Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тәрбие сағаты: «Туған тілім-тірлігімнің айғағы»
Тәрбие сағаты: «Туған тілім- тірлігімнің айғағы»
Мақсаты: Ана тілі туралы жалпы мәлімет, түсінік беру.Тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтзыза отырып, ана тіліне деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қағаздарға жазылған ұлы адамдардың нақыл сөздері, мақал-мәтелдер.
Эпиграф: Тіл- халық аманаты
Тіл- тарих аманаты.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді 22-қыркүйек Тілдер мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Туған тілім-тірлігімнің айғағы». Тіл әр адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та,тіл де көп. «Өнер алды-қызыл тіл» деп, өз ойын шешен тілмен шебер жеткізе білгендерді ерекше бағалаған.
-Құрметті ұстаздар! Енді сіздердің назарларыңызға 5 сынып оқушыларының Тілдер мерекесіне арнап, дайындаған ұлы адамдардың тіл туралы пікірлерін, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, ана тілі туралы ән-жырларын ұсынамыз.
1-жүргізуші: 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдер күні.
Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр бойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
(Ә.Тәжібаев)
2- жүргізуші:
-Тілдер мерекесіне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
-Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын білгің келсе, оның тілін үйрен.
2- жүргізуші:
-Біз қай Республикада тұрамыз?
-Біз Қазақстанда тұрамыз.
1-жүргізуші:
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.
2- жүргізуші:
-Олай болса Қазақстан Республикасының әнұранын орындайық.
(Қазақстан Республикасының әнұранын орындалады)
1-жүргізуші:
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстан-үлкен мемлекет.
-Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
2- жүргізуші:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл қай тіл?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
1-оқушы:
Мен қазақтың тілімін,
Беретін көп білімін.
Достасатын сендермен,
Жаңа пәннің бірімін.
2-оқушы:
Үйретем тіл заңдарын,
Сөзіме құлақ сал бәрің.
Менімен тез іске асар,
Ойға алған арманың.
1-жүргізуші:
-Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған қандай тақпақтар бар, кім айтады?
3-оқушы:
Сүйемін туған тілді – ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
4-оқушы:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
5-оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
2- жүргізуші:
-Енді «Ананың тілі-аяулы үні» әнін тыңдаңыздар.
6-оқушы:
Барлық тілді үйренерсің сен әлі,
Жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,
Өз елінің туын көтер жоғары.
7-оқушы:
Өсірген ой, білімді,
Сүйемін туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
8-оқушы:
Мемлекеттік тілді меңгеру- әрбір Қазақстандықтың азаматтық және адамгершілік борышы.
9-оқушы:
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
10-оқушы:
Тілден асқан байлық жоқ,
Сөзден озған жүйрік жоқ.
11-оқушы:
Өнер алды-қызыл тіл.
12-оқушы:
Ана тілім бақытым мен байлығым,
Ана тілім ардақтым да аяулым.
Ана тілім өзіңменен дүлдүлмін,
Ана тілім сенсіз қара жаяумын.
13-оқушы:
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ана сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар ар тілім.
14-оқушы:
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған алау бар.
15-оқушы:
Басқа пәле тілден.
16-оқушы:
Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
17-оқушы:
Тәрбие басы- тіл,
Өнер алды- тіл.
2- жүргізуші:
-Біздер дана адамдардың сөзін оқып, жаттап аламыз, ойымызға сақтап оны азық етеміз.
1-жүргізуші:
-Енді «Өз елім» әнін тыңдаңыздар.
2- жүргізуші:
-Тәрбие сағатымызға уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: sch83nurmaganova (2018-08-08) | Автор: Нурмаганова Гулим Шегендыковна E
Просмотров: 2257 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 2:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru