Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ғабиден Мұстафиннің өмірбаяны
Қазақ халқының белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин 1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Сарытөбе ауылында кедей отбасында туған. Әке-шешесі мал бағумен айналысқан. Әкесі Мұстафа екі рет қажыға барған «мейлінше әділ, момын, мінезі ауыр, көп сөйлемейтін адам» болған. Анасы Қадиша өте әдемі, ұзын бойлы, ақ сары, ақ жарқын кісі еді. Қадиша шешейдің аппақ кимешегі өзіне ерекше сән беріп тұратын. Ұлағатты адамдардың аналары да өте мейірімді, биязы, кішіпейіл болады екен. Әкесі Мұстафа мен шешесі Қадиша бес ұл бала тәрбиелеп өсірген: Шекілдек, Әбдікәрім, Абдықалық, Ғазиз, Ғабиден.
Жазушының балалық шағы көз жетпейтін кең далада, Сарыжайлауда өтті. Ол бұл кездерде әкесіне көмектесіп, мал бағумен қатар,ауыл молдасынан арабша сауатын да ашты. Ал орыс тіліне оны сол кезде Спасск мыс балқыту зауытында табельші болып жұмыс істейтін Жүсіп Мауқымов деген азамат үйретті. Соған орай Ғабиден Мұстафин осы зауыт жанындағы орысша-қазақша екі жылдық мектепті бітіріп шықты. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады.1925 жылы отбасын құрады. Жары Зейне апай екеуі 3 бала тәрбиелеп өсірген. Қайрат Ғабиденұлы, Жанар Ғабиденқызы, Мая Ғабиденқызы.Қайрат Ғабиденұлы-республикаға танымал фототілші,Жанар Ғабиденқызы-профессор,окулист,Мая Ғабиденқызы-француз тілінің маманы.1925 жылы көктемде келіншегін ертіп, сол кездегі Қазақстанның астанасы Қызылордаға оқу іздеп келеді. Оқуға түсе алмай өлкелік сотқа құжат тіркеуші болып орналасады. Осы жылы күзден бастап республиканың «Еңбекші қазақ» газетіне ұсақ хабарлар жаза бастады. Газетке шағын хабарлар жазудан бастаған жазушы енді очерк, фельетон, әңгіме сияқты жанрларда да өзін байқап, сәтті қадамдар жасай бастайды. Өздігінен оқып, ізденіп жүрген жас жігіт шығармашылықтың қызық та ауыр жолына бой ұрады. Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» «Жыл құсы» журналында 1927-1928 жылдары жарияланады. 1929 жылы «Ер Шойын» атты әңгімелер жинағы шықты.
Ғабиден Мұстафин 1930 жылы Қарағандыға оралып, кен орнында үш жылдай қара жұмыс істейді. Содан кейін «Қарағанды пролетариаты» газетінде жауапты хатшы (1932-1933), Новосибирь қаласында қазақ тілінде шығып тұрған «Қызыл ту» газетінде қызметкер болып 1938 жылға дейін жұмыс істеген. Газет жабылғаннан кейін 1938 жылы Алматыға келеді. 7-8 жыл көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыста қаламы төселіп, өмір тәжірибиесі молайып қалған Ғабиден Мұстафин тұңғыш роман жазуға кіріседі. Қарағанды шахтерлерінің өмірінен алынған бұл роман «Өмір мен өлім» 1940 жылы жеке кітап болып басылады. «Әдебиет майданы» журналына алғашында әдеби қызметкер болып орналасып, ақыры бас редакторлыққа жоғарылап, 1948 жылға дейін он жылға жуық қызмет атқарады.
40-жылдары жазушының шығармашылығындағы айтарлықтай табысты кезең болады: әйгілі диқан Шығанақ Берсиев өмірінен алып жазылған «Шығанақ»(1945), колхоз болмысындағы жаңа өзгерістер кезеңін көрсетуге арналған «Миллионер»(1948) романдары жарық көрді. 1952 жылы «Қарағанды» романы, 1960 жылы «Дауылдан кейін» романдары дүниеге келді. 1958 жылы жазушы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшелігіне сайланады. Жазушының соңғы көрнекті туындысы - өмірбаяндық «Көз көргендер» романы.
Ғабиден Мұстафин аса көрнекті суреткер ғана емес, зор беделді әдебиет, мәдениет қайраткері, парасатты да кемеңгер кісі болды. Ол 1953-1957 және 1961-1964 жылдары Қазақстан Жазушылары одағы бақармасының төрағасы болып қызмет атқарды, Абай атындағы Мемлекеттік және Жамбыл атындағы сыйлықтардың иегері болды. Сол кезде ол республика Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі, еліміздің және республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Ғұлама жазушының Қазақ Совет әдебиетін дамытудағы және қоғамдық қызметіндегі қол жеткен жетістіктері, белсенділігі, іскерлігі ескерусіз қалған жоқ. Ек» «Ленин» орденімен,екі «Еңбек Қызыл Ту» және екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.
Ғабиден Мұстафин ұзақ және мазмұнды да қызықты өмір кешті. Оның өмір жолында қуаныш–қызықпен қатар қиындықтарда, ауыртпашылықтарда аз кездескен жоқ. Қазір біздің арамызда халық жазушысы, бұрынғы ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, республика Ғылым академиясының мүше–корреспонденті, жазушылардың халықаралық және одақтық форумдарының қатысушысы Ғабиден Мұстафин жоқ. Бірақ оның есімі халық есінде. Болашақ ұрпақ ғұлама жазушыны ешқашан ұмытпақ емес.ҚСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысында: Қарағанды және Алматы халық депутаттары облыстық Кеңесінің ұсынысын қабылдап, Қарағанды қаласындағы № 83 орта мектеп пен Бұқар жырау ауданындағы "Березняки" ауылына Ғабиден Мұстафин есімі берілген
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: sch83nurmaganova (2018-08-09) E
Просмотров: 1199 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 1:36 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru