Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
4 «А» сынып Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің сүйікті істері Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға отбасы мүшелерінің сүйікті істері жайында әңгімелей алуға үйрету. Сауатты жазуға, қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру. 2.Дамытушылық: Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, топпен жұмыс істеуге, есте сақтау қабілеттерін дамытуға, сауатты жазуға дағдыландыру. 3. Тәрбиелік:Оқушылардың бойына мәдениеттілік, әдептілік, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық оқыту, салыстыру, қайталау, түсіндірме, аударма, пысықтау. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, видеоролик, үлестірме парақшалар.бағалау парақшалары,постер,фишбоун әдісі . Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың кезеңдері : 1. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару Психиологиялық ахуал: Отбасына байланысты суреттер арқылы сыныпты 2 топқа бөлу. Бағалау парақтарын тарату. Оқушылар үй тапырмасын айтады, жаттаған болса бағалау парақтарында белгілейді. 2.Үй тапсырмасын тексеру: өздері қосымша материалдан отбасы туралы тапқан мақал-мәтелдерді жатқа айту. ІІ. Негізгі кезең 2. Жаңа тақырып: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Отбасы мүшелерінің сүйікті істері. Сабаққа мақсат қою: жаңа сөздермен танысу, қазақ тілінде сөз тіркесін, сөйлем құрай білу, отбасы мүшелерінің сүйікті істері жайында әңгімелей алу. Септік жалғауларын ажырата білу, сөздерге дұрыс жалғау. Жаңа сөздер: сүйікті іс-любимое дело жақсы көреді-любит ата-анам-родители отбасы-семья тату – дружно көмектесеміз-помагаем 1.сөздерден сөзтіркесін,сөйлемдер құрастыру. 3. Екі топқа бірдей мәтін тарату. Мәтінді түсініп оқу, аудару,мазмұнын айту. Менің атым – Асқар. Бұл – біздің отбасымыз. Отбасымызда төрт адам бар. Олар: ата-анам, інім және мен. Әкемнің сүйікті ісі – футбол ойнау. Әкем футбол ойнауды жақсы көреді. Анамның сүйікті ісі – тамақ пісіру. Анам тамақ пісіруді жақсы көреді. Інімнің сүйікті ісі – сурет салу. Інім сурет салуды жақсы көреді. Менің сүйікті ісім – музыка тыңдау. Мен музыка тыңдауды жақсы көремін. 4. Мәтін бойынша жұмыс. І топ: мәтінге ат қою. ІІ топ: мәтіннен зат есімді табу. І топ:Отбасы сөзін септеу. ІІ топ: Әке сөзін септеу ІІІ. Сергіту сәті. «қызыл өрік» 5. «Ыстық орындық»әдісі. Оқушылар өздерінің отбасы мүшелерінің сүйікті істері туралы айтады. «Бақытты отбасы»видеоролик көрсету. Видеороликті көргеннен кейін постер жасау. ІV. Бекіту кезеңі Сөйлесім, тілдесім әрекеті. 1. Суретпен жұмыс. Балалар, сендерге балық сүйегінің сызбасы берілген. Осы сызбаның жоғарғы жағына отбасы мүшелерінің суреттерін тауып орналастырамыз. Ал төменгі жағына отбасы мүшелерінің сүйікті істеріне байланысты суреттерді орналастырыңдар. Сосын тақта алдына шығып қорғаймыз. Y.«Жоғалған әріптер» б а ғ а л а ж і н і т ә ж е б а ш е ш е с і ң л І ә п к е т V.Қорытынды. Балалар бүгін қандай тақырыппен таныстық? Не білдік? Неге үйрендік? VІ. Үйге тапсырма : сөздерді жаттау, VІІ. Бағалау Бағалау парақтарындағы ұпай сандарын санап, ортақ баға шығару. Топ басшылары түсіндіріп айтады. | |
Просмотров: 637 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|