Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Акмоллина Н Т Сынып: 6 Қатысқандар:18 Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы "Ұшқан ұя" Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6. О.2. Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. 6.Ж.2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу. 6.ӘТН2.Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Оқушылар оқулықта берілген мәтіндерден ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тани алады, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып құттықтау құрастырып жазады. Екпін түрлерін орынды қолданады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушылардың өздері құраған құттықтау мәтінінен екпіннің түрлерін ажыратып айта алады. Кейбір оқушылар орындай алады: « Отбасы» тақырыбына қысқаша ойтолғау жазады. Бағалау критерийі • Мәтін мазмұнын түсіне алады; • берілген мәтіндерден ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тани алады, жанрлық және стильдік • Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей алады, жинақы мәтін жаза алады.. • Екпін түрлерін сөз ішінде орынды қолдана алады; Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: Оқылған мәтін бойынша сұрақтарға сенімді және еркін жауап береді, өз ойларын айтады Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сабау, тулақ, ұршық, үлде мен бүлде, емірену. Құттықтау жазуға арналған пайдалы тіркестер: ардақты әже, ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің, отбасы тірегі, әжең – асыл ардағың, үлгілі ұрпақ, құттықтаймын. Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай туыстық атауларды білесің? Отбасындағы әженің рөлі қандай? «Үлде мен бүлдеге орау» дегенді қалай түсінесің? Құндылықтарға баулу Отбасында бір-бірін құрметтеуге,бағалай білуге, қамқорлық жасап, құрметпен кешіре білуге тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс әдебиет, тарих, өзін-өзі тану Алдыңғы оқу Отбасына қатысты туыстық атауларды, отбасылық дәстүрлерді біледі. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы( 8минут) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 1. Психoлoгиялық aхуaл қaлыптaстыру. Oқушылaр шеңбер бoйымен тұрып бiр- бiрiне жaқсы тiлектерiн бiлдiредi 2.Топтарға бөлу. «Төрттік әдіс» (әке, ана, бала, дос деген сөз жазылған парақша тарату арқылы топқа бөлу). Миға шабуыл. Тақырыпты болжау ("Пазл" әдісі). Алдарына берілген пазл суретті құрастыру (оқушылардың алдына ұяның, әженің, отбасының суреттері бейнеленген пазлдар беріледі) Сабақ мақсаттарымен , бағалау критерилерімен таныстырамын. Сабақтың ортасы 25 минут 10 мин 5 мин 10 мин 1- Тапсырма ТЖ. 1 – топ «Жылқы сұлбасы» стратегиясы. Мәтіннен негізгі ақпаратты сұрыптай алады, қосымша ақпаратты анықтайды. Дескриптор: 1. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздерді жазады. 2. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпартты қысқаша жазады. 3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпаратты жазады. 4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазады. Стилін анықтайды 2-топ «Балық қаңқасы». Мәтіннен негізгі ақпаратты сұрыптай алады, қосымша ақпаратты анықтайды. Орындалу барысы: басы-тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері, астыңғы сүйектері- себептері, факт, құйрығы- мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Дескриптор: 1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды 2. Себептер мен дәлелдер келтіреді 3. Мәтін бойынша қорытынды жазады.Стилін анықтайды ҚБ. «Қол шапалақ» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды 2-тапсырма Ж. «Суретпен жұмыс» әдісі арқылы берілген тіркестерді пайдалана отырып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып отбасы мүшелерінің біріне құттықтау құрастырып жаз. Екпін түрлерін орынды қолдан. Дескриптор: 1.берілген сөз тіркестерін пайдаланып жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай, құрылымын сақтай отырып құттықтау мәтінін құрастырып жаз 2. жазған мәтіндегі екпіннің түрлерін ажыратып айт. /көпшілігі/ 3. «Отбасы» тақырыбына синквейн жаз./кейбірі/ Қ.Б: «Жасыл қалам» оқушылар бір- бірінің қатесін жасыл сиялы қаламмен тексеріп, белгілейді Қ.Б: «Сэндвич» Топтағы оқушылар ой толғау жазған оқушыны мадақ, сын, мадақ айтып бағалайды. Сабақтың соңы (7 мин) 4-тапсырма Ж. «Қос жазба күнделігі»әдісі арқылы отбасы туралы берілген дәйексөздерге түсініктеме береді. Дәйексөз Түсініктеме Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа. Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың. Ананың ойы ұяда, Баланың ойы қияда. Дескриптор: - Дәйексөздерге анықтама береді; - Өз ойын орамды тілмен жеткізеді; Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлемдер» Үйге тапсырма беру: 32б,4 т Қосымша мәлімет Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Барлық оқушылар орындай алады: Оқушылар оқулықта берілген мәтіндерден ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тани алады, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып құттықтау құрастырып жазады. Екпін түрлерін орынды қолданады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушылардың өздері құраған құттықтау мәтінінен екпіннің түрлерін ажыратып айта алады. Кейбір оқушылар орындай алады: « Отбасы, ана, әже» тақырыбында синквейн жазады. Қалыптастырушы бағалау түрлері: «Жасыл қалам» «Сэндвич» «Қол шапалақ» Пәнаралық байланыс Әдебиет, тарих, өзін-өзі тану. Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. Отбасында бір-бірін құрметтеуге, бағалай білуге, қамқорлық жасап, құрметпен кешіре білуге тәрбиелеу. Сабақ бойынша рефлексия • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма? • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз? • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті? • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен? • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге? Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? | |
Просмотров: 1626 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|