Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл - менің тілім!» Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Сабақтың барысы: 1-жүргізуші: Саламатыздар ма? Құрметті ұстаздар, қонақтар, даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 2-жүргізуші: Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады. Қазақ тілің-Атаң, Анаң. Қуат алар Отан да одан. Дүниеде ешбір асыл Тең келмейді қатар оған. Ана тілім, дана тілім бақытым Қазақ тілін білу менің парызым. Тілім менің ұмытылмас тірлігім, Кім біледі тіліміздің тағдырын. Қазақ тілім бас иемін мен саған Тілге деген болу керек кең талғам. Мемлекеттік тілімізді сыйласақ, Қазақ тілі біздер үшін жаралған. Тілім барда мақтанам,Тілім менің аппақ ән.Бірлігім бүгінгі. Ана тілін сақтаған.(С.Құрманқожаев) 1-жүргізуші : Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік. Мақал-мәтелдер сайысы: 1 топ. 1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ). 10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 11.Ана тілім-қанатым.12.Ана тілім –дана тіл. 2-топ . 1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 5. Тіл қылыштан ... (өткір). 6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді). 8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 9. Тілден артық ... (қазына жоқ). 10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес). 11.Тіл-достық көпірі.12.Өнер алды –қызыл тіл. 2-жүргізуші : Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік. Викториналық сұрақтар: 1-топқа: 1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 3. Шоқанның әжесі? (Айғаным). 4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат). 6. Үстеудің неше түрі бар? (7). 7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 8. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 9. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек). 10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 2-топқа: 1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 2. Абайдың туған жылы? (1845). 3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.). 7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай). 9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»). 10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.). Ән. 9 «г» сынып оқушыларының орындауында Абайдың әні: «Желсіз түнде жарық ай». -Ойын «Кім көп және тез».Кестеден сөздерді табу. -Анаграммаларды шешу:ШЕКТӨУТКА,ТАНАСА,АРТЗА, МАЛАТЫ,КЫМТЕНШ,ЕМСЕЙ.(Қазақстан қалалары) -Жұмбақтарды шешу:1) Дөп-дөңгелек доптай ,Іші қызыл шоқтай,Дәмін татып көрсең,Одан дәмді жоқтай.(қарбыз). 2)Қалқиып ұзын құлағы ,Елеңдеп қорқып тұрады.(қоян) 3)Жазу жазып жалықпаған,Жаза-жаза арықтаған.(бор) 4)Білімнің дәнін тереді,Балаға тәлім береді.(кітап) 5)Жер бетінде шашы бар,Жер астында басы бар.(сәбіз).Сидит в темнице,а коса на улице. 6)Қар сияқты аппақ,Өзі сондай тәтті-ақ.(қант) -Ойын «Ұйқасын тап»: Все-бәрі,лекарство-дәрі.Ювелир-зергер,врач-дәрігер.Жди-күт,молоко-сүт.Народ-халық,рыба-балық.Лицо-бет,мясо-ет.Берег-жаға,оценка-баға.Кровь-қан,хлеб-нан.Богач-бай,масло-май.Одуванчик-бақбақ,стишок-тақпақ.Лилия-лала,мальчик-бала.Можжевельник-арша,елка-шырша.Праздник-той,овца-қой.Достаток-береке,праздник-мереке.Шаг-қадам,Человек-адам.Смех-күлкі,лиса-түлкі.Знай-біл,язык-тіл.Ветер-жел,приходи-кел.Серый-сұр,встань-тұр.Доклад-баяндама,остановка-аялдама.Узкий-тар,снег-қар.Пища-тамақ,расческа-тарақ. Ойын «Өлеңді аяқта»:Гүлдер жаусын,июль-(маусым).Шомыл көлде,июль-(шілде).Август-тамыз,піседі-(қарбыз).Көкөніс жүрміз тиеп,сентябрь-(қыркүйек).Дала тозаң-октябрь(қазан).Ақ,қара алаша-ноябрь-(қараша). «Буын ұйқас»: «Ай,ай,ай- ұшып кетті (торғай)». «Ян,ян,ян-қалқан құлақ-(қоян)». «Кі,кі,кі-қу (түлкі)». «Ю,ю,ю-аңқау (аю)». 1-жүргізуші : Осымен орыс сыныптары оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс-шарасы аяқталды. 2-жүргізуші : Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет! Чистопол орта мектебi «Мемлекеттік тіл - менің тілім!» Дайындаған: Алтаева Б.С . 2014 жыл | |
Просмотров: 619 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|