Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тиімді жоспарлау – табысты оқытудың кепілі
Муратбек Балтинович Сулейменов,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,
тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының
аға оқытушысы

Тиімді жоспарлау – табысты оқытудың кепілі

Бүгінгі таңда орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламалары, оқу жоспары, критериалды бағалау, оқыту әдістерін үйлесімді қолдануда мұғалімнің оқу мен оқытуды тиімді жоспарлау қажет.
Мектептегі әрбір оқушыны жеке тұлға етіп оқытып, тәрбиелеу үшін білімі мен білегіне сай келетін оқыту мазмұнын таңдай отырып, олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек. Мұғалімнің негізгі мақсаты - өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеру, ақыл – ой қабілетін жетілдіру.
Сыныпта «білім алуды үйрету» білім ортасын құруда оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын негізгі факторларды ескеру қажет: балалардың білім алу үдерісін түсіну; нені оқу керектігін түсінуі; білім алу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғымның қалыптасуы; сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі. Мұғалім әрбір сабақты жоспарлағанда оқыту мақсаттарды дұрыс құру керек деп ойлаймыз. Сабақта мұғалім өз мүддесін, мақсатын ғана белгілемей, оқушының оқудағы мақсатын ескерген жөн. Егер сыныптағы мұғалімнің оқытудағы мақсаты мен оқушының оқудағы мақсаты бір нүктеге түйіспейтін болса, онда оқуда табысқа жету мүмкін емес.
Мұғалімнің тиімді жоспарлауда оқу мақсатын басты назарға алуы қажет. Оқу мақсаты – қалаған оқу нәтижесі. Ал күтілетін нәтижелер оқу мақсатына сәйкес келеді және мақсатқа жетудің маңызды «қадамдары» болып табылады.Оқу мақсаттарын екі бағытта нақтылауды талап етеді: оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау. Әр оқушының дамуын қадағалау.
Оқу мен оқытуда басты назарды «үрдіске», яғни үйрену үдерісінің өзіне, оқушының «қалай» және «қандай әдіс – тәсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат - оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруіне, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарда оқушылар сабақ барысында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу жүйесін құрады, пікірталас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ұсынады. Бұл оқушы әрекеттері білім беру стандартында көрсетілген білім алушылардан күтілетін нәтижелерімен байланыстылықты аңғаруға болады.
Алайда, сабақты түрлі формалармен және әдістермен тым толтырып жіберу оқыту мақсатына жеткізуге әкеле бермейді. Сабақта қолданылатын барлық тәсілдердің өзіндік мақсаттылығы болуы керек. Сабақтың әрбір кезеңінде өзінің нақты оқыту мақсаты болады. Осы орайда жаңартылған білім беру бағдарламасында келесі үш жоспар ұсынылған: ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді.
Ұзақ мерзімді жоспарда пән аясындағы оқу бөлімдері, оқу мақсаттары жүйесінде белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн мен дағдылар сипатталған. Орта мерзімді жоспарда мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, яғни тақырып немесе оқу мазмұны арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық қамтуға мүмкіндік береді. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес келетін, сабақ кезінде қолдануға ұсынылатын бірқатар жаттығулар, қалыптастырушы бағалаулар қарастырылады. Қысқа мерзімді жоспарда бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсатына және оқу мақсаттарының оқушылардың білімділік деңгейіне байланысты сараланады.
Бұдан кейін мұғалім сабақтың негізгі мақсатына жетуде бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе құрастырады. Бағалау критерийі – мұғалімдер мен оқушылардың оқу мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін өлшем. Барлық пәндер бойынша критерийлер арқылы бағалау бойынша іріктелінген оқу мақсаттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ол үшін бағалау келесі қағидаларға сүйенеді:
– бағаланатын оқу мақсаттарынан;
– бағалау бойынша ұсыныстар: қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмаларды жоспарлау;
– бағалау критерийлері: оқушының оқу мақсаты жетуге анықтайтын қадамдардан тұрады.
Келесі де оқу мен оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайындау керек: бірлескен жұмыс, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту, бастамашылдық, кері байланыс жасау, проблема шешу, шешім қабылдау.
Оқу мен оқытуды жоспарлауда оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларға баса көңіл аудару шарт. Оқу мақсаттары мен табыс критерийлеріне сәйкес тапсырмаларды құрастыруда оқушылардың қабілеттері ескеріледі.
Тиімді жоспарлауда мұғалімге ескеруі қажет, ол оқушыларға ұсынылатын білімге қолжетімілігіне қамтамасыз ететін қажетті ресурстар және олардың көздері. Мұғалім келесідегідей өзінің сабағына, оқу мен оқыту үдерісіне ресурстарды қолдана алады: аудио және бейне ресурстар, кестелер, перфокарталар, стратегиялар, кеңсе тауарлары, ақпараттық-коммуникациялық құралдар, таратпа материалдар т.б..
Білім беруде мұғалім оқыту мен оқудағы кедергілерді анықтап, оны азайтуға, болдырмауға жағдайларды қарастыру қажет. Мұғалімге арналған тәуекелдер: жоспарлау, оқыту, бағалау және баға. Ал оқушы үшін оқудағы кедергілер: көңіл-күйі, аффективтілігі, когнитивтілігі, әлеуметтік қарым-қатынас. Осы аталғандарды оқытуды жоспарлауда, оқытуда, рефлексия кезінде жан-жақты ойластырады. Мұғалім өзінің әрбір сабағынан кейін талдау арқылы келесі оқыту іс-әрекетінің міндеттерін белгілейді. Бұл жерде мұғалім рефлексиялаушы, ойлаушы қызметін атқаруы тиіс. Өзіне рефлексия жасау, іс-әрекеттен кейінгі ойлауы келесі сабақты тиімді жоспарлауға көмектеседі.
Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!». Сондықтан да оқыту үрдісінің тиімділігі мен нәтижелілігі алдымен мұғалімнің жоспарлау кезіндегі оқыту іс-әрекетін жан-жақты талдауы, оқыту көзқарасын және шешімімен анықталады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сакен0683 (2018-03-18) | Автор: Муратбек Балтинович Сулейменов E
Просмотров: 2253 | Комментарии: 1 | Теги: ЖОСПАРЛАУ, ТИІМДІ, КЕПІЛІ, табысты, оқытудың | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 1:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru