Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тәрбие сағаты: "Нағыз қазақ-домбыра" 7сынып
Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
В.И.Шубин атындағы жалпы білім беретін орта метебі

Сабақтың тақырыбы:

қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Агисова Айгуль Жубанышевна

2019 ж

Сабақтың мақсаты: Домбыра аспабының құрылысымен,шығу тарихымен
таныстыра отырып,домбыраның ән-күй өнеріндегі
алатын орнын түсіндіру.
Оқушылардың ән-күй тыңдау арқылы әуендік
сезімталдығын арттыру,есте сақтау,қиялдап,ойлау
қабілеттерін дамыту.Өнер иелерін құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Домбыра суреті,домбыра,күйшілердің
суреттері.домбыра туралы жазылған ұлағатты
сөздер(слайд),шарлар т.б
Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар,оқушылар! Біз бүгін «Нағыз қазақ -домбыра»атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәрбие сағатымызда домбыраның шығу тарихы,домбыраның құрылысы,оның ән-күй өнеріндегі алатын орны,тағы басқа домбыра туралы білімдерімізді ортаға сала отырып,білмегендерімізді үйренеміз. Өз тәжірибесімен бөлісуге,өнерге баулуға ,көрген-білгенімен бөлісуге біздің мәдениет үйінің басшысы ,домбыра үйірмесінің директоры Кенжебаев Жасқайрат Жолымбетұлың шақырдық.
«Домбыра-көшпелі елдің көне көз шежіресі,көпті көрген қарияның көкірек күйі»- деп Ахмет Жұбанов атамыз айтқандай ,қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішінде көп таралған екі ішекті,кейде үш ішекті,шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі болған.Домбыраның шығу тарихына келетін болсақ «Қос ішек» күйінде былай делінген.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты.Ол биік таудың қиясын,қалың қарағайдың арасын
тұрақ еткен бұғы маралды аулап,кәсіп етіпті.Бірде жолы болып,биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да,маралды таудың етегіне түсіру үшін ішек- қарнын ақтарып алып тастайды.
Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт « аң атуға жақсы жер еді ғой»- деп теңбіл маралды атқан жерге соқса ,құлағына бір ызыңдаған дыбыс естіледі.Барлап қараса өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек,ол қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді.Ызыңдаған дыбыстың сол ішекттен шығып тұрғанын аңғарады.
Қарағайдың бұтағына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап,жанға жайлы дыбыс шығарады.Оның өзі бірде уілдеп,бірде сарнап,енді бірде сыңсып жылағандай болып аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.Сол жерде аңшы жігіт «қой мына ішекке тіл бітейін деп тұр екен,амал жасайын» деп ішекті үйге алып келіп, бір аспап жасап,оған қос ішекті тағады.Содан тартып көрсе шынындада қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды,тыңдаған жанның бәрін ұйытады.
Мінеки,балалар,домбыра осылайша көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналған екен.
-Ал,қане айтыңдаршы,кімдердің үйлерінде домбыра бар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
-Өте жақсы,қараңдаршы балалар,домбыра аспабы көпшілігіміздің үйлерімізде бар екен.Ал осы домбыра қандай бөліктерден тұрады,білеміз бе?
-Ия,білеміз.
-Олай болса домбыраның сыртқы құрылысына тоқталайықшы.
1-оқушы:Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады.Оған :қарағай, қайың, жөке, шырша сияқты ағаштар пайдаланылған.
2-оқушы:Домбыраның шанағы бұл дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі.Қазақстанның әр түрлі өлкесінде домбыра шанағының сыртқы пішіні түрлі-түрлі болады.Мысалы:Оңтүстік пен батыс өлкелерінде ол сопақшаланып немесе дөңгеленіп келеді,орталық,шығыс,солтүстік өлкелерінде домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалады.
3-оқушы:Домбыраның ұзынша мойнына 2 немесе 3 перне тағылады.Алғашқы кезде перне саны 5-7 болса,кейін оның саны 9 дан 19-ға жетті.
4-оқушы:Домбыраның басы- екі құлақ бекітілетін жері.
5-оқушы:Домбыраның беті-шанақтың қақпағы екі ішекті қағып,дыбысты естіртетін жері.Домбыраға тағатын ішекті қойдың немесе ешкінің ас ішегінен иіріп жасайды.
6-оқушы:Дыбыс ойығы-домбыра бетінің немесе қақпағының дөңгеленіп ойылған тесігі.
7-оқушы:Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады.Ол екі ішекті көтеріп тұратын алмалы-салмалы ершік.
8-оқушы:Домбыраның түймесі(ілгегі)-шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері.
9-оқушы:Екі құлақ-домбыраның басындағы екі ішектің ұшы бекітілетін жері.Бірде оң бұрау,бірде сол бұрау әдістері арқылы домбыраның құлақ күйін келтіреді.(Мұғалім өзі домбыраның бұрауын келтіріп көрсетеді.)
Тамаша!Сендер домбыраның құрылысын өте жақсы біледі екенсіздер.
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім,-деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, домбыраның қазақ өнеріндегі орны қандай?Домбыра не үшін қолданылады, қане кім айтады?
10-оқушы:Домбыра халық әндерін сүйемелдеп ән айтуға,күй тартуға қолданылады.
Ал осы домбырамен сүйемелдеп ән айтқанда,күй тартқанда домбырада отыру мәдениетін білемізбе?
Оқушылар: Ия
Бір сәт тақтадағы суретке назар аударайық.Әйел адамдар қалай отырады,ер адамдар қалай отырады?(сурет бойынша түсіндіріп өту)
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай халқымыз ешбір мереке,
қуанышты күндерін ән-жырсыз өткізбеген.Ендеше сөз кезегін әнге берейік.
Әнші қыздарымыздың орындауында «Қазақ осы» (Мадина,Жансая)
Мұғалім: Тамаша!Енді сөз кезегін Жасқайрат ағамызға береміз.(Ағамыз оқушыларға арнап бірнеше күй орындап берді.)
Ал енді тәрбие сағатымыздың келесі бөлімінде сендердің домбыра туралы білетін тақпақтарыңды тыңдайық.
Гани: Қолыма алсам домбыра
Жөнейді жүйткіп тынбайды.
Әсерлі күйдің сазына
Еш уақыт құлақ құршы қанбайды
Домбырам тыңдасам.
Еш уақыт құлақ құршы қанбайды.
Таймас: Өсірген өнерімді қызыр - бабам
Үніңнен айналайын бұзылмаған!
Киелі пернеңе бір қол соқпасам
Ішектерің жетімсіреп ызыңдаған.
Нұртан: Ән менен күйді саралап,
Асылын таңдап ойнаймын.
Пернені түгел аралап,
Қос ішекке тіл бітірмей қоймаймын.
Аяулым: Па,шіркін,шешен домбырам,
Жүйріксің жүлде алғандай!
Бабыңды тауып ойнасам,
Екпінің тау мен тасты жарғандай.
Ақмоншақ: Екі ішектің бірін қатты
Бірін сәл-сәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес
Нағыз қазақ -домбыра!
Сабақты қорытындылау. «Өнер таусылмас азық,жұтамас байлық»-,дейді халық даналығы.Өнер түрлері өте мол.Соның ішінде домбырамен ән айту,күй тарту халықпен бірге жасап келеді,жасай да береді.Сондықтан домбыра аспабын атадан қалған мирас,мұра ретінде қастерлеп,құрметтеп төрімізге іліп қоялық.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aura6677 (2019-06-14) | Автор: Агисова Айгуль Жубанышевна E
Просмотров: 1323 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-10-13, 4:11 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru