Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2 сынып Мұғалім Сабитова Анара Забиноллақызы Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ (тарау бойынша) Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.5.1.тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау. 2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну. 2.2.6.1 салыстыру негізінде ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы ой-пікірін (мен... ойлаймын, мен ... санаймын) айту. Сабақтың мақсаттары: Барлығы: қарапайым сөздерді түсінеді. Көбі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды. Кейбірі: ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін айтады. Күтілетін нәтиже: Қарапайым сөйлеу үлгілерін құрайды, сұрақтарға жауап береді, үй жануарлары атайды, оларды салыстырады, сипаттайды. Жаңа сөздер: Тарау бойынша өтілген сөздерді сабақ барысында қайталау Сабақта қолданылатын материалдар: Үй жануарларының суреттері, үнтаспа, слайд, кима қағаздар, көктем макеті т.б. Оқыту әдістері: сипаттау, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ассосация» тәсілі, сергіту, топтық, жеке жұмыстар Дереккөздері Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалім «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы оқушылармен сәлемдеседі. Түгендейді. Оқушылар амандасады. Мұғаліммен өлеңді айтады. Топқа бөлу Мұғалім оқушыларды топқа бөледі. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады. Қошақан Ботақан Құлыншақ Өткен сабақты тексеру Жасырын сұрақтар арқылы жауап береді. Сандардың астында жасырынған сурет ашылады. - Балалар, бұл ненің суреті? - Қазір қай жыл мезгілі? Тапсырмаларды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды І . Қызығушылықты ояту Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында үй жануарларына ассосация құратады. Суреттер бойынша сұрақ-жауап алады. Сиыр қандай? Күшік қандай? Түйенің түсі қандай? Жылқының төлі не? Үй жануарларын атайды, сұрақтарға жауап береді. ІІ. Мағынаны тану 1. Мәтінмен (жұптық) жұмыс А) Тыңдалым (аудирование) Ә) Оқылым Б) Айтылым Мәтінді тыңдайды, оқиды, бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. Балалар бір бірін бағдаршам тәсілі арқылы бірін-бірі бағалайды. 3. Сергіту сәті. Тапсырма бойынша суретті боя. Үш топқа үш тапсырма беріледі. Оқушылар әуен ырғағымен сергіту сәтінің тапсырмасын орындайды. Мұғалім мадақтау арқылы бағалайды ІІІ.Ойтолғаныс «Төлдерін тап» топтық жұмысы Мұғалім әр топқа ватман, жануарлардың суреттерін және қима қағаздар таратады. Тапсырма береді. Оқушылар мүғалім берген тапсырманы топпен орындайды. Бір-бірінің жұмысын тексеріп, смайл арқылы бағалайды, ІV. Бекіту Сөзжұмбақ шешу. Оқушылар торкөздерде орналасқан әріптер арқылы сөздер құрайды. VІ. Үйге тапсырма Тарау бойынша өтілген материалды, сөздерді қайталау VІІ. Рефлексия Мұғалім көктем макетін тақтаға іледі. Балаларға күн мен бұлттың фишкаларын таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерін күнмен немесе бұлтпен сипаттап макетке іледі. | |
Просмотров: 518 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|