Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері. Не істейді? Сабақтың мақсаты: Адамның дене мүшелерінің атауларын дұрыс біліп, атқаратын қызметтерінен мәліметтер алып, сөйлеу барысында қолдана біледі Сабақтың міндеттері: 1.Адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметі туралы мәлімет жасайды.Етістіктердің тұрақты орнын санасына қалыптастыру үшін әр түрлі тапсырмалар орындайды 2.Үлгі бойынша сөйлем құрау жолдарының оңай түрін жасауға дағдыланады 3.Тазалыққа, әдептілікке ұмтылады. Көрнекіліктер: Адамның дене мүшелері, қалып етістіктері. Сабақтын барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын тексеру. 3.Негізгі бөлім. Сурет бойынша «отыр, тұр, жүр, жатыр» етістектерінің сөйлемдегі орнын түсіндіру, орыс тіліне аудару. Сережа орындықта отыр. Алмас көшеде жүр. Атам диванда жатыр. Алма шкафтың қасында тұр. 4.Дәптермен жұмыс. Әжем үйде отыр. Әкем бақшада жүр. Атам кереуетте жатыр. Шешем Сашаның қасында тұр. а)Жұмбақтар шешу. Асқар таудаөқара орман. (Шаш) Ти десем тимейді, Тиме десен тиеді. (ерін) Екі бірге қос батыр Бірін бірі көрмейді. (екі көз) Қатар,қатар тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (тіл мен тіс) Бірі үлкен, бірі кіші, Бес туысқан-бірге ісі. (саусақтар) ә)Адамның дене мүшелерін атап, олардың атқаратын қызметі жайлы әңгемелейді. Сурет бойынша сөз тіркестерін құру, сөйлем құру. 5.Сергіту сәті. 6.Мақал-мәтелдер. Көз қорқақ, қол батыр. 7.Сөйлесу құрастыру. -Сәлеметсің бе,Аня! - Сәлеметсің бе,Саша! -Аня,сен адамның дене мүшелерін білесің бе? -Иә,білемін. -Адамның бас мүшелеріне нелер жатады? -Бас мүшелеріне: құлақ, ауыз, көз, мұрын, шаш, қас, кірпік жатады. Ал басқа мүшелерін сен ата. -Жақсы, адамның екі аяғы, екі қолы, саусақтары және кеудесі. -Басқа дене мүшелері адмның ішінде болады. -Жарайды,сау бол Аня! -Сау бол,Саша! Сабақты қорытындылау,бағалау Үйге тапсырма беру,түсіндіру.5-тапсырма. Машина тұр Адам жүр Мысық отыр Ит жатыр. | |
Просмотров: 5804 | Комментарии: 4 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|