Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

разработка урока по казахскому языку в малокомплектных школах
5-6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты
Сабақтың мақсаты: тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту
1.Білімділік: өткенді еске түсіру, жаңа материалды меңгерту, қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны сақтау жайындағы халық дәстүрлерімен таныстыру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген , оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру, ой-өрістерін кеңейту.
3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру, эстетикалық сезімдеріне әсер ету.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың типі: дәстүрлі емес (бинарлы), аралас
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, сөйлесу, талдау, иллюстративті, шығармашылық жұмыс, жұппен жұмыс жасау, проблемалық сұрақты шешу, өзін-өзі тексеру, бірін-бірі тексеру
Көрнекілігі: табиғат туралы жазылған мақалдар, сөздер жазылған плакат, сөзжұмбақ, карточкалар, слайдтар
ТОҚ: компьютер
Пәнаралық байланыс: биология, жаратылыстану, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қалдарың қалай?
Көңіл-күйлерің қалай?
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Кезекші монологы.
Балалар, қазір қандай мезгіл?
Қазір қандай ай?
Желтоқсан қыстың қандай айы?
Ал, желтоқсанда біздің еліміз қандай мерекені тойлайды?
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін.
Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл болды?
Қазақстанның тәуелсіздігіне 19 жыл толды.
Келесі жылы Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойын тойлаймыз.
Біалалар, қазір біздің Қазақстанымызды бүкіл дүние жүзі біледі, бұған дәлел Астанада болған Европаның Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық Ұйымының САММИТіне 56 мемлекеттің президенттері мен өкілдері келгені (САММИТ ОБСЕ). Онда өте маңызды мәселелер шешілді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның шежіресіндегі тарихи оқиға.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Балалар, өткен сабақтарда біздің Отанымыз Қазақстан, оның жер көлемі, мемлекеттік рәміздер туралы әңгіме жүргізген болатынбыз.
«Қазақстан» дегенде қандай ой келеді?
1.Осы сұраққа жауап беру үшін тақтадағы сөздерге назар аударайық.
Тақтада сөздер мен сөз тіркестер берілген.
Сендерге «Қазақстан» тақырыбына байланысты сөздерді теріп жазу керек.
Көп ұлтты мемлекет
*Адамның дене мүшелері
Менің Отаным
Тәуелсіз мемлекет
Тамаша табиғат
*Жалғаулар
Пайдалы қазбалар
Ұлт өкілдері
Мемлекттік рәміздер
Кең-байтақ
*Оқу қүралдары
Туған жерім
Шектесетін мемлекеттер
2.Осы сөздермен 4-5 сөйлем құрастырыңдар.
3.Отанымыз туралы сендер жақсы біледі екенсіңдер. Ал, қазір біздің «Болашақ» ұйымының мүшелері Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ата-аналарынан осы тақырып бойынша интервью алған сәтін тамашалайық.. Экранға назар аударыңыздар! (Видеоматериал)
«Отанды сүю отбасынан басталады» демекші, мына сұрақ-жауап осыны тағы да дәлелдей түсті.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін біз «Туған жерім», «Отаным» тақырыбын жалғастыра отырып, Қазақстанның табиғаты жайында әңгімелесеміз. Сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның табиғаты»
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Өткенді еске түсіріп, Қазақстанның табиғаты туралы әңгіме жүргіземіз, жаңа сөздермен танысамыз, сұрақтар қойып, оған жауап беруге үйренеміз, қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны сақтау жайындағы халық дәстүрлерімен танысамыз.

Бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.
1.Балалар, сендер биология, жаратылыстану сабақтарынан білесіңдер табиғат деген не екенін. Жалпы табиғатқа не жатады?
ө......
к......
т......
қ......
а.....
о.....
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жеріне әсерін тигізеді. Сондықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою, өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді.
Табиғатқа қалай болса солай қарамау керек.

Балалар, мына сөздер мен сөз тіркестер бүгінгі сабағымызда жиі кездеседі, сондықтан оларды оқып, мағынасын түсінуге тырысайық
2.Сөздік жұмысы.
Қазына – богатство
Үлес қосу – внести вклад
Қорғау – беречь, защищать
Жазықтар – равнины
Ыстық әрі қымбат – дороги
әрбір – каждый
сарқырап аққан бұлақ суы- журчащие воды родника
көркейтуге, қорғауға көмектесемін-помогу украшать и охранять
(сөз тіркестер, 3-4 сөйлем құрастыру)
3. Мәтінді оқу. (5 сынып, 79 бет) Балалар оқиды.
Негізгі ойды ашу.
4. 6 сынып 5 сыныпқа сұрақ қояды.
Табиғатты сүйе білу керек, сақтау керек, өйткені табиғат - асыл қазына (Дәптерге жазу). Туған жеріміздің табиғаты жақсы болуы әрбір адамның өзіне байланысты.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас - дейді қазақ халқы
5.Қазір 6 сыныптың оқушылары үйде оқыған «Туған жерімнің табиғаты» мәтіні бойынша өз пікірлерімен бөліседі.
Демек, сендер туған жерлеріңді, оның табиғатын сүйесіңдер. Өйткені туған жердің табиғаты әдемі, әр түрлі.
Балалар, сендер биология, жаратылыстану сабақтарынан таныссыңдар. Біздің Қазақстанда қандай әдемі, көрікті жерлер бар? Айтыңдаршы. Қарқаралы, Көкшетау Қандай теңіз, өзен-көлдер бар? Каспий, Арал теңіздері, Балқаш, Бурабай, Марқакөл, Алакөл, Ертіс, Сырдария, Нұра өзендері.
Қазір Қазақстанның мына көрікті жерлеріне назар аударыңыздар!
Слайдтар («Қазақстанның табиғаты»)
Шынында да, біздің еліміздің табиғаты қандай әсем! Мынадай табиғатты сүйе білу, қорғай білу керек.

6.Сергіту сәті
Гүлдердің ертемен қауызын ашқанын,
Көктемнің көкпеңбек мөп-мөлдір аспанын,
Таулардың қол жетпес асқарын-
Ұнатам бәрін де,
Өйткені ол- Отан - Ұлы Отан!

Біраз серігіп алдық, балалар, енді тапсырма орындауға кірісеміз.

7. Грамматикалық тапсырма.
5 сынып. (Жұптық жұмыс)
Мына тәуелдік жалғауы бар сөздердің есімдігін табыңдар.
менің табиғаты
сенің Отаным
сіздің тауларың
оның денсаулығыңыз
біздің ағаштары
олардың жеріміз

6 сынып. Жіктік жалғауы бар сөздердің нешінші жақта тұрғанын анықтаңдар.
Азаматпын, қазақсыз, әдемісіңдер, жаспыз, туыссың, жас, орыспыз,
оқушымын, адамдарсыңдар, үлкен, мұғалімсіз, отаншылмын.

6 сынып. (Өз өзін тексеру. Самопроверка) Жауап үлгісін тақтаға жазу.
6 сынып 5 сыныпты тексереді. (Бірін бірі тексеру. Взаимопроверка)

Мұғалім: Қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланыста өткен.
Сондықтан да табиғатты қастерлеп кие санаған, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялаған. Аққуды ақтықтың, пәктіктің белгісі санап, бүркітті қастерлеген.
Халықтың арасында туған жер, табиғат, су, өзен, көл, құстар туралы көптеген мақалдар кеңінен таралған.

8. Мақалдардың мағынасын түсіну. (Слайд )
*Табиғат – тіршілік бесігі.
*Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз.
*Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
* Бұлақ көрсең, көзін аш
*Аққу –құстың сұлтаны
*Құс патшасы -бүркіт
Балалар, табиғаттың сұлулығы ұнады ма сендерге? Осындай табиғатқа зиян келтіретін нәрселер де бар.
9. Сұрақтар:
Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?
1. Табиғатқа зиянды нәрсе –адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі
2. Табиғатқа зиянды бензинмен жүретін көліктер (улы заттарды шығарады)
3. Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, үлы жарылғыш заттар
4. Адамдардың табиғатқа жанашырлықпен қарамауы. Су жағасына қоқыстар төгеді

Табиғат – тіршілік бесігі. Сондықтан табиғатқа адамзат өз тарапынан қамқор болуы парыз. Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?
1. Табиғи ортаны сақтау. Ауаны, суды ластамау.
2. Жануарларға, құстарға қамқорлық жасау;
3. Табиғатты аялап ұстау, бүлдірмеу.
4. Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу;
5. Жас ұрпақты табиғаттың әсемдігін сезіне, сүйе білуге үйрету.
10. Проблемалық сұрақ
Табиғатты не үшін қорғауымыз керек?
Адам таза ауамен демалады. Ағаштар көп болса, ауа да таза болады.Адамдардың денсаулығы жақсы болады.
11.Сұрақ-жауап.
І. Сендер еліміздің табиғатын көркейту үшін не істедіңдер? Қандай үлес қостыңдар?
1.Мектептің ауласына ағаш отырғыздық.
2.Көктемде құстарға үйшік жасаймыз.
3.Күзде және көктемде сенбілікке шығып, ауламызды тазартамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» жолдауында былай деген: «Қазақстан барысы» өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, табиғаттың жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады». Елбасы әрбір азаматтан салауатты өмір салтын күтеді.

ІV.Бекіту.
Бүгін, біз сабағымызда біраз нәрсенің басын қозғадық, не туралы әңгімелестік?
Табиғат, табиғатты қорғау туралы. Не істедік? Жаңа сөздермен, мақалдармен таныстық., жұппен жұмыс жасадық.
І. 5 жол өлең
1. Табиғат
2. Әдемі, тамаша
3. Аялау, сүю, қорғау
4. Еліміздің тамаша табиғатын біз қорғаймыз.
5. Қоршаған орта
ІІ. Балалар, бүгінгі сабағымыздағы басты сөз қандай? Табиғат.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Алматыдағы биік тау
2. Қарлығаш, торғай, қарға
3. ... көрсең, көзін аш
4. Оңтүстіктегі ұзын өзен
5. Защищать, беречь
6. Тауда, орманда, жазық жерлерде мекендейді.
7. Жусан, қызғалдақ, қарағай
Балалар, өсімдіктермен толығырақ,сендер келесі биология сабағында танысасыңдар.
Қазақстанның табиғаты көркейсін десеңдер, көңіл күйіміз, денсаулығымыз жақсы болсын десеңдер табиғатымызды аялайық, оған қамқор болайық!
ІV. Үйге тапсырма беру. (Әңгімелеу. Мақалдарды жаттау)
V. Бағалау
Ал, қазір туған жеріміздің әсем табиғатын тағы да тамашалайық. (Слайдтар көрсету. «Туған жер»)
Қасиетті жеріміздің байлығын, асыл қазыналарын, айдын көлдері мен өзендерін, таза, ауасын бүлдірмей, аң-құстарын көзіміздің қарашығындай сақтап болашақта игілігімізге ұстайық.!

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: bikesh1962 (2011-03-12) | Автор: Султанбекова Бикеш Кабыкеновна E
Просмотров: 5343 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru