Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Тақырып: Көне түркі ескерткіштері. Сабақтың мақсаты: 1/Мәтінді мәнерлеп оқуға, сұрақтар арқылы монолог құрастыра білуге, мазмұнын ауызша айта білуге, етістіктің өткен шақ түрін ажырата білуге үйрету. 2/ Ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту, ізденімпаздық қасиетін дамыту. 3/ Көне түркі ескерткіштері арқылы оқушыларға қазақ халқының тарихын білуге және қадірлеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, мазмұнын айту, мәнерлеп оқу, жатқа айту, сұрақ-жауап. Көрнекіліктері: интерактивті тақта, тест сұрақтары Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а/ Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. ә/ Тіл дамыту /сұрақ-жауап жұмысы/. ІІ. Үй жұмысын тексеру: Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері туралы мәлімет дайындау. ІІІ. Балалар, бүгін сабағымыздың мақсаты қазақ халқының ата тегі – түркі елі мәдениетімен, тарихымен танысу. Бүгінгі сабақты мынадай сөздермен ашқым келеді:"Өткенді білмеген,қазіргі күнді түсінбейді және келешекті елестетпейді." Сондықтан бүгінгі сабақтың тақырыбымыз: «Көне түркі ескеркіштері». 1. «Көне түркі ескерткіштері» мәтіні бойынша жұмыс /73-74 бет/. а/ жаңа сөздерді меңгеру: мәнерлеп оқып, дұрыс аудармасын табу. тасқа жазылған жазулар – надписи на камнях табылған - найденные қолданған - использовали ескерткіш – памятник көне түркі - древнетюркские аймақ - регион руникалық жазулар – руническое письмо 2. «Көне түркі ескерткіштері» мәтінін мәнерлеп іштей оқу /3мин/. Оқып шыққаннан соң, оқушылар тақтада жазылған сұрақтар арқылы монолог құрастырады. Көне түркі жазба ескерткіштері неше топқа бөлінеді? Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері қай жерде табылған? Көне түркі ескерткіштерінде не туралы жазылған? Руника жазуын түркі халықтары неше жыл қолданған? Көне түркі жазулары қайда жазылған? Ең ірі ескерткіш? Күлтегін ескерткіштері қай жерде табылған? 3. Синоним қатарын табу. өмір - ғұмыр ірі - зор ескерткіш - құлпытас көне - ескі аймақ - өлке салт – дәстүр 4. Грамматикалық тапсырмалар /ҰБТ-ға дайындық/. а/ Етістіктерді бұрынғы өткен шақ түрінде жазу. Мен кеше кеш тұрғанмын. Әпкем мектепте екі жыл жұмыс істеген. Өкінішке орай, оны ешкім тыңдамаған. Жексенбіде біз үйде болмағанбыз. Достарым мені шығарып салыпты. Сіздер қашан танысқансыздар. Сен оны неге күтпегенсің. Менің нағашым өткен жылы үйленіпті. ә/ Морфологиялық талдау жасау: танысқансыздар. б/ Синтаксистік талдау: Жаңа тақырыпты оқушылар жақсы түсінген. 5. Өткен тақырыпқа байланысты сабақты бекіту үшін тест сұрақтары. 2.Көне түркі жазба ескерткіштері неше топқа бөлінеді? 3.Ең ірі ескерткіштері -....... 4.Руника жазуын түркі халықтары қанша жыл қолданған? 5.Өткен шақ қимылдың ........ уақытта болғанын көрсетеді. 6.Талас ескерткіштері қайда табылған? 7. Жедел өткен шақ түріндегі етістікті тап. 8. Күлтегін ескерткіштерінің көшірмесі қай қалада қойылды? 9. Ауыспалы өткен шақ жұрнақтарын тап. 10. Синоним қатарын тап. 6.Үй тапсырмасы: Етістіктің келер шағының жасалу жолдарын | |
Просмотров: 5687 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|