Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Шақпақбаева Назигүл Жанғалиқызы
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласындағы
№ 35 жалпы орта білім беретін
мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

[/c]ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана-сезімде, төл халкының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт.
Ж.Қоянбаев пен Р.Қоянбаев "Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты өмірге дайындау, өнер-білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. ...Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, үйелмен тәжірибелер т.б." жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі рөліне айрықша тоқтала отырып "... халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті" дейді.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.
Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді. Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: " Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады". Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.
Қазак халқының өзіндік ерекшелігіне жас ұрпақты туылған кезінен бастап, халықтық педагогика негіздерімен тәрбиелеуі жатады. Бесік жырынан бастап, өскенге дейін бала тәрбиелік маңызы жоғары өсиет сөздер естіп өседі. Бірақ, қазіргі кезде ата дәстүрлері қалалық жерлерде ұмытылып жүр.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдылыққа, адалдық пен кішіпейілділікке, ибалылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.
Қазақ тілі сабактарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиетгерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады.
С.Рахметова қазақ тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:
1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3. Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен,
еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге,
адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа,
кішіпейіл болуға тәрбиелеу;
4. Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқап біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін кадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру,тілін одан әрі дамыта түсу;
6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық
күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар
достығы рухында қалыптастыру;
7. Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлык нормаларына үйрету;
8. Еңбекке кызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Демек, 5-сыныпта казақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:
1. Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда
жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту
барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп,олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
2. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін қазақ тілін оқыту барысында тиімді қолдану қажет.
Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.
Мәселен, қазақ халқының киелі сандарымен таныстыру. Сабақта сандардың қасиетті екенін түсіндіріп, ұқыптылыққа, сыпайлыққа, ұжымдықпен жұмыс істеуге тәрбие беру көзделеді. Сабақ көрнекілігіне жеті басты жылан, аты жазылған карточкалар, асықтар, теңгелер, жеті жолақ, ғажайып алау барабанын, жануарлар суретін пайдалануға болады.
Мысалы: 3, 4, 5-ке немесе 7-ге байланысты ойын түрлері.
1. «Асық» ойыны. 4 санының қадір-қасиеттерін атау.
(Төрт мүлік, төрт тұлға, төрт құбыла, төрт маусым, төрт тоқсан, төрт бұрыш, төрт түлік, төрт күнә жөнінде.)
2. "Қол күрес" білім сайысы. Сан есімді қайталауға арналған тапсырмалар.
(Үш із, үш арсыз, үш байлық, үш қазына, үш мақсат, үш қадірсіз, үш көз, үш тоқтам, үш жүз, үш тәтті, үш қуат, үш жұрт жөнінде)
3. "Арқан тартыс" ойыны. (Бес қару, бес борыш, бес жаратылыс, бес қатер жөнінде)
4. "Блиц-турнир" ойыны. Тақтада үш түрлі тақырып бойынша үш деңгейлік тапсырмалар ілулі тұр. Ұлттық ойындарға, ұлттық тағамдарға, ұлттық киімдер жайлы тапсырмалар.
5. «Ғажайып алаң» ойыны. Сөз таптарына байланысты тапсырмаларды орындайды.
6. «Адасқан септіктер» ойыны. Сөздеріне қарай оқушылар қай септік екенін табады.
7. «Тапқырлар» ойыны. Қазақтың мұсылмандық заңдарымен таныстыру. Дұрыс жауабын тауып, аудармасын айту.
1) Ата-анаға тіл тигіз - ...
2) Өтірік айт - ...
3) Ұрла ...
4) Күш көрсет - ...
5) Өсек тасы - ...
6) Нанды бас - ...
7) Адам өлтір – ....
8. «Теңге алу» ойыны. Тыйым сөздерді айту.
1) Ұмытып кет...: есікті теп..!
2) Ізет танытып, әдепті сақта да, жатқан кісінің үстінен атта...!
3) Құр бекерге ермекке, бос бесікті тербет...
4) Шаршасаң сәл аялда, бірақ та жер таян...
5) Ұлттық салттан бұлжы..., жұма күні кір жұма.
6) Қашанда болсын есте, үлкеннің алдын кес...!
7) Өзім құмын де..., кісі ақысын же...!
9. «Құрақ құрау» ойыны. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің ретін білу, сол бойынша жасырылған сөзді табу.
10. «Қатеңді тап». Сөдің жазылуын, есте сақтау қабілетін дамыту.
11. «Көкпар» ойыны. Оқушылар сабақта, саяхатта, шеберханада көргендерін, білгендерін еске түсіріп, сөйлемдерді аяқтайды.
Менің көргенім ....
Менің түсінгенім ...
Менің ойымша ....
Демек, ұлттык педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың, өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

[c]

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Наз (2011-03-02) | Автор: Назигуль E
Просмотров: 14612 | Теги: мақала қазақ тілі | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru