Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас
Дюсенбаева Раушан Болатовна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,
инновациялық дамуды әдістемелік
қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы
Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, дамудың жаңа дәуірінде ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігі туындап отыр.
2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жариялаған Жолдауындағы ұсынған 10 міндетінің жетіншісі «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталып, білім берудің жаңа сапасына қалай жетуді нақтылап берген. Онда Елбасы: «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» – деп, білім бәсекелестігін арттыру жолындағы өзгерістер мен жаңартылған мазмұны туралы нақты қадамдарды көрсеткен болатын.
Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Оқушылар табысты оқу үшін мұғалімдер білім беру бағдарламасы, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесін өзара үйлестіруді іске асыру маңызды.
Мұнда жаңа оқу бағдарламалары құзыреттілік тәсілге негізделеді. Тұлғаны табысты әлеуметтендіру үшін қажетті функционалдық сауаттылық негізінде құрылған құзыреттіліктерді қалыптастырады. Әлемдік педагогикадағы танымал Б. Блумның оқу мақсаттары Таксономиясы бойынша қазіргі стандарт оқушылардың 6 деңгейдің 2 деңгейін, яғни «білу», «түсіну» деңгейлерін ғана меңгеруіне мүмкіндігі бар. Жаңа бағдарлама қалған 4 деңгейді «қолдану», «талдау, «жинақтау, «бағалау» деңгейлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы орайда анық, қолжетімді оқу мақсатының болуы. Мұғалімдер қауымы тікелей тәжірибе алаңының өкілдері болғандықтан, олар оқу үдерісімен күнде бетпе-бет келеді. Күнделікті сабақ жоспарларын дайындауда тіл үйретудегі оқу мақсатын оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік компонентіне негіздей отырып, әр мұғалім өз еріктерімен таңдайды. Ал жаңартылған оқу бағдарламасында көрсетілген пәндік оқу мақсаты мен күнделікті сабаққа қойылатын мақсаттар бір мазмұнда, жүйеленген, дайын мақсаттар.
Жаңартылған білім беру мазмұны білім салалары бойынша анықталған күтілетін нәтижеге негізделеді. Күтілетін нәтижелер оқушы жұмысы мен оның жетістігін бағалауға мүмкіндік береді, әр оқушының жеке даму траекториясының дамуын нақтылауға жағдай туғызады. Сонымен қатар білім, білік дағдыларының дамытуға уәжін арттырады. Оқу үдерісінің сапасын жақсартады. Сол себепті, оқыту нәтижесін мониторингілеудің жаңа формасы енгізіледі, яғни критериалды бағалау жүйесі. Оқыту мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану– бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Ең маңыздысы – оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстырылады.
Жаңартылған бағдарламаларда барлық білім беру деңгейлері «Мәңгілік Ел» идеясына негізделген. Мектептегі білім беру мазмұны академиялық пәндер, зерттеу және сыныптан тыс әрекет, қосымша білім беру, элективтік курстар негізінде жүргізіледі. Идеяның мазмұны – оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыдан, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, толеранттылық пен ұлтаралық, мәдениетаралық жағдайда қарым-қатынас жасай алуға үйрету болып табылады.
Осы орайда, ғалым-жиһанкез Шоқан Уалихановтың «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген екен. Олай болса, тәуелсіз еліміздің жаңғыру дәуірінде бүгінгі ұрпақтың өмір сүруі үшін қажетті білім дағдыларымен және қасиеттермен қаруландыру- мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сакен0683 (2018-03-18) | Автор: Дюсенбаева Раушан Болатовна E
Просмотров: 895 | Теги: жаңаша, көзқарас, Жаңартылған, білімге | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 12:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru