Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ғаламтор ғаламаты. 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор – бүкіләлемдік желі

Оқу мақсаты: 7.1.5.1 /Т/А/- проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.
7.3.5.1 /Ж/- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты • Сұрақтарға дәлелдер келтіріп жауап беру;
• Көтерілген мәселені анықтау,;
• Негізгі ақпаратқа сүйене отырып, шағын мәтін құру.
Бағалау критерийі • Мәтіннен дәлелдер келтіреді, жауаптарын салыстырады
• Мәтіннің негізгі мазмұнын сақтап, мәтін көлемін жинақтайды
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: сұрақтарға жауап береді, тыңдалған мәтіннен қажетті ақпараттарды таба алады, сыныптастарының жауабы мен өз жауаптарын салыстырады, мәтін көлемін қысқартуда әдістерді қолданады.
Пәнге қатысты сөздік қор: бейнеқоңырау, компьютерлік серверлер, гаджет.
Талқылауға арналған сұрақтар: Интернет кітаптың орнын ауыстыра ала ма?

Құндылықтарға баулу Құрмет (проблемалық сұрақтарға жауап беру барысында пікірлердің әралуандығында сабырлылық, құрметті қалыптастыру)
Пәнаралық байланыс Тарих, информатика
Тақырып бойынша алдыңғы оқу Дәлелмен жауап беру дағдысы бар, дәлелдерді өз ойымен байланыстыру, жауаптарын өзара бағалау дағдысы бар. Интернеттің қоғамдағы маңызы туралы, ақпараттар ағыны екендігі т.б. мазмұндағы мәтіндермен таныс.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Әдістері
Сабақтың басы
5 минут Ширату жаттығуы. Сурет ұсынылып оқушыларға сұрақтар беріледі.(Сынып болып сұрақтарға жауап береді. )
- Бұл суреттен нені көріп тұрмыз?
- Суреттегі қай баланың әрекеті дұрыс деп ойлайсыз?
- Бұл суреттерге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын болжай аламыз ба?


Сабақта қандай нәтижеге жету керек? Мақсатқа назар аударту. Фотосуреттер «Қазақ тілі» 7-сынып оқулығы «Атамұра» баспасы 100-бет
Сабақтың ортасы

7 минут

10 минут

10 минут Тыңдалым алды тапсырмасы:
- Елімізде көркем шығармаларды кітаптан оқитындар көп пе, әлде ғаламтордан оқитындар көп пе? Неге олай ойлайсың?
- Ғаламтордың адам өміріне зияны мен пайдасы қандай?
Жылдам дебат. Ғаламтор кітаптай болмайды. Осы тұжырыммен келісесіздер ме немесе келіспейсіздер ме? Бөліне қойыңыздар. Осы таңдауларыңызды дәлелдеу үшін аудиомәтінді пайдаланамыз. Қазір мәтінді мұқият тыңдап, ойыңызды дәлелдеуге қажет мәліметтерді түртіп алыңыздар. Сол мәліметті пайдаланып жауап бересіздер және жауаптарыңызды өзара бағаалйсыздар.
Тыңдалым тапсырмасы: (Оқулықтағы 100-беттегі мәтіннің аудиожазбасын тыңдатамын)
Келісемін немесе келіспеймін деген жауаптарыңызға дәлел болатын ақпараттарды табыңыз, ойыңызды дәлелдеуге пайдаланыңыз.
Тыңдалымнан кейін: жылдам дебатты жалғастырады.
Дескрипторы:
- Аудиомәтіннен дәлелдерді анықтайды
- Өз жауабында дәлелдерді орынды қолданады
- Өзгелердің жауабы мен өз жауаптарын салыстырады
ҚБ: Берілген жауаптардың ішінен 1-2 дескриптор өзара бағалайды. 3-дескриптор бойынша қосымша сұрақтар мен кесте беріледі.
Менің ойымша жақсы дәлел келтірілген жауап Менің ойымша дәлелдерін әлі толықтыру керек Менің жауабыма ұқсас және өзгеше болған жауап

Саралау әдісі. «Сұрақтар қобдишасы»
Жазылым алды тапсырмасы:
(Тыңдаған мәтінді қайта тыңдату) Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді теріп жазу. Оқушылардың қарқынын ескеріп мәтінді бөліп тыңдатамын. Әр бөлігін тыңдап болған соң, негізгі тірек сөздерді теріп жазып отырады.

Тыңдалым мәтіні Тірек сөз
Қазір қоғамда «кітап әлде ғаламтор» деген пікірталас туындауда. Шынымен де қайсысын маңызды деп бағалааймыз? Ғаламтор – компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Ол қазір барлық тіршілігімізді билеп алған. Қажетіңді пернетақтаға терсең болғаны, таба қоясың. Іздеген адамыңды да дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тауып аласың. Аз уақыттың ішінде қыруар жұмыстарың бітіп жатады. Тез хабарласу:хат жазғің келе ме, тіпті бейнеқоңырауды қосасың ба немесе «Вконтакте» , «WhatApp», «Instagram» әлеуметтік желілері де елгезектік танытып тұр
Осындай жақсы нәрсенің жаман жақтары болатыны өкінішті.Біз, жалпы адам баласы, компьютерді шамадан тыс көп пайдаланамыз. Тылсым техниканың жетегінде кетіп, пайдасынан зиянын көбірек шегетінімізді аңғармаймыз да. Компьютердің көмегімен сабаққа, өзіңе қажетті мәліметтер алып шектелсек жақсы. Жоқ. Әртүрлі ойындар, әлеуметтік желілердегі «қызықтар» сені жіпсіз байлап тастайды. Оның қажеттісін және қажетсізін таңдауға әрқайсымыз дайын емеспіз. Әр техниканың өзіне тән зияны болатынын медициналық зерттеулер дәлелдеуде.

Ал компьютер мен ұялы телефон мектеп жасындағы оқушылардың ажырамас досына, ал кішкентайлардың ойыншығына айналды. Айталық, монитордың алдында ұзақ отыру әрі дұрыс отырмау, компьютер құралдарының дұрыс орналаспауы көздің талуы, бас ауруы, желке тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауы, адам ағзасын әлсіретіп, әртүрлі ауруға ұшыратуға себеп болады.Сондықтан пайдалану ережелерін қатаң сақтауымыз керек. Ғаламторға деген тәуелділік, жастарымыздың айналасынан гөрі қолындағы ұялы телефонға телміріп отыруы үйреншікті әдетке айналып барады. Жаһандану кеңістігінде жаңа технологиялар ағымына ілесу – заңдылық. ХХІ ғасыр – ғаламтор ғасыры. Ол аса үлкен, күрделі мәселелерді шешуге көмектесуде. Алайда компьютерді талғаммен пайдалануды ұмытпайық. Өйткені ол - жансыз техника, ал біз жаны бар адамбыз.

Тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрастырыңыз.
Жазылымнан кейін:
«Галерея» әдісімен оқушылардың жинақ мәтіндері бұрыштарға қойылады. Оқушылар жинақ мәтіндермен танысып, дескриптор бойынша «2 жұлдыз, 1 тілекпен»стикерде жазбаша кері байланыс береді.
Дескрипторы:
- Тірек сөздерді анықтайды
- Мәтіндегі негізгі ой желісін сақтайды
- мәтін көлемін 2\1 қысқартады

Оқулықтағы 100-беттегі оқылым мәтінін аудиожазбасын жеке құрылғы көмегімен жазып алып ресурс ретінде қолдану.

Соңы
2 минут

Сабақ мақсаты бойынша рефлексия:
Мен сабақ мақсатына жеттім..............
Оны ...........................дәлелдеймін.
Мен сабақ мақсатына жетуде қиналдым.
Оны............. қалай жетілдіремін?
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: mrsadirov (2019-05-20) E
Просмотров: 1430 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru