі – диалог. Диалог – екі немесе одан көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір бөлісіп, ақпаратпен алмасуы [9]. Тілдесімнің диалог болуының басты шарты – диалогтық бірлік, яғни сөйленетін сөздің мағыналық және тақырыптық жақтан байланысты болуы. Диалогта айтылатын пікірлер бір-бірімен байланысты, басқаша айтқанда, келесі сөз алдынғы сөздің мазмұнына байланысты болады. Диалог құрастыру үшін оқушыларға төмендегідей жағдаяттарды ұсынуға болады.
Тілдік дағдылар (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Бұл тақырып өзекті болып табылады, өйткені қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы қазақ тілінде берілген кез- келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Тілдік дағдыларды меңгеру арқылы жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді. Білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыруда тілдік дағдылардың орны бөлек. Ал, тілдік дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқытудың маңызы ерекше. «Пирамидалық талқылау» белсенді оқытуы топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда өте тиімді. Мұнда топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, топта талқылап ортақ пікірге келеді. Әр топ мүшесі таратылған қағазға тапсырмаға байланысты өз пікірлерін жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. Мұнда оқушылардың белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау, зерттеушілік (анализ, синтез).
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі.
Жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға анық түсіндіру.
Жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету.
Жаңа сөздерді қолданыста меңгеру,яғни жаңа сөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру.
Жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгерту.
Жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға түсіндіруде оқушыға бұрын таныс синоним сөздерді пайдалану,заттардың өзін көрсету алғашқы кезенде көбірек орын алады,бірақ мүмкіндігіне қарай ол кейін де қолдана береді.
Мұғалім әр мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен шектелмей,оларды естеріне тұрақтандыруға арналған жаттығулар жүргізу қажет.Онда мына сияқты жұмыстар орындалады : сол сөздерді қатыстырып,бір-біріне сұрақ қойғызу,оған жауап бергізу,/ол сұрақ-жауаптарын жазғызу/,сол сөздерді дұрыс оқуға көңіл бөлу,сурет бойынша сөйлем құрату.
Сабақ сайын үйретілген сөз сол сабақпен тынбай ,кейінгі сабақтардағы жұмыстарда да қайталанып отырғанда ғана оқушылардың сөздік қорын тұрақтандыруға болады.Оқушылардың сөздік дәптері болуын мұғалім бірінші күннен бастап қадағалап отыруы керек.Осы сөздіктен мазмұндама ,шығарма және басқа да жазбаша жұмыстар жүгізгенде сөздерді пайдалануға да болады.
Міне,сондықтан да орыс тілді оқушының қазақша ойын жеткізуде, яғни тілін дамытуда сөздікпен жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір – бірімен достық қарым – қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.
«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» - деп түсіндіреді тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев.
Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айкын болуы керек.
Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір – бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай газет, журналдардан мәтіндерді, өлеңдерді, жұмбақтарды оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдалану және соған лайықтап беру керек.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: znanar0902 (2018-01-05) | Автор: Аймаханова Жанар E
Просмотров: 1475 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru