Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Заманауи оқыту жағдайында жеке тұлғаны әлеуметтену мақсатына байланысты педагогтің үздіксіз кәсібилілігін дамыту: мәселелері және оны шешу жолдары
Бір үлкен ғұлама : «Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара», - деген екен. Ендеше, ертеңгі ел тірегі - жас ұрпақ, біздің шәкірттеріміз болашағымыздың жарқын болуына бірден бір себепкер.
Елбасының «Еліміздің болашағы жастардың қолында», - деген сөзі де келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді арттыра түспек. Шәкірттерімізге заман көшіне ілесіп, ұлттық ерекшелігімізбен танылуда, осыған орай тәлім-тәрбие беруді одан ары жетілдіре түсуге міндеттейді. Байрақты елдің бүгінгі болашағы тілін, салт-дәстүрін жоғалтпай, ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, дамудың даңғыл жолында сеніммен батыл қадамдар жасауы тиіс.
Бұл сөздерде іске деген зор қуат және біз, жаңа заманғы педагогтарға арналған бағдарлама бар. Жалпыға бірдей білім беру мектебін жетілдіру білім бағдарын оқушылардың белгілі бір білім қорын меңгеруін ғана емес, оның тұлғасын, танымдық және жаратушылық қабілеттерін дамытуды болжайды.
Білімнің жаңа мазмұнына өтуде оқу процесі келесі көзқарастарды болжайды. Тұлғаға бағдарланған көзқарас – өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне арқа сүйеу, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру процестерін, оның дербестігінің дамуын қолдау. Тәрбиедегі іс-әрекеттік көзқарас –тікелей және жанама түрде тұлға құрылымына өзгеріс жасауды жүзеге асыратын тұлғаның өз әрекетімен бірлігі. Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың ортақ принциптерінің жиынтығы, оқушылардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін құзыреттіліктердің қалыптасуы. Кешенді көзқарас – тәрбие процесінің басты, маңызды жақтарын көрсететін тәрбиенің бірлігі мен тұтастығы. Әлеуметтік көзқарас – әлеуметтік шынайылықтың тұлға мақсаты мен міндеттеріне бүкіл өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.
Берілген мән-мәтінде көзқарас – мұғалімнің немесе жалпы білім беретін мекеме жетекшісінің өз іс-әрекетін жүзеге асырудағы педагогикалық қызметтің өзара байланысты түсініктері, идеялары мен тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдалануға ниеттендіретін бағдары екенін атау қажет.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, білім мазмұнын жаңарту жағдайларында тәрбие берудің мақсаты – білім алушылардың жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру болғандықтан, бүгін тәрбие процесі тұлғаның идеологиялық қалыптасуына негізделеді және индивидтің қазіргі қоғамда әлеуметтік іске асырылу жолын анықтайды.
Қазіргі заманғы жағдайда ой-өрісі дамыған шығармашылық тұлға қажет. Міне, сондықтан әрбір сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуын қажетті деп есептейміз.
Шығармашылық – баланың дамуындағы ең қуатты күш. Кемеңгерлік мүмкіндік әр адамда бар, әрқайсысында жеке ерекшелік бар. Солай болды тиіс. Бірақ балалар жас кезінен өздеріне сенбейтіні жиі кездеседі, сондықтан мұғалімнің басты міндеті: баланың шығармашылық күшін ашу, босату.
Мектепте баланың өмірі қызықты, қуанышты, толығымен шығармашылық еңбекте өтуі үшін бар күшін салуға міндетті. Сабақта бірін-бірі түсінушілік пен бірігіп іс-әрекет ету қажет.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін білім беру ұйымдары келесі маңызды міндеттерді шешуі тиіс:
• азаматтықты, патриотизмді және ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру, дербес өмірге және еңбекке дайындау;
• адамгершілік, эстетикалық және экологиялық мәдениет қалыптастыру;
• саламатты өмір салты құндылықтарын және дағыларын игеру;
• отбасылық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
• тұлғаның әлеуметтенуі, өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі іске асыруы үшін жағдай жасау, деп білеміз.
Бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытудың заманауи талаптары өзгерістерді алдымен әркімнің өзінен бастауды, өмірге деген көзқарасымызды өзгертуді талап етеді. Бізге қойылып отырған бұл талаптар сонымен бірге біздің кәсіби өсуімізге жасалып отырған жағдайлар да 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
12 жылдық білім беру курстарында мұғалімнің қазіргі таңда инновациялық қызметті меңгеруіне қатысты зерттеушілік, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметін ұйымдастыруға бағыт – бағдар беріліп, интерактивті тақтада және компьютерде электронды оқулықтарды пайдалану әдістемесі туралы және 12 жылдық білім берудің құрылымы мен мақсаттары, міндеттері мектептерге арналған оқулықтардың құрылымдық ерекшеліктері талданып дәрістер өткізіледі.
Жаңа заман талаптарына ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа ақпараттық сауаттылық қажет, сондықтан білім беру үшін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану аясын кеңейту мұғалімдерден үлкен кәсіби даярлықты және үнемі әдістемелік ізденістерді талап етеді. Қазіргі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін, болашаққа қарай талпынып, сеніммен нық қадам жасай отырып, өзгерістерді алдын – ала сезіп, байқап, өз бетінше тұрақты білім алуға, қазіргі заман талаптарына сай шығып жатқан жаңа технология түрлері арқылы білім беру салаларына қадам жасау керек.
Білім беру жүйесі қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің және оның бәсекеге қабілеттілігінің бірі өз білімдерін республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарында растайтын дарынды балаларды оқыту нәтижелері болып табылады.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты – ол біздің тәуелсіздігіміз. Оның ірге тасының мықты болып қалануы ұрпаққа берілетін білім мен тәлімді тәрбиеде. Ал ол ұстазға жүктелетін ауыр міндет.
Бүгінде мұғалімнің белгілі-бір құрылымдарға деген жеке қатынасын көрсететін педагогикалық ұстанымдарының анықталуы әдістемелік қызметтің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты — мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып бәсекеге қаблетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарлаған білім беру жүйесін ұсыну-қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, «құзырлық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы-соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесіне ендіріліп отырған ұғым. Құзырлықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны білдіреді.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қаумының өзін-өзі өзгерте алу қаблеттілігі деп түсінуге болады.
Білім мен шеберлігі артып тұрған маман әрқашан да сұранысқа ие болатыны айтпаса да түсінікті. Көпшіліктің жоғары білім мен жоғары біліктілік ұғымдарын ажырата білмейтіні өкінішті. Жоғары білім алып шыққан азаматтардың барлығы жоғары білікті дей алмаймыз. Білім мен білікті болашақ мамандардың мәртебесін көтерсе, оған қол жеткізу тек оқу-әдістемелік бірлестіктердің жаңа технологиялары арқылы жүреді.
Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы іздеушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі ісі, қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдану қажет етеді.
Сонымен білім беру жүйесінің жаңаруын әдістемелік қамтамасыз ету, құзыретті тұлғаны қалыптасыту әдістемелік қызметке тән өзіндік ерекшеліктерді анықтап берді. Бұл білім беру ұйымдары педаготері мен басшылардың кәсіби құзырлылығын және білім беру ұйымдарындағы жаңашылдық үрдістердің тиімділігін арттыру мен дамытуға бағытталған іс – әрекет.
Осыдан келіп, ең алдымен, әдістемелік қызметтің бірнеше жылға арналған жұмыс тақырыбы туындайды. Тақырып таңдауда білім беру жүйесіндегі құрылымдар жағдайында педагогтердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру негіз болады.
Белгіленген тақырыпқа байланысты мақсат, міндеттер қойылады. Мақсат қоюда ескерілетін жағдай: білім беру үрдісіне қатысушылардың басты құзыреттілігін қалыптастыру арқылы білім беру сапасын арттыруды міндетті түрде ескеру.
Бүгінгі таңдағы әдістемелік қызметтің басты міндеттері:
• Білім беру және әдістемелік жүйенің даму стратегиясын белгілеу;
• Шығармашыл тұлға ретінде педагогті дамытатын ғылыми негізделген, икемді, тарамдалған үздіксіз біліктілікті арттыру, соның ішінде әдістемелік қызметтің жүйесін жасау;
• Білім беруді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуын әдістемелік қамтамсыз ету;
• Білім берудің өзекті мәселелері және оны жүзеге асырудың әдістемесі бойынша педагогтер мен басшы кадрларға ғылыми – әдістемелік көмек;
• Инновациялық қызметтің дамуына түрткі болу.
Оқушылардың құзыреттілігін дамыту міндеті болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселесін қойып отыр. Кәсіби құзыреттілік ұғымын теорияда түсіндірудің екі бағыты бар: адамның стандартқа сәйкес әрекет ету қабілеті; жеке тұлғаның жұмыста нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін сапалары:
• жеткілікті біліктілік, қабілет;
• жеткілікті дене және ақыл – ой сапалары;
• білікті болу қабілеті;
• стандартқа сәйкес бір нәрсені тәжірибе жолымен немесе оқыту нәтижесінде алған біліктілігімен жасауы;
• тәжірибесі;
• үздіксіз өз бетімен білім алу;
• іске деген шығармашылық және жауапкершілік қатынасы;
• теориялық білімдерді игеріп қана қоймай, оны нақты мәселелер мен проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алу.
Қазіргі практикада «Кәсіби құзыреттілік» термині маманның белгілі бір стандартқа, лауазым талабына сай міндеттерді орындай білуі деп есептеледі.
Көпшілік зерттеушілер кәсіби құзіреттілікке білімдер, іскерліктер және дағдылармен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс- әрекет тәжірбиесін кірістіреді.
Алға қойған мақсаты - оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оқушының алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу. Сол үшін әрбір мұғалім үнемі ізденісте болуы тиіс.
Білім берудегі қазіргі өзгерістерге сай әрбір педагог өзінің білімін үнемі шыңдап, көтеріп отыру керек. Яғни, Абай Құнанбаев атамыз айтқандай адам өмір бойы оқу керек.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Б.Айтмамбетова «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері» - Алматы 1991ж.
2. Ильясова Р.К. «Болашақ мамандықтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері» - 2016
3. Құрманалина Ш.Х.және т.б. Педагогика. Астана-2007. 274-307 бет
4. Құрманалина Ш.Х. Оценка качества профессиональной компотентности учителя. Алматы-2006.
5. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - 2011ж.
6. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя // Педагогика. – 2001. – №10. – С. 56-61.
7. Ш.Беркімбаева, А.Құсайынов, А.Рысбаева, М.Бұлақбаева. Жоғары мектеп педагогикасы – 2009 ж.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: zhk85 (2018-01-25) | Автор: Кажымуратов Жаксылык Сандыбаевич E
Просмотров: 530 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru