Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту мен сауаттылыққа қол жеткізуде ақпараттық техникалық құралдарды тиімді пай
Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бағжанова Баян Нұрланбековна

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту мен сауаттылыққа қол жеткізуде ақпараттық техникалық құралдарды тиімді пайдалану

Кез-келген өркениетті елде көп тіл білу – басты мақсат екенін мектеп оқушылары жақсы біледі. Қазіргі таңда қоғамның, өмірдің аяқ алысына ілесе білу үшін көп тіл, оның ішінде мемлекеттік тілді білмеуі баласының ертеңі бұлыңғыр болатынын әрбір ата-ана жете түсінеді. Сондықтан да орыс мектептерінде қазақ тілін беруші мұғалімдерге талап-тілек өте зор. Орыс мектептерінде орыс тілді балалар, оның ішінде қазақ балалары да, қазақ тілін екінші тіл ретінде қабылдайды. Қазақ тіліне деген ынта, қызығушылық, тіл үйренуге деген белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің білімділігімен қатар шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі күні қазақ тілін үйретуде мұғалімнің ең бірінші көмекшісі - ақпараттық техникалық құралдар. Біз де өзімізше осы техниканы үйреніп, өз сабағымызға қолдануға тырысып жүрміз. Техникалық құралдар бізге әртүрлі жұмысты тез және қысқа мерзімде, жан-жақты, түрлі-түсті, көркем етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Ал оқушыға өз бетінше орындап, білім деңгейін тексеруге мүмкіндік туғызады.
Алдымен:
• сабақтың түрін , тақырыбын анықтап алу;
• ақпарат жинау;
• ақпаратты саралап, сұрыптау қажет;
• оқу әрекетін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру;
• сабақты жағымды эмоция, жағымды әсерлермен қанықтыра білу;
• сабақтың мақсаты мен нәтижесінің бірұштылығын жоспарлау керек.

«Бастауыш сынып барлық білімнің негізін береді» деген қағида бар.Олай болса біз - ұстаздар бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін тек пән ретінде жүргізбей, оны тіл білімінің негізі ретінде, мемелекеттік тіл ретінде қазақ деген үлкен халықтың тарихына, мәдениетіне, әдебиеті мен салт-дәстүріне апарар жол ретінде үйретіп, Отанымызға деген ізеттілік, туған жерімізге деген сүйіспеншіліктерін оята білуіміз керек.
«Ауылым-берекем» атты мультимедиалық сабақ үлгісінде осы тақырып көлемінде барынша көп ақпарат жинап тақырыпты толық ашуға тырыстым. Ең бірінші, «Ауылдың тыныс-тіршілігі» деген атаумен фильм жасадым. Бұл ой шақыру мақсатында. Онда осы тақырыпқа сан түрлі көптеген суреттер
жинақталған. Бұл фильмнің мақсаты – қазақ музыкасының жетегінде ауылдың тұрмыс-тіршілігінен көрініс беретін суреттерді көрсете отырып оқушыларға ой салу, оларды ойша тақырып аясына итермелеп, білетіндерін еске салып, жалпы назарларын бір арнаға жүйелеу.
Екіншіден, ең бастысы - жаңа тақырып. Дыбыстық құралдарды - жаңа материалдарды түсіндіруде , дыбыс, сөздердің айтылуы, мәтіндерді оқуда пайдалануға болады. Материалдарды дыбыстау – түсінікті және әсерлі етеді. Бұл жерде Активстудио бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланылды. Бұл көрілім, тыңдалым, оқылым әрекеттерін орындауға мүмкіндіктер береді.
Қазақ халқы әуезді, ұйқастап сөйлегенді жақсы көреді, бұл біздің ұлттық ерекшелігіміз десем де болады. Сондықтанда жаңа сөздермен жұмысты әсерлі болу үшін «Ұйқасты сөздік» деп алып, мәтіндегі және тақырып аясындағы сөздерді ұйқастырып құрастыруға тырыстым. Осы бағдарлама мәтінді дұрыс оқуға, дауыс ырғағын дұрыс қоя білу үшін де тыңдалым әрекетін орындауға, кейін оқушылардың өздері де оқуға мүмкіндік береді.(Мәтінмен жұмыс) Айта кету керек , кез келген модуль бойынша ақпарат жинауға оқушылар өздері қатыса алады, ал балаларға сөздікпен жұмыс істеп үйренген бастап-ақ ұйқасты сөздік, алфавиттік сөздік құратуға болады. 3-4-сынып оқушылары осындай жұмыстарды өте қызығып орындайды. 2-сынып оқушылары алфавиттік сөздіктерді жақсы құрайды. Бұл олардың сөздік қорларын байытуға, жаңа сөздерді жеңіл есте сақтап қалуға, бәсекелестікке үйретуге көмектеседі. Ғалымдардың есептеуінше, адамдардың бестен төрті пайдалы информацияны көру арқылы қабылдайды деп танылуы да көрнекіліктің ұтымды тәсіл екенін дәлелдейді.
Жаңа тақырыпты, оқушының білім деңгейін бекіту үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады. Ақпараттық техникалық құралдар көптеген тапсырмаларды аз ғана уақыт ішінде, тез арада орындап шығуға мүмкіндік береді, сондықтан тапсырмалар неғұрлым көп болса, неғұрлым әртүрлі болса солғұрлым жақсы. Сабақ барысында тақырыпты жүйелеу үшін бірнеше фильм жасауға тура келді, оның әрқайсысын жек -жеке әртүрлі сабақта қолдануға болады.
Қазақ тілін еркін меңгеру, сауатты сөйлеу, сауатты жазуы , тіл тазалығы - қатемен жұмысқа, жазба жұмыстарды үнемі түзетіп отыруға тығыз байланысты. Қатемен жұмыстың 14 түрі белгілі.

Мысалы:
• әріп қатесі (енбек, мазмұн, бүгүн);
• артық әріп (ылақ, минута, газета):
• керісінше әріп қалдырып қою (снып-сынып, оқшы-оқушы);
• қателесіп, бөлек жазылатын сөздерді біріктіріп қосып жазу (баспа сөз – баспасөз, ден саулық –денсаулық, еңбек ақы – еңбекақы);
• немесе керісінше бірге жазылатын сөздерді бөлек жазу ;
• сөз қалдырып қою сияқты қателер кездесіп жатады. Осының бәрін көріп, түзеп отыру - біздің күнделікті жұмысымыз.Оқушы мен мұғалімнің орнын ауыстырып көрейік.
3-сыныпта «Бау-бақшада» тақырыбы бойынша қазақ тілі сабағында қолданылған қатемен жұмыс түрлерімен таныстырып өтейін.
І. Төл дыбыстарының ерекшеліктерін ажырата біліп, әр төл дыбысын меңгерту – қазақ тілін үйретуде ең үлкен орын алады. Сол себептен де бірінші қатемен жұмыс түрін тән дыбыстарымен жүргіздім. Мысалы: кей қазақ тілінің тән дыбысын дыбыстардың әріп емлесіне сүйену арқылы үйретуге болса, кейбір сөздерде есте сақтау арқылы үйренуге тура келеді.. Мен уақыт үнемдеу үшін 9 дыбысты бірдей алдым. Ал 1, 2- сыныптарда әрбір тән дыбысын жеке-жеке алған дұрыс. Техникалық мүмкіндіктер тақтадағы қатені әртүрлі жолмен жөндеуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылар үшін әрі ойын, әрі сабақ.
ІІ.Тіл үйретудегі пәрменді құралдардың бірі - көркем, әдемі суреттер. Бұның өзін сурет қана емес, біз оны оқушыға заттың мәні жөніндегі түсінігін дәлелдеу үшін және қосымша жаттығу үшін пайдаланамыз. Қалай? Қатемен жұмыстың бұл түрінде балалар суретке қарай отырып, осы затқа байланысты оның жеміс пе, жидек пе, әлде көкөніс пе екенін ажырата білуі керек, оның түсін, пішінін, дәмін ажырата білуі керек. Оқушы бұрыс мәтінді оқи отырып, оның қатесін тауып, дұрыс әңгіме құрауы керек. Әрине бұл жұмыс бүлдіршіндердің сөздік қорын байытып, жылдам, тапқыр болуына ықпал етеді. Дұрыс орындаған жағдайда түрлі аннимациялық әсерлер қосып қоюға тағы болады.
ІІІ.Қатенің келесі түрі – орыс тілінен дұрыс аудару үшін сұраулық шылау мен етістіктің болымсыздық түрін ажырата білуінде. Мысалы, тыңдалым әрекеті - орыс тілінен болсын, қазақ тілінен болсын интонацияны дұрыс қоя білуінен сауатты дұрыс аударма жасауға ықпал етеді.

ІҮ. Қазақ тілінде сөздердің орын тәртібі сақталуы керек. Сол себептен де келесі қатемен жұмыс үлгісі сөйлемді дұрыс құрауға негізделген. Осы сияқты түрлі тапсырмаларды орындата отырып балаларды дыбыстарды ажыратуға, дұрыс сөйлем құрауға, тіл үйренулеріне мүмкіндік туғызамыз. Ақпараттық техникалық құралдардың бүлдіршіндердің тілді үйренуге қызығушылықтарын туғызып, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда көмегі көп, соны үйрене, игере білгенде ғана біздің берген біліміміздің мазмұны тереңдеп, сапасы жақсара, жоғарылай түседі.Әдіскер-ғалым Қ.Қадашева: «Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарын қолданғанда сабақтың негізгі үш түрі айқындалады:
-оқулық бойынша өтілетін матералды бекіту және қорытындылау:
-өмірдегі шындықпен жақындастыру және танымын арттыру:
-үйренушінің қабілет белсенділігі қызметіндегі сөйлеуді жандандыру» - дейді.
Тіл-қатынас құралы. Адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын негізгі қатынас құралы. Қорытындылай келе, біздің бүгінгі бүлдіршіндеріміз ертеңгі өз Отанына адал қызмет ететін, талабы мен білімі жоғары, өз ортасын жарып шыға алатын, әлемдік өркениетке ұмтылған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, ең бастысы нағыз қазақстандық -ұлтжанды азамат болулары керек дегім келеді.

3 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТІЛІМІ

Сыныптар
2008/2009
2009/2010
2010/2011

83%

73%

60%

68% 86%

76%

66%

70% 78%(ІІ тоқсан бойынша
71% (ІІ тоқсан бойынша)
64% (ІІ тоқсан бойынша)
72% (ІІ тоқсан бойынша)

Оқушылардың жетістіктері
Матвиенко Алена – 2009/2010ж мектепішілік олимпиада І орын, оқушылардың ғылыми конференциясында І орын, 2010/2011ж мектепішілік олимпиада ІІІ орын.
Шандер Денис - 2009/2010ж мектепішілік олимпиада І орын.
Бауэр Виталий, Шалбаев Дінасыл, Апачиди Катя, Автаева Карина – 2010/2011ж мектепішілік пәнаралық олимпиадада барлығы жоғарғы ұпай алды.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Cerg68 (2011-03-01) | Автор: Бағжанова Баян Нұрланбековна E
Просмотров: 6941 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru