Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілін дамыту" мақала
"Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілін дамыту" мақала
Семей қаласы
№ 7 жалпы орта мектеп-лицейі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жакимбаева Үміт Абылғазықызы

Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілін дамыту

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында тіл үйретуде ең алдымен сөздік жұмысына аса үлкен мән берілген. Сөздік жұмысы дегенімііз сөзді, сөйлемді дұрыс айту, оқу, сауатты жазу. Қиын дыбыстарға үнемі көңіл бөліп дұрыс оқылуын қадағалау керек. Себебі әрбір тілдің өзіне тән фонетикалық басты заңы болады. Тілдің дыбыстардың айтылуы мен өзара тіркесуін сондай - ақ сөз құрамындағы дыбыстар тізбегін реттеп отыратын сол заң болып табылады.
Қазақ тіліндегі мұндай заң үндестік заңы, яғни сингармонизм. Сингармонизм заңы дауыстылардың да, дауыссыздардың да айтылуы мен жасалуына тікелей қатысты. Сондықтан, қазақ тілінің дыбыс жүйесін (дыбыс, дыбыс тіркестері, сөз) оқыту әдістемесі де тікелей осы үндестік заңына байланысты. Оқулықтардың желісі өзге оқулықтардан басқаша. Яғни балалардың тілі қалай шығып, дамыса, сол ретпен түзелгені:
а) айтылым әрекет (айтып дағдыланумен естіп тану)
ә) таным әрекет (мынау не?)
б) бұйрық әрекет (сен ойна)
в) келер әрекет (мен ойнаймын)
г) қазіргі әрекет (мен ойнап отырмын)
ғ) өткен әрекет (мен ойнадым)
Сонымен қатар, кезекті сабақта бұрын өтпеген не дыбыс, не сөз кездеспейді.
Әрі қарай әрбір сабақ санына жаңа сөз, жаңа сөйлемдер қосыла береді.
Үлгі: Сен ... жаз. Әрі қарай осы үлгіге жаңа сөздер қосуға болады Сен екі деп жаз.
Әрбір жаңа сабақты сөздік жұмысынан бастаймын. Себебі кез келген бұрын өтілген сөз болсын, жаңа сөз болсын алдымен оның айтылым үлгісіне қатты мән беріледі. Қазақ сөзінің айтылым үлгісі үндестік заңынан туындайтын болғандықтан балалар осы фонетикалық құбылысты көкірек көзімен (интуитивно) түсінетіндей дәрежеге жету керек.
Сөздің айтылым үлгісін балаларға қарапайым әдіспен жеткізуге тырысу керек. Жуан айтылатын сөздерді жуан әріптермен, жіңішке айтылатын сөздерді жіңішке әріптермен жазып көрсетуге болады. Сонда бала жуан әріптермен жазылған сөзді көріп тұрып, оны жуан айтуға, жіңішке әріптермен жазылған сөзді көріп тұрып, оны жіңішке айтуға тырысады. Сонымен балалар сөздің жуан, жіңішке айтылуын естіп қана қоймай, оны «көретін де» болады. Сөйтіп оқушылардың есту (тыңдау) қабілетімен қатар «көзтаным» (зрительное восприятие) қабілетін де пайдаланамыз. Тілі орысша қалыптасқан оқушылар қазақ тіліндегі жуан - жіңішке айтылатын сөздерді көпке дейін ажырата алмайды. Сондықтан, жуан сөздерді басыңқырап жуан айтуға, жіңішке сөздерді нәзіктендіріп жіңішке айтуға тырысу керек. Сөздерді асықпай құрамындағы дыбыстарды үнемі анық, нық айтып отырған жөн.
Осылай әрбір сөздің төңірегінде сөз таным (слуховое восприятие) және көз таным (зрительное восприятие) қабілетін жарыстыра қатар пайдаланып отыру керек. Әрі естіп, әрі көріп, әрі өзі қайталап отырған сөз үлгісі тез және орнықты жатталып қалады. Одан әрі сөздерді оқушыларға топпен оқытқызып, айтқызу. Өздеріне, іштей жарты дауыстай, дауыстай оқытқызу. Орысша баламасын сұрау, ішіндегі кездесетін қиын дыбыстарды, яғни қазақ тіліне тән дыбыс - әріптерді дұрыс айтып оқыту, жаңа сөздерді меңгерте отырып сөздік қорын молайту. Сабақта өтілген жаңа сөдерді қолдана отырып сөйлем құрату. Ол үшін оқушыларды сөйленім үлгілерімен таныстыру басталады. Сөйленім үлгілерінің бастапқы тұрқы ( исходная форма) мынау не? және оның жауабы - мынау ...
Екінші, тілді үйренгенде таным әрекеттен кейін келетін сөйленім келетін сөйленім үлгісі - бұйрық әрекет. Соған лайық әрекетті іздеу арқылы қазақ тілінің қатынасым (коммуникативті) мазмұны қалыптасады. Мысалы: Сен ... әкел үлгісін күрделендіре отырып сөздер қосу. Сен дүкеннен дәптер әкел. Сен дүкеннен екі тор көз дәптер әкел.
Қорыта келгенде орыс мектептерінде ең алдымен оқушылардың сөздік қорының молдығына көңіл бөлген жөн. Неғұрлым сөздік қор көп болса, тіл ұстарту жұмысы жедел жүреді. Біздің сөйлеу тіліміз жеке сөздерден тұрады, сөз - тілдің негізгі бөлігі, сондықтан оқушылардың сөздік қорын жинақтап, оларды ауызекі сөзде пайдалана білуге баулу қажет.
Сөздік жұмысының кезеңдері:
1. Сөздік мағынасына мән беру. (көрнекілік, антоним, синоним, омоним). Қазақша түсінік беру.
2. Сөзді айтуда жаттықтыру (артикуляция, фонетикалық жаттығулар)
3. Сөзді белсенді қолдану (сөз тіркесі, сөйлем құрау)

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: SGK (2011-03-09) E
Просмотров: 3412 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 2:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru