Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
5 сынып. Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық Сабақтың мақсаты: білімділік: ертегінің мазмұнын түсіндіріп, мәнін ашу, рөлдерге бөлу дамыту: оқушының сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен қорытынды шығаруға жаттықтыру; тәрбиелік:мейірімділікке, адалдыққа, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, топтық жұмыс; Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, жұмбақтар, жаңылтпаш, мақалдар, сызба... Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық. Мұғалім: -Көз не үшін керек? Оқушылар: -Жақсыларды көру үшін. Мұғалім: -Екі құлақ не үшін керек? Оқушылар: -Ақыл-кеңес тыңдау үшін. Мұғалім: -Екі қол не үшін керек? Оқушылар: -Адамдарға көмек беру үшін. Мұғалім: -Екі аяқ не үшін қажет? Оқушылар: -Шетте жүрсең, туған елге жету үшін. Мұғалім:- Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарыңа, қолдарыңа, аяқтарыңа, саулық тілеймін 2. Үй тапсырмасы (сұрақ-жауап) -Ертегілер дегеніміз не? -Ертегілер қалай тараған? -Ертегілер неше топқа бөлінеді? - Біз қандай ертегілерді өттік? -Өткен ертегілер бойынша мәтін тартамын, ертегіні өздерің толықтырасыңдар. (әрбір оқушыға беремін, бағалаймын) 3. Жаңа сабақ Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатына қысқаша тоқталу Мәтінмен жұмыс. Мәтінді рөлдерге бөліп оқу. Сөздікпен жұмыс: Қатығын төгеді-выливает кефир Құйрығын кесіп алады-отрезает хвост Шөлдеп тұрмын-сильно хочется пить Дән- зерно Бас салады-хватает Ендеше балалар, біз бүгін мысыққа көмектесейік. Бәріміз мониторға назар аударамыз. 1 кезең. «Артық болмас білгенің» Мысықтың суретіне қарап, ол туралы не білетінін әңгімелеу. 2 кезең. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап» Балалар, бүгінгі ертегіде қандай үй жануары кездеседі?(Сиырдың суреті...) Төлі-... (бұзау) Пірі-... (Зеңгі баба) Бағушысы-... (бақташы) Тобы-... (табын) Шақыру-... (Әуке-әуке) Сиырдың пайдасы-... 3 кезең. Мақалсөз жарысы 1. Ағаш көркі-... 2. Қыз өссе елдің көркі,... 3. Ақыл азбайды,... 4. ... баққанға бітеді 5. Жері байдың,... 6. Еріншекке есік пен төр-... 7. Әдепті бала-арлы бала,... 4 кезең. «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймалық» 1. Аспан түстес сұйық, Әркім ішер құйып. (су) 2. Жезге ұқсас сабағы, дәні-халық тамағы. (бидай) 3. Жазда жайнайды, күзде жайрайды. (ағаш жапырағы) 4. Мұртын сипап күні бойы, бетін сусыз жуады. Тысырды аңдып түні бойы, тышқанды көп қуады. (мысық) 5. Үй ішін аралап, түнде көп жортады Қаптарды жаралап, мысықтан қорқады. (тышқан) 6. Есігі жоқ, тесігі жоқ. Ақ доптың ішінде, несібі көп. (жұмыртқа) 5 кезең. «Жаңылтпашты жаңылмай айтайық» 1. Сәуле сиырды, сипап сауады, Сипап сауып, сүтін сынап, сипаттады. Сиырдың жегені сұлы екен, Сонда да сүті сұйық екен. 2. Ақ тайыншаның қатығын, Аппағыма беремін. Аппағымның атын тез Айтқаныңа беремін. 3. Пеш үстінде бес мысық, Пеш қасында мысық отыр, | |
Просмотров: 5429 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|