Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Урок казахского языка в старшей группе
Балабақша: №42 оқу тәрбие кешені
Аты – жөні: Исабекова Айнұр Еркенқызы
Қызметі::Қазақ тілі мұғалімі
Жұмыс тәжірбиесі:3 жыл
Топ: ересек

Жеміс-жидек, көкөніс адам ағзасына өте пайдалы, әсіресе жаңа қалыптасып, өсіп келе жатқан жас өрендер өздерінің бойларында есте сақтау, терең ойлау, қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарау үшін ағзаларының дұрыс дамуы керек. Жеміс-жидек, көкөністердің бұған келтірер әсері өте зор. Қазіргі заман талабына сай тілді дамыту ең басты мәселенің бірі. Сондықтан балалардың тілін дамытуда әртүрлі тақырыптарда түрлі әдіс – тәсілдермен сабақтар өткізіледі. Сондай сабақтарымның бірі - «Күз сыйлығы»

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: педагогтың сөйлеу үлгісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, түзеу, көмек көрсету, ойын, сергіту сәті, модельдендіру, мнематехника, ойлау, қайталау, қорыту, хормен жауаптар, үйлестірмелі материалдар.

Қолданылатын әдіс – технологиясы: «Step by step »

Сабақтың тақырыбы: «Күз сыйлығы»

Сабақтың мақсаты: 1.Балаларға күзгі сыйлық тақырыбын түсініп білу, жай сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сөйлемдерді құрастырғанда зат есімдерді, сын есімдермен, сан есімдермен, етістіктермен байланыстыру;
2.Өткен сөздер арқылы ой-өрістерін, ойлау қабілеттерін, суреттерді көрсету арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін, сөздерді қайталау арқылы сөздік қорларын дамыту, күздің керемет сұлулығын балалардың санасына жеткізу, әр түрлі ойындар арқылы балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру;
3.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, ойыншықтар, плакаттар, схемалар.
Меңгерілетін сөздер:
Күз-осень
Жемістер-фрукты
Көкөністер-овощи
Алма-яблока
Алмұрт-груша
Сәбіз-морковь
Қияр-огурец
Пияз-лук
Қарбыз - арбуз
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа тақырып
Дыбыстық жаттығу
Сергіту сәті
Ойын
Тіл дамыту
Өздік тапсырмалар
Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі:
а)балаларды шеңберге жинап амандасу;
топты түгендеу;
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар.

Жаңа меңгерілетін тақырып:
Балаларға сұрақтар қою
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз жыл мезгілі
- Күз мезгілінде не жауады?
- Күз мезгілінде жаңбыр жауады.
- Күз мезгілінде не соғады?
- Жел соғады.
- Нелер жерге түседі?
- Жапырақтар жерге түседі.
- Жапырақтардың түстері қандай болады?
- Жапырақтардың түстері: сары, қызыл, жасыл болады.
- Балалар біз күзде нелер жинаймыз?
- Жеміс – жидек, көкөністер.
- Балалар қараңдар не бізге қонаққа келді?

- Ол кірпі.
- Балалар кірпі қыс мезгіліне дайындалып жатыр екен, сол үшін жеміс-жидек, көкөніс жинауға бізден көмек сұрайды.
- Қалай көмек көрсетеміз бе?
(мұғалім мен балалар кірпіге көмектеседі)
- Мына суреттегі жеміс – жидектер мен көкөністерді кім атап шығады?

- Мынау қарбыз, қияр, пияз, алма, сәбіз, алмұрт.
- Балалар кірпі сендерге рахмет айтты. ол сендерге кішкентай сыйлық қалдырып кетті, сабақ аяғында мен сол сыйлықты сендерге таратамын, бірақ сендер өздерінді жақсы жақтан көрсетулерін керек.

Дыбыстық жаттығу:
- ма –ма –ма – алма
- мұрт –мұрт –мұрт – алмұрт
- біз –біз –біз – сәбіз
- қи –қи –қи – қияр
- быз –быз –быз – қарбыз
- яз –яз –яз - пияз

Сергіту сәті:
Алма, алма көп алма,
Қызыл, жасыл көп алма.
Теріп алып, келейік,
Атамызға берейік.

Ойын: «Сиқырлы қоржын»
Ойынның шарты: қоржынға жеміс-жидектер салынады, балалар көздерін жұмып жеміс-жидектерді қоржыннан алып шыққанда оның не алып шыққанын өзі айту керек.
Мысалы: мынау алма, алма тәтті, түсі қызыл.

Тіл дамыту:
Схема бойынша сөйлемдер құрау.
. . .
Мысалы: Менде алма, сәбіз бар.
Менде қарбыз, қияр, сәбіз бар.

Мысалы. Менде үлкен алма жоқ.
2 .
Мысалы: Менде екі кішкентай сәбіз бар.
3 .
Мысалы: Менде үш қызыл алма жоқ

Мысалы: Сенде қарбыз бар ма?
.
Мысалы: Ия, менде қарбыз бар.

Дидактикалық ойын: «түн және күн»
Ойынның шарты: мұғалімсуреттерді қойып шығады, балалар көздерін жұмады, жұмған кезде мұғалім суреттердің орнын ауыстырады.

Өздік тапсырмалар орындау. «Step b » әдіс технологиясы бойынша.
Балаларды екі топқа бөліп өздік тапсырмалар орындайды.
1-ші тапсырма, қай сурет артық?


2-ші тапсырма, берілген суреттердің алғашқы дыбысын тап.

Қ А С А П Қ
3-ші тапсырма, сөйлемді дұрыс құрастыр.
3

Сабақты қортындылау:
Дидактикалық ойын: «Сөзді аяқта»
Ойынның шарты: мұғалім өткен сөздердің бірінші буынын айтады, балалар сол сөзді аяқтайды.
Мысалы: қар – быз, пи – яз, сә - біз, ал-ма, ал – мұрт.
- Балалар қандай тақырып өттік?
- Кім өзін мақтағысы келеді?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Балалар бүгінгі сабақта өте жақсы жұмыс жасадыңдар, сендерге көптен көп рахмет, мынау кірпінің сендерге қалдырып кеткен сыйлығы.
Сабақ аяқталды!

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: mugalim (2011-02-27) | Автор: Исабекова Айнур E
Просмотров: 3851 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru