Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДЕ ДИАЛОГТІҢ ТИІМДІЛІГІ
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДЕ ДИАЛОГТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Тойымбекова Ж.Б.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері

"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет" деп, тұңғыш ғалым Ш. Уәлиханов айтқандай, бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесіне сындарлы оқыту теориясының енгізілуі – игілікті істердің бірі. 3 (базалық) деңгей курс Бағдарламасы бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында келген мұғалімдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін серіктестік қарым-қатынаста жүйелі жұмыс түрлері орындалу үстінде. Тренинг барысында мұғалімдердің дәйектеу дағдыларын шынықтырып, өзін-өзі реттеуге, диалог арқылы сыни тұрғыдан ой қозғай білуге жетелеген дұрыс.
Бағдарлама идеясын жүзеге асыру барысында «Оқыту дегеніміз не? Ол қалай жүзеге асады? Балалар қалай оқытылады?» сауалдар төңірегінде шағын топтарға ой түрткі салу арқылы оқытуға деген көзқарас анықталды. Оқытудың сапалы және табыстылығы үшін мұғалім бойында болатын «үш көмекші» - «бас - кәсіби түсінік, қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби тұтастық» (Шульман, 2007) қасиеттері туралы мағлұматтардың ақыл-ойдың ірі тұлғалары Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», Мағжанның «...адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең...» деген философиялық ойларымен үндесетіндігіне көз жеткізді. Тренингтегі «Құндылықтар...» тақырыбындағы Дипак оқиғасы да мұғалімдердің қалыптасқан көзқарасын өзгертуге және жасаған болжамдарына күмәнмен қарап «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?», «Қалай өзгеру керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуіне мүмкіндік жасады. Мұғалімдер өзара әрекеттесу арқылы адамдарды «Қалай оқыту керектігін үйретуді» ұғынуда когнитивті, эмоциялық, әлеуметтік психологиялармен де бетпе-бет келді.
Курстан курсқа өткен сайын Сабақты қайтсек тиімді өткізуге болады? деп ойлана келе, тренинг кезінде берілетін сұрақтарға қандай да бір өзгерістер енгізу, идеясын екінші біреумен бөлісуді қалайтын тыңдаушылардың қабілетін одан әрі ашу, «ішкі уәжін» ояту, серіктестерімен ой бөлісуге тарту қажеттігі іздестірілді.
Психолог-педагог Л.Выготский «сөйлеу мен ойлау өзара тығыз байланысты» деп жазған. Демек, сөйлеу үдерісі дүниені тану үшін қолданатын ойларды айту және тұжырымдамаларды дамыту арқылы білім алуға көмектеседі. Сол себепті қарым-қатынас және түсіну тәжірибе барысында жақсарады. Түсінуді дамыту үшін де сөйлеу қабілеті өте маңызды. Әрине, құр сөйлесудің өзі жеткіліксіз. Әңгіме дамытуды қажет ететін пәнге бағытталған болуы керек. Шоғырланбаған жазу шоғырланбаған нәтижелерге әкеліп соғады, талқылаулар мен пікірталастар ақиқаты сондай.
Оқыту мен оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлерінің ішіндегі мәлімдеу мен қарсы мәлімдеу бағытындағы әңгіме-дебатқа қарағанда, «сөйлеушілер әңгіме құрып, өз бетінше және өзара қолдау көрсету арқылы, сынап-мінемей ақпаратты ұсына отырып, білім және түсінік негізін бірлесіп құратын...» қауіпсіз ортана құруға барынша ыңғайлы топтық әңгіме мен ортақ мәселе бойынша бірлескен түсінік, талқылау, бағалау және идеялармен өзара пікір алмасуда сыни әрі сындарлы ой жүзеге асырылатын зерттеушілік әңгіменің маңызды екенін тыңдаушылар өздері әрекетке түсу арқылы білді.
Курс бағдарламасы аясында оқытудың белсенді әдістерін - «Жұптас, ойлан, бөліс», «Тыңдап отырған үштік», «Еркін талқылау», «Жиксо-1», «Үш қадамды сұхбат», «Мен саған, сен маған», «Жұптық әңгімені» тиімді қолдану арқылы өзара әңгімелесуге ықпал жасалынды. Жұптық, топтық іс-қимылдағы белсенді жұмыс сыни ойлау арқылы диалог құруға жалғасты. Мұғалімдер сұхбаттасу кезінде өзара серіктестік орта құрып, әлеуметтік іс-қимылда оралымды сөздерді дұрыс қолданып, ойларын бедерлі тілмен жеткізе білді. Сұрақты талғампаздықпен қою, сауалға сәйкес ой-танымын таныту, дауыс ырғағын сақтау, мәнерлі сөйлеу, сөз құрылымына мән беру және естілген мәліметтерді жүйелі жазу талаптарын да естен шығармады. Нәтижесінде мұғалімдер тақырып бойынша бір-бірімен диалог құрып, сұхбатқа түсе алатындығын көрсетті. Сұхбаттасу барысында жоғары деңгейдегі Қалай? Неге? Неліктен? ашық сұрақтарын қоя білді. Оқу және жазу әрекеттері арқылы мұғалімдерді ой қозғау мен ойды жинақтау арқылы ой түрткі жасауға, өзара талқылауға түсіретін жұмыстар да жүргізілді.
Сұрақ-тапсырмаларды орындату барысында «Қалай ойлайсыздар, бұл суреттерді қай санаттары бойынша сұрыптар едіңіздер? Іріктеліп алынған материалдар қай дәуір, қай ғасыр, қай өңірге жататынын қалай анықтауға болады деп ойлайсыздар?» деген сауалдар арқылы айғақтарды сұрыптауға, талдауға жетеледік. «Бұл фотосуреттерді жасаған кім? Ол қашан және қай уақытта түсірілген?» сұрақтары бойынша мұғалімдер арасында өзара қызу талқылау жүргізілді. Мұғалімдердің ойлауы мен тіл байлықтарын арттыру мақсатында қадағалау «Біз нені көре аламыз?», проблеманы шешетін «Осы көліктердің түрін кім және қандай мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін?», аналитикалық «Фотосурет қашан түсірілген немесе картина қашан салынған және неліктен?», ерекшеленетін «Осы фотосурет қандай типке жатады?» сұрақтары арқылы жазбалар жасалды. Көзбен шолатын және ауызша айғақтардың артықшылығы мен ұқсастықтары салыстырылды. Жорамал жасауға бағытталған қиял-ғажайып сұрақтар
-Егер ұшақ әр адамның жеке көлігі болса, не болар еді? Егер ауада саяхат жасау ойлап шығарылса, сіздің кім болғыңыз келеді? Менің өмірімде немесе алдағы 100 жыл ішінде не өзгерер еді? Егер Жерде мұнай қоры таусылса, не болар еді? Егер қолөнер жасауға қажетті шикізат азайса, не істер едіңіздер? Тығырықтан шығудың жолы не деп ойлайсыздар? бойынша мұғалімдер өзара әңгімелесуді жүзеге асырды. Болашаққа көз жүгірте отырып, «Адам баласы, ең алдымен, жылқыны қолға үйреткен. Қазақ жерінде қазба жұмыстарын жүргізген кезде ата-бабамыз жылқыны осыдан бес мың жыл бұрын қолға үйреткені жайында дәлелді айғақтар бар. Содан бері қолға үйретілгенінен басқасы, тағы жануар болып қала берген. Бірте-бірте қажеттілікке байланысты шайтан арба, автокөлік, мотоцикл, ұшақ, электропойыз және Палестина, Сирия елдерінде су көлігі де пайда болған. Әрине, бұл адамзаттың санасының өсіп, техниканың дамуына әкелгенін көрсетеді...» - деп, «Көлік түрлері және оның маңызы» тақырыбында жүйелі, мазмұнды зерттеушілік әңгімеге негізделген жұмыс жасады. Тақырыпты ашу барысында көліктің бастау көзі жылқы малы екендігін, оның не үшін керек және қалай қолға үйретілгені туралы тарихи-тағлымдық мәні жоғары мәліметтер ұсынды әрі өзара ой қорыта білді. Барлық топ мүшелері дәл осындай құнды пікір айтты деп айта алмаймыз. Дегенмен, ақпаратты қалай қабылдау, жорамалды қалай жасау керектігін үйренді. Жалпы сұрақ қою, жауап алу дағдыларын жетілдірудің қаншалықты маңызды екенін өзара іс-қимылға түсу барысында танып-білді.
Мұғалімдер зерттеушілік әңгімеге тартылғанда өз ойларын дауыстап айтады және болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім», «меніңше», «сіздің пікіріңізге келісе отырып» деген тілдік қолданыстағы сөздерді қолданып, өз идеясын дәлдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «солай емес пе?» деген сұраққа да сүйенеді. Нәтижесінде мұғалімдер тілдік оралымдарды тиімді қолдана білудің сындарлы ой қорытуға жетелейтінін ұғынды. Сұрақ қою және жауап алу дағдылары дамыды. Сұрақ қоюда кідірістің де ойды саралап, зерделеуде мәні зор екенін түсінді. Келешектегі тәжірибелеріне енгізу қажеттігіне де көздері жетті.
«Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау» деп, ұлт көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, тренингтің әр кезеңіндегі тапсырмадан кейін ойды жинақтау және бағалау мақсатындағы рефлексия алға қойған мақсатқа жетуге, мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлаудың дағдыларын: бақылау, талдау, қорытынды, интерпретацияны (логикалық қорытындыны) дамытуына ықпал жасайды. Мұғалімдердің кері байланыс - «Ойлаудың алты қалпағы», «Активатор-3, 2, 1», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қосу, алу, қызықты», «Білемін, үйрендім, білгім келеді», «Бір минутты эссе», «Бір сурет, 5 сөз» әрекеттеріндегі сыни пікірлері, тұжырымдамалары бойынша оқытудың нәтижелі болатындығы анықталды. Тиімді оқытуды жүзеге асыруға негізделген төмендегідей стратегияларды қолданғанда мұғалім тәжірибесі жетілетіндігі байқалғандықтан, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытатын кейбір әдістердің толық нұсқасын ұсынбақшымыз. Ынтаны ояту мақсатында қолданылатын «Таңқалдыр» әдісінде мұғалім, алдымен, үлкен топтың қозғалыс жасап, талқылау жүргізуіне лайықты алаңды ұйымдастырады. Ерекше назар қойып таңқалатын бұрыш дайындайды. Ол үшін көзбен көретін айқақтар негізінде тосын затты пайдалануы керек. Ал «Идеялар қоржыны» әдісі мұғалімдердің талқылайтын сабақ тақырыбы туралы білетін ойларын анықтау мақсатында жүргізіледі. Оқылып жатқан тақырып туралы идеяларды жинақтау үшін тақтаға немесе флипчартқа қоржынның (корзинаның) суретін салып, іліп қою қажет. Мысалы, «Сызықтық алгоритмді» оқытуда «Қандай алгоритмді сызықтық деп айтуға болады? Мысал келтіріңіздер» - деп, тыңдаушыларға ұсыныс білдіруге болады. Сонымен бірге «Циклды» оқытуда «Цикл дегеніміз не? Циклдік әрекетке қандай мысал келтіресіздер?» Мұғалімдер сұраққа сыни тұрғыдан ойлана жауап береді, құнды пікірлер қоржынға ілінеді. Жаңа тақырыпты меңгеруге, мағынаны тануға арналған «Найзағай» (Зигзак) әдісінің мақсаты да өзін-өзі реттеу және сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға бағытталған. Бұл әдісті көлемді материалды жүйелеу және оқу үшін қолданамыз. Тыңдаушыларды 5 адамнан шағын топқа бөлеміз. Өзара оқытуды жүзеге асыру мақсатында мәтінді мазмұнына қарай бөліктерге бөлеміз. Жұмыс тобындағы барлық 5 мүше мәтіннің 1/5 бөлігін оқып, сонан соң көрші топтарға барып, мәтіннің өздеріне тиесілі тұстарындағы идеяларымен бөлісіп, топтық талқыға салады. «Жәрмеңке дүңгіршегі» әдісі де мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау дағдысын жетілдіру мақсатында қолданылады. Жұмыс тәртібі бойынша 3-4 адамнан бөлінген шағын топ жоба құрастырады. Жобаның түйінді идеясын сол топтың спикері қорғайды. Қалған топ мүшелері бір-бірінің жұмысын стикермен бағалайды. Қорытындысында қай топ көп стикерді иеленсе, сол топ жоғары баллға ие болады. «Стикердегі сұрақтар» әдісінде де диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін іс-қимыл жүзеге асады. Қатысушылар стикерге үйдегі, дүкендегі, сыныптағы бір заттың атауын жазады, сонан соң екі адам бір-бірінің маңдайына жабыстырады. Жазғандарын бір-біріне көрсетпейді және айтпайды. Барлығы тұрып әрлі-берлі жүреді. Тоқта дегенде қарсы адамның стикеріндегі жазылған сөздерді сыни тұрғыдан ойлауға негізделген Неге? Қалай? Неліктен? сұрақтарын қою арқылы анықтауы керек. Қарама-қарсы адам да стикердегі сөзді немесе сөз тіркестерін сұрақтар қою арқылы табады. Ортаға екі адамды шығарып, стикерге «Хан Тәңірі шыңы», «Қазыналы өлке Қарағанды» деген сөз тіркестерін жазып, маңдайына жабыстырады. Қатысушы мұны көрмеуі тиіс. Қалған тыңдаушыларға 10 сұраққа дейін қойып, жауабын табуы керек. Сұрақтар және жауаптар жабық болуы қажет. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауды дамытуына бағытталған бұл стратегиялар түрлі жұмыстары арқылы әрбір тапсырманы орындау кезіндегі өзара пікіралмасудан мұғалімдер ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерге ерекше бір ынтамен қатысып отыратынын байқатты. Әрине, бұл жұмыс түрлері – диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау, ашық сұрақ қою - ой әрекетінің жоғары деңгейіне жету, «...зерттеушілік әңгіме ақпарат турлы ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады» - деген ойлармен сабақтасты. Сыни ойлауды дамытудың тиімділігінен мұғалімдерде бір-бірінің пікірін тыңдау, бір-біріне құрметпен қарап, сыйлауы және өзін тұлға ретінде тануға жол ашуы, серіктестерінің ойын тыңдап, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуі, белсенді шығармашылықтағы ойлаудың негізі қаланатыны байқалды.
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің: айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік; күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау; басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу; идеяларды сынау және «шындықты» іздеу сынды басты дағдыларын және жоғарыда аталған қабілеттерді дамытуды көздейді.
Қорыта айтқанда, тәжірибе көрсеткендей сыни тұрғыдан ойлайтын «жаңа үлгідегі» мұғалімдер үнемі белсенді әрекет жасайды, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде әдіс-тәсілдер қолданады. Ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ой қорытады, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 3-басылым, 2012 ж.
2. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.
-Қарағанды, 2011 ж.
3. Кларк Дж. Г. Использование визуальных организаторов для фокусирования на мышлении (Перевод - Е. Н. Волков, 2009)
4. Топтық жұмыс туралы нұсқаулық. 1-апта, 1-күн материалд., 2 б.

Источник: http://1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 3-басылым, 2012 ж. 2. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kurs_krg (2018-05-03) | Автор: Тойымбекова Жумагуль Бейсенбековна E
Просмотров: 824 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 1:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru