Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Ұлттық құндылық» таңдау курсының бағдарламасы
Ұлдай Қайрақбаева, Милы
орта мектебінің қазақ тілі
және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би
ауданы, Милы ауылы

Түсінік хат

Қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді.
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығын, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы «Ұлттық құндылық» таңдау курсының бағдарламасы модульдік оқыту технологиясына негізделіп жасалды.
Қазақ тілінің грамматикасы үшін міндетті деп саналатын материалдарды бастаудан бұрын «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деген тақырып берілді.
Оқытудың ғылымилық, жүйелік жақтары ескеріліп, «жеңілден ауырға, белгіліден белгісіне» дейтін дидактикалық принциптері басшылыққа алынды.
Бағдарламадағы әрбір модульден соң, қорытынды деңгейлік жұмыстар берілген. Сонымен қатар төрт шығармашылық сынақхат бар.
Барлығы: 4 модуль.
8-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Барлығы-34 сағат.
Басшылыққа алынған әдебиеттер:
1.Н.А.Оразахынованың «Шеберлік класы»
Фонетикалық материалдарды сатылай комплексті талдау. Алматы-2001
2.Н.А. Оразахынованың «Шеберлік класы»
Сатылай комплексті талдау (синтаксис). Алматы-2002
3.Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика)
Авторлары: С.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев
4.Қазіргі қазақ тілі (морфология)
Авторы: А.Ысқақов
5.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис)
6.Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар
Авторы: С.Исаев
7.Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық (С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2004 жыл)
Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық (С.Исаев, Г.Қосымова. Алматы: «Атамұра», 2003.)

Таңдау курсының мақсаты:

Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикада сауатты қолдана білуге үйрету;
Тілдік құбылысты байқату;
Оқытылып отырған материалдарды бұрынғы білімімен салыстырып оның өзіндік белгілерін тану;
Жеке тұлғаның ой қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың жекелей өздігінен жұмыс іс-әрекетіне дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, сөйлемдер құрыстыру, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту;
Оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетелеу, пәнге қызығушылығын арттыру, сауаттылыққа, алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқушының білім-білік, дағдысына қойылатын талаптар: Өз бетінше ой қорыта білуге, ізденуге дағдыландыру. Қосымша материалды іріктей алу дағдысын қалыптастыру. Тілдік нормаларды сөйлеу, жазу тілінде қолдана білуге дағдыландыру.
Оқытудың белсенді формасы: әңгімелесу, пікірталас, тренинг, сұрақ-жауап, салыстыру.
Міндеті:
1.Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдануға үйрету;
2.Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істету;
3.Фонетикалық ерекшеліктер мен орфографикалық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау үлгілерін жүргізу;
4.Деңгейлік тапсырмаларын орындату.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығының артуы;
Іскерлік дағдысының дамуы;
Өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
Өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алуы, сызба моделін құрастыра алуы;
Мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
Ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы;
Шығармашылықпен айналысуға талпынысы;
Өзіндік пікір айту;

Милы орта мектебінің 8-сыныпқа арналған «Ұлттық құндылық» арнаулы курсының күнтізбелік жоспары

Модуль №1

Сабақ реті
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Өтетін уақыты
Сабақтың мазмұны
1-сабақ
Кіріспе сабақ.
Қазақ тілі-мемлекеттік тіл
1

1. Тіл деген не?
А) Тайпалық тіл Б) рулық тіл
В) мемлекеттік тіл
Г) халықаралық тіл
2. Деңгейлік тапсырмалар
3. «Туған тілім өркенде» атты шағын шығарма
2-сабақ
Фонетика
Графика
Орфографикадан өткенді қайталау
1

1.Тірек тапсырмалар
2.Дыбыс түрлеріне талдау, буынға бөлу, тасымалдау.
3.Деңгейлік тапсырмалар
4.«Менің сүйікті актерім» атты шағын шығарма
3-сабақ
4-сабақ
Лексика
Сөздердің жасалуы
1
1

1. Орфография мен лексика-мен байланысы
2. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары
3. Тұрақты тіркеске мақалдар жазу
4. Синоним, антоним, омонимдерді табу
5. Терминдерді ғылым түрінде ажырату.
6. Тұрақты сөз тіркестерін, «Жолым болғанда» атты өтірік әңгіме жазу
5-сабақ
6-сабақ
Морфология
1
1

1. Лексика мен морфологияның байланысын түсіндіру.
2. Тоғыз сөз табына, жалпы және жалқы есімдер, есім сөздер мен етістік сөздерге мысал жазу, морфологиялық талдау жасау.
3. Барлық сөз табын қатыстырып ертегі жазу
7-сабақ
№1 Қорытынды
Деңгейлік жұмыс
1

1. Мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркесі, архаизм, термин, диалектіні ажырату
2. «Менің оқыған кітабым» атты шағын мақала
8-сабақ
9-сабақ
Диктант
Қатемен жұмыс
1
1

Модуль №2

10-сабақ
Синтаксис және пунктуация
1

1. Сөздердің қолданылуы, сөз қолдану мен тыныс белгісінің қатысы
2. «Синтаксис» және «Пунктуация» терминнің ұғымы
3. Сөйлем мен сөз тіркесін ажырату
11-сабақ
Сөздердің байланысу тәсілдері
1

1. Сөз байланысы деген не?
2. Байланыс түрлері мен тәсілдеріне сөйлем жазу
12-сабақ
Сөздердің байланысу түрлері: қиысу, қабысу, жанасу
1

1. Деңгейлік тапсырмалар орындау
2. «Менің әкем», «Менің анам» тақырыптарының біріне шағын шығарма жазу
13-сабақ

Матасу, меңгеру
1

1. «Достық» тақырыбына сөзжұмбақ жазу
2. Өзі сүйіп оқитын Абай өлеңдерінің мәніне кеңінен талдау жасау
14-сабақ

Тірек тапсырмалар
1

1. Сөз байланысының тәсілдері мен түрлеріне қарай талдау
2. Дулат, Абай, Жамбыл өлеңдерінің бірінен 4-5 шумақ жатқа жазу
15-сабақ
Тест
1

16-сабақ

№2 Қорытынды
Деңгейлік жұмыс
1

1.Мысалда тұрған дыбыстарды ретімен талдау
2. Сөздің мағынасына қарай түрлерін жазу

Модуль №3

17-сабақ
Сөз тіркесі
1

1. Неігізгі сөз бен нақтылаушы, даралаушы сөздерді бөліп жазу
2. Сөз тіркесінің үш белгісі
3. «Абай шығармалар» сөзжұмбағын құру
18-сабақ
Шығарма
1

1. Қазақ халқының қыз бала тәрбиесі туралы айтқандарынан көлемді әңгіме жазу
19-сабақ
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
1

1. Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерден айырмашылығы және ұқсастығы
20-сабақ
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
1

2. Шешендік нақыл сөздерге (Сырым, Төле би) мақал-мәтелдерге мысал келтір (20-30 сөз)
3. Өлең құрастыру
21-сабақ

Сөз тіркесінің түрлері. (Есімді, етістікті тіркес)
1

1. Есімді, етістікті сөз тіркестерін жазу
22-сабақ
Сөз тіркестерінің құрылысы
1

1. «Морфология» және «Сөз байланысының құрылысы» деген терминдердің ара қатынасын жазу
23-сабақ

«Достық» тақыры-бына шығарма
1

24-сабақ
Сөз тіркесінің лексика-грамматика мағынасы
1

1.Матасу байланысын тауып, лексика мағынасын жазу
25-сабақ
Анықтауыштық қатынас
1

1. Қабыса байланудың лексика-грамматикалық байланысы
2. Анықтауыштық қатынастың лексика-грамматикалық мағынасын жазу
3. «Аңшы қазақ» атты әңгіме жазу
26-сабақ
Тест
1

Модуль №4

27-сабақ
Толықтауыш
Толықтауыштық қатынас
1

1. Меңгерудің ерекшелігі
2.Сканворд шешу
3. «Қазақ даласы» тақырыбына әңгіме жазу
28-сабақ
Пысықтауыштық қатынас
1

1. Нақыл сөздердің мәнін түсіндіру.
2. «Үстеу», «Етістік», «Зат есім», «Пысықтауыш», «Пысықтауыштық қатынас» терминдерінің байланысын түсіндіру
29-сабақ
Сөйлем мүшелері
1

1. «Адамның жақсы, жаман болмағы-өзінен» тақырыбына ой толғау жазу
2. Талдау жұмыстары
30-сабақ

Жай сөйлемнің түрлері
1

1. Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма сөйлемдерге көркем шығармадан мысал келтіру
2. Сөйлем мүшелеріне талдау
31-сабақ

Құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем
1

1. Жалғаулықты шылаулардың атқаратын рөлін түсіндіру
2. «Әрқилы тағдырлар» тақырыбына құрмаласа сөйлемдерді қатыстыра отырып, шығарма жазу
32-сабақ
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлері
1

1. Салалас құрмаластың жасалу жолдарына талдау жұмысын жүргізу
2. Сатылай талдау жұмысын жүргізу
33-сабақ

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
1

1.Әдеби шығармалардан халықтың басынан өткізген әртүрлі қиын кезеңдердің бірінде өмір сүрген кейіпкердің тағдырын суреттеген үзіндіні тауып жазу
2. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасына талдау жұмысын жүргізу
34-сабақ
№4 модульге қорытынды деңгейлік тапсырмалар
1

Құрмалас сөйлемдерге мысал келтіру.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Асем (2011-04-02) | Автор: Қайрақбаева Ұлдай Сағындыққызы
Просмотров: 14143 | Рейтинг: 2.8/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru