Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстан – Азиада-2011-ді қарсы алады
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Милы орта мектебі
Қайрақбаева Ұлдай Сағындыққызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
Қазақстан – Азиада-2011-ді қарсы алады
Мақсаты:
Білімділік – себеп-салдар салалас құрмаластың құрылыс мен құрылымының ерекшелігін ұғындыру;
Тәрбиелік – оқушылар бойынша адамгершілік, достық сезімдерін ұялату, өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу;
Дамытушылығы – ой-өрісін, таным деңгейін кеңейте отырып, еріктілік, өз күшіне сенуін қалыптастыру, өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып байланыстыра білу дағдысын қалыптатыру.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі .
ІІ. Үй жұмысын тексеру.

«Бізге мәлім деректер» бойынша жұптық сұрақтар беру.
І жұпқа: Жай сөйлемднің қандай түрлері бар?
Жақты және жақсыз сөйлемнің айырмашылығы не?
ІІ жұпқа: Жалаң және жайылма сөйлемнің айырмашылығы неде?
ІІІ жұпқа: Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Қазан айы. Түнерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел.
Бұл қандай сөйлем?
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Мұны білген жөн»
Диагностика сәті
1. Құрмалас сөйлем жайында не білеміз. (Оқушылар білгендерін кезекпен айтады.)
«Ізденіс тенденциясы» сәті
Берілген сөйлемдерді «миға шабуыл» әдісі арқылы кеңейтіп түсіндіру үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді.
1. Қысқы Азиада алауын алып жүрушілерге аса мән берілді және Алаушыларды іріктеу үшін республикалық комиссия құрылды.
2. Алау жағу дәстүрін неміс Карл Дьем ойлап тауып, 1936 жылы Берлинде өткен жазғы олимпиадалық ойындар кезінде жағылған.
3. Ақтөбеліктер Азиада алауын қаншалықты қуанышты қарсы алса, көршілес Қостанайға соншалықты көтеріңкі көңіл-күйде шығарып салды, Азиада алауын Қостанайда қысқы шілденің шымшылаған сарышұнақ аязы қарсы алды.
«Тұсау кесер» сәті. Әрбір жұп өздеріне берілген сөйлемдерді түсіндіріп, қорғайды.
2. Дұрыс, балалар, құрмалас сөйлем екі не одан да көп сөйлемнен тұратынын, сөйтіп күрделі ойды білдіретінін білесіңдер. Ал ыңғайлас салаластың жасалу жолдары туралы не білесіңдер?
3. Себеп-салдар салаластың ережесін айтып көрейікші. (Ереже айтылады)
4. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемнің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз. Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәнінен бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Керісінше, салдар мәнді сөйлем себеп мәнінен бұрын тұрса, арасына қос нүкте қойылады.
5. Жалғаулықты себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын қалай білеміз.
6. Егер сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтар бұрын тұрса себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналақсан болады. Себебі, өйткені, неге десеңіз деген шылаулар тұрса, салдар мәндісі соң орналасқан болады.
І. «Жеңілден күрделіге қарай»
104-жатттығу. Сөйлемдердің қайсысы мезгіл мәнді, қайсысы себеп мәнді құрмалас етіп құрауға болатынын ойланып, бірінші мен екінші топтағы сөйлемдерді құрмаластырыңдар.
ІІ. «Талдау-табыс кілті»
Берілген сөйлемге морфологиялық талдау, бір сөзге фонологиялық талдау жасау.
Шөпті қалың жайып, атам арбаға жайғасты.
ІІІ деңгей. «Ойлан!»
1. Берілген жай сөйлемдерді құрмаласқа айналдыр.
1. ҮІІ қысқы Азиада ойындарының Алауы 11 қаңтар күні Кувейттің Эль-Кувейт қаласында жағылды. 2) Келесі күні сауырында «Азиада Алауы» деп жазылған арнайы ұшақ алауды Алматыға жеткізді. 3) Ал Алаудың Эль-Кувейттен бастау алуының да реті бар. 4) Азия олимпиадалық кеңесінің штаб-пәтері осында орналасқан. 5) Бұл Алаудың жасалуының біз үшін маңызды жағы бар. 6) Алматы қаласының маңынан табылған біздің заманымызға дейінгі І-ІІІ ғасырларда өмір сүрген ежелгі сақтардың шамына ұқсайды.
2. Психологиялық жаттығу. Мазмұны жағынан байланысы жоқ берілген сөзерді қатыстырып, қызықты әңгіме құрастырып көріңдер. Мәтінде құрмаластың қандай түрін қолдандыңдар?
Доп, үстел, от, сақал, су, шал, алма, кілем, күлкі, аққала.
(Мысал үшін мен бір мәтіннің үлгісін көрсетемін. Берілгене сөздер: Маса, қылыш, мысық, сабын, шалбар, дақ, аю, алаша, сарай, күйсандық.)
Бірінші сөз – маса. Мен оның қылыш сүйретіп бара жатқанын көремін. Қылыш – бұл екінші сөз. Келесі сөз – мысық. Қылышқа қараймын, сабы мысықтыың басы бейнелес, мысықтың мұрты сабан іспеттес. Сабаннан шалбар тоқыдым, шалбарға дақ жұқты. Даққа қараймын – аюға ұқсайтын сияқты. Аю алашаның үстіне отырды. Ол шиені ұнататын сияқты, шие сүйегінен өзіме сарай жасадым. Сарайдың ішінде күйсандық көремін.)
ІҮ деңгей. «Өзіндік ізденіс – білім негізі»
Әдебиеттен өтілетін М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасын» еске түсіріп, жаза отырып, құрмалас сөйлемді және оның түрлерін анықтау.
ІҮ. «Қайталау – оқу анасы» (Бекіту)
1. Құрмалас сөйлемнің құрамы неше сөйлемнен тұрады?
2. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ұқсастығы?
3. Ыңғайлас салалас , себеп-салдар салалас
4. Салалас құрмаластың түрлері.
Ү. Үйге 103-жатттығу.
ҮІ. Бағалау.

Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын оқушыларға меңгертудің кейбір жолдары

Қазіргі таңда білім беру саясатының тұжырымдамасына сай шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген, интеллектуалдық өрісі жоғары, өзін-өзі үнемі дамыта алатын белсенді, қабілетті жастарды тәрбиелеуде қазақ әдебиеті пәнінің рөлі ерекше екені сөзсіз. Сондықтан да бұл талаптарды жүзеге асыру үшін сабақ өзінің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері, бағыты бойынша материалдарды оқушылардың саналы түрде қабылдауын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған бағдарлама бойынша ұсынылып отырған екі сағат Жамбыл мұрасын тануға аздық етеді. Сондықтан да осы кемшілікті толтырып сапалы білім беру мақсатында оқушыларға алдын ала ізденіс тапсырмаларын беріп бағыт-бағдар сілтеу, сөйтіп оқушының білім алуға өз талпынысын дұрыс жолға қоя білу қажет.
Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын оқытуға арналған бірінші сағатта мұғалімдәстүрлі мектептегі оқыту әдістеріне сай ақынның алдымен туып өскен ортасына, негізгі шығармашылықтарына тоқталып өтеді де, екінші сабаққа оқушылардың өздерінің ізденіс жұмысын жүргізуіне сілтеме береді. Және бұл кезеңде мұғалім: Жақсы сөзді ел жаттар,
Ел жаттар сөзде салмақ бар, - деп жырлаған Жамбылдың әр сөзінде сиқырлы құдірет барын, сондықтан да оның жырлары елуден астам халықтар тілінде дүние жүзін шарлап кеткенін айтады. Жамбыл туралы айтылған пікірлерге тоқталады.
Жамбыл туралы пікірлер
Николай Тихонов «Өлең сөздің пірі» деп бағалады.
Белорус жазушысы Янка Купала «Қазақ даласының бұлбұлы» деп атады.
М.Матусовский «Память Джамбула» деген өлеңінде «ХХ ғасыр Гомерісің» деп жазды.
Басқа арнауларда «дана», «көреген», «шебер», «батыр», «құдіретті», «киелі» деген теңеу метафоралар көп кездеседі.

Өзге халықтың өкілдері көтермелей бағалаған Жамбыл туралы біз не білеміз? Оның шығармалары несімен құнды? Артына қалдырған мұралары бүгінгі ұрпаққа не береді? деген сауалдар төңірегінде оқушыларды ойлантып, Ж.Жабаевтың өлең жырлары және ол туралы жазылған мақалаларды, естеліктерді қарастырғанда айтылар мәселелердің аз еместігіне көздерін жеткізеді.
Жамбылдың шығармашылығын толық меңгеру мақсатында баланың қабілетіне қарай төмендегідей деңгейтік тапсырмалар тақырыпшаларын топтастырып беруге болады.
І топ. Жамбыл шығармашылығы туралы.
Бұл бағытта жұмыс істейтін оқушылар Жамбыл жырларының тарихилығына, тіл көркемдігіне, сөз сұлулығына талдау жасау. Жамбылдың ұстазының берген батасын, Жамбылдың өлең жырдың атқарар қызметі туралы пікірлерін жинақтау. Өлеңдегі көркемдік, шеберлік: символика, эпифора, аллегория. «Бесік жыры» өлеңіндегі аллитерация, ассонанс. Өлеңдегі қазақ ауылына жаңа заманмен бірге келген сөздер. «Әділдік керек халыққа» толғауындағы нақыл сөздер. Р.Сыздықованың «Жамбылдың ұлылығының бірегейі болмаса да бір сыры тілінде жатыр» деуі неліктен? Жамбылдың адамды кескіндеудегі теңеу, салыстыру тәсілдері. Сол кездегі сөздік қорымызда бар көне атауларды қолдануы, басқа тілдерден енген кірме сөздерді қолдауы.
ІІ топ. Жамбыл мен Нұрпейіс: көркемдік үндестік.
Ж.Жабаев «Сұраншы батыр» дастанындағы Сұраншының майдандағы сәті мен Нұрпейістің «Құбығұл» дастанында Құбығұлдың Қарасбекпен жекпе-жегін салыстыру. Жамбылдың «Әділдік керек халыққа» толғауы мен Нұрпейістің «Ұлы Отан соғысы туралы жыр» шығармасындағы көркемдік үндестік. Жамбылдың Шашубаймен айтысындағы қолданылған теңеулері. Нұрпейістің Қазақбаймен айтысындағы теңеулері. Жамбылдың «Мал өсірушілерге» өлеңі мен Нұрпейістің «Қазақстан» толғауындағы гипербола мен әсірелеу. Нұрпейіс Байғаниннің Ж.Жабаевтан үйреніп, үлгі тұтуы.
ІІІ топ. Халық ақындары соғыс жылдарында.
Соғыс тақырыбындағы жырлары. Жамбылдың соғыс жылдарындағы өлең-жырларындағы «ұрпақ» ұғымын түрлендіруі. «Жау» сөзінің синонимі, антонимі. Жау образын кескіндеуі, «қанішер» сөзінің баламалары. Эпитет, теңеу, метафораға мысал теру. Жамбылдың мақал-мәтелдерді тиімді пайдалануы. Идеомалық тіркестер. Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңіне берілген баға. Жамбылдың «Екі дүние айқасты» өлеңі мен Нұрпейістің «Ұлы Отан соғысы туралы жыр» өлеңіндегі теңеу мен нақыл сөздер. Нұрпейістің «Ұлы Отан соғысы туралы жыр» өлеңі мен Жамбылдың «Қаһарман халық достығы» өлеңінде достықтан туған алып күшті әлемге паш етуі.
ІҮ топ. Ұлы жыршының шәкірттері хақында.
Жамбылдың тағылым алған ортасы. Жамбылдың шәкірттері. Бармақтың Жанат қызбен айтысы және Жамбыл мен Сайқал қыздың айтысын салыстыру. Жамбылдың төл шәкірттерінің бірі – Үмбетәлі Кәрібаев пен Нұрила Әбенқызының айтысы. Бұған Жамбылдың төрелігі. Жамбылдың айтыстық, жыршылық шеберлігінің күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқанына дәлелдеу. Жамбылдың немересі Әлімқұл қария, шөбересі Бұлан Жамбыл туралы айту.
Қорытындысында, оқушылардың ақын туралы естеліктер мен пікірлерден мысал келтіре отырып, оның адамгершілігін, шығармашылығын, туған еліне деген сүйіспеншілігін оқып, танып, білуге тырысқандықтарын айтамын: «Жамбыл әлемі телегей теңіздей екен. Оның мол мұрасы – келер ұрпақ үшін мол қазына, асыл мұра. Оны мына сызба схемадан көрейік» - деймін.

Жамбыл
қайталанбас дара тұлға
сегіз қырлы, бір сырлы
ақын
суырыпсалма-импровизатор
көптеген ақындар тәрбиелеген ұстаз
әнші
домбырашы
дастаншы

Ақынға тән қасиеттер
намыс, жігер, қызу шабыт
парасатты білім
суырып салмалық, терең білім
тапқырлық, ұтымды ой
сөзге тоқтау
талант, арқа

Жамбыл жырларының халықтар достығына, келешек ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке баулуда маңызы зор. Ол екі ғасырдың көшін жалғаған аспалы көпір іспеттес. Жыр алыбының ерекшелігі - өткен ғасырдың бірінші мыңжылдықтағы жыраулық, импровизаторлық дәстүрді бізге жеткізгендігінде. Екінші бір ерекшелік – Жамбыл жырларының халықтығында. Ақын даусымен кешегі халық басынан өткен ғасырлар үнін естісек, жырларынан елінің болашағы мен бақытына сенімін көрдік. Демек, ол келешек ұрпақпен де бірге жасай береді. Жамбыл – мәңгілік құбылыс.
Әр топ өз ізденісі нәтижесінде жинақтаған білімдерін ортаға салады, өзіндік ой қорытуға мүмкіндік туады. Соңында барлығы бір-біріне бекіту сұрақтарын қояды. Үйден орындауға Жамбыл шығармашылығына байланысты «Өлең сөздің пірі» тақырыбында шығарма жазуға тапсырма беріледі.
Бұлай ұйымдастырылған жұмыс оқушыларды, біріншіден, ақынның шығармашылығымен толық танысуға мүмкіндік берсе, екіншіден, оларды өзіндік жұмыстар арқылы ізденушілікке, өзіндік ой-пікір қалыптастыруға бағыттайды.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Рай (2011-02-21) | Автор: Қайрақбаева Ұлдай Сағындыққызы
Просмотров: 4269 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru