Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстанның қорықтары
Департамент образования Северо-Казахстанской обл.РК
Городской отдел образования при акиме
г. Петропавловска
Гуманитарный центр образования и воспитания

Кулакпаева У.Т.

Казахский язык
Тема: Поурочный план в 7 классе
«Қазақстанның қорықтары»
Первая гимназия
г: Петропавловск 2011 г.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары
Сабақтың мақсаты:
1) мәтінге қатысты жаңа сөздер үйрету арқылы қорын байыту, тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, қарым-қатынас тілін кеңейту, грамматиканы коммуникативті қолданыста пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
2) оқушылардың ой-өрісін кеңейту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту;
3) оқушыларды табиғат байлықтарын сақтауға және оларды қорғауға тәрбиелеп, сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, аударма
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: география, биология
Көрнекілік құралдар: интерак. тақта, суреттер, Казақстан картасы, грам. кеспелер, оқулық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Кезекшімен сұхбаттасу.
Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасы:
-Балалар, өткен сабақта не жайлы әңгімелестік? (жауап)
-Яғни, өткен сабақтың тақырыбы қандай болды? (жауап)
Бүгінгі сабақта үй тапсырмасын біз Еуростандарт арқылы тексереміз. №1 жұмыс дәптерлеріңді ашыңдар. Мына кеспелердегі тапсырмаларды алып, мұқият оқып, әрқайсыларын өздерің таңдаған тапсырманы орындайсыңдар.
- Кеспелердегі тапсырмалар мынадай:
А1- Сұрақтарға жауап беру
А2- Жай сөйлемдерді қазақ тіліне аудару
В1- Күрделі сөйлемдерді қазақ тіліне аудару
В2- Мәтінді мазмұндау
Бұл тапсырмаларды орындау үшін 6 мин. уақыт беріледі.
(6 мин. кейін )
Орындап болсаңдар, дәптерлеріңді жауып, тапсырыңдар.
3. Жаңа сабақ
- Оқушылар, бүгінгі сабақта табиғат байлықтары туралы әңгімемізді жалғастырамыз.
- Табиғат байлықтарына не жатады? (жануарлар, құстар, өсімдіктер...)
- Біздің мемлекет табиғат байлықтарына көңіл бөле ме? (Иә, көңіл бөледі)
- Онда табиғат байлықтарын сақтау, қорғау үшін мемлекет не істейді? (қорықтарды ашады).
- Дұрыс. Бүгін біз сендермен Қазақстанның қорықтары туралы сөйлесеміз.
- Яғни, сабағымыздың тақырыбы:
(оқушылар айтады).
Сабақтың ой-қазығы:

- Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс істейміз.
Естеріңе түсіріңдер, география пәнінен, сендер қандай қорықтарды білесіңдер? (жауап)
- Алдарыңда, Қазақстан картасы. Мынадай тапсырма беріледі.
Кеспеде берілген қорықтардың аттарын Қазақстанның қай облысында орналасқанын карта арқылы табыңдар.
Бұл тапсырмаға 1 мин уақыт беріледі.
- Тапсырманы тексерейік. (әр топтан тақтаға 1 оқушы шығады).
- Ең біріншіден, қорықтар туралы мәтінімен танысар алдында, жаңа сөздермен танысуымыз керек.
4. Жаңа сөздермен жұмыс:
1) хормен айту
2) сөздік дәптерге жазу
3) бірнеше оқушыға жаңа сөздерді айтқызу
4) жаңа сөздердің қазақша баламасын табу
5) жаңа сөздерді жақсылап пысықтау үшін, келесі тапсырма орындаймыз.

1 топ. 2 топ
Берілген сөз тіркестерді қазақ тіліне аударады. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударады.
(Бұл тапсырмаға 3 мин. беріледі)
Тапсырманы тексеру.
Жаңа сөздер:

1 топтың тапсырмасы
Казахстанские заповедники
 Сохранить природу
 Природные богатства
 Вошли в “Красную книгу”
 Обитают синяя птица, улар, рысь
2 топтың тапсырмасы
1. В Казахстане есть 9 государственных заповедников.
2. Вернуть в первоначальное состояние природные богатства.
3. Сохранить природу для будущего поколения.
4. В “Красную книгу” Казахстана занесены синяя птица, кулан, барс, рысь, бурый медведь, архар.
Тапсырмаларды тексеру.
5. Мәтінмен жұмыс
- Ал енді оқушылар, назарларыңды мәтінге аударыңдар.
- Өз бетімен мәтінді іштей мұқият оқып шығып, жаңа сөздерге назар аударыңдар.
Қазақстанның қорықтары
Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар. Олар табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келтіру, табиғатты келешекке сақтап қалу және табиғат өзгерістеріне бақылау жасау үшін керек. Сондай қорықтарға Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын т.б. қорықтар жатады.
«Ақсу-Жабағылы» - Қазақстан жерінде 1926 жылы ең алғаш ашылған қорық. Бұл қорық табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.
Мұнда ең ірі Ақсу өзені және одан кіші Жабағылы өзендері ағады. Бұл қорық-сан алуан өсімдіктер мен түрлі жануарлар мекені. Құстардан көкқұс пен ұлар, жануарлардан барыс, сілеусін, қоңыр аю, арқар Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
«Барсакелмес» қорығы – Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол-1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы – 20 мың гектар. Қорықтың мақсаты – жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және оларды қорғау. Құландарды сақтап қалу үшін, олар Қазақстанның басқа қорықтарына көшірілді.
- Қазір әр топ өз бетімен жұмыс істейді. Әр топ белгілеген сөйлемдерді орыс тіліне аударады. (Тапсырмаға 5 мин. беріледі).
- Ал, енді тексерейік . Сөйлемді қазақша оқимыз және орыс тіліне аударамыз. (8 мин.)
- Бұл мәтінмен жұмыс істеу әрі қарай күрделілеу болады. (тақтада сұрақтар, оқушылар оқып, жауап береді). (3 мин)
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар?
2. Олар не үшін керек?
3. Сондай қорықтарға қандай қорықтар жатады?
4. Ақсу-Жабағылы қорығы қай жылы ашылды?
5. Бұл қорықта қандай жұмыстар жүргізіледі?
6. Мұнда қандай өзендер ағады?
7. Қазақстанның “Қызы кітабына ” қандай құстар мен жануарлар енгізілген?
8. “Барсакелмес” қорығы қайда орналасқан?
9. Қорықтың мақсаты қандай?
10. Құландарды сақтап қалу үшін не істелінді?
- Ал, балалар , енді келесі тапсырма одан да қиынырақ. Көрейік. Сендердің араларыңнан кім батыл? Кім мәтіннің мазмұнын айта алады? (1 оқушы мәтінді мазмұндайды, тақтада мәтінге байланысты слайдтар болады). (2 мин.)
- Мәтінмен жұмыс істегенде аңғарған шығарсыңдар, кейбір сөйлемдерде есімдіктер кездесті. (жауап)
- Олай болса, есімдік туралы ережені еске түсірейік.
а) есімдік деп нені айтамыз?
ә) есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар?
б) ол қандай түрлері?
- Ал енді грамматикалық тапсырманы орындайық.
- «Қазақстанның қорықтары» мәтінінен есімдіктерді табу. Орындайық. (3 мин.)
- Есімдіктерді есте жақсы сақтау үшін мына тапсырманы орындайық.
- Тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті есімдіктерді қойындар. Бұл тапсырманы дәптерде де, тақтада да орындаймыз. (Тапсырма тақтаға шығарылады).
6. Сабақтың қорытындысы:
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды? (Қазақстанның қорықтары)
- Сонымен Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар?
- Қандай қорықтар?
- Қорықтар не үшін керек?
- Бүгін қандай сөз табын қайталадық?
- Есімдік деген не? Оның түрлері.
7. Үй тапсырмасын беру (2 мин.)
1 тапсырма: жаңа сөздерді жаттау
2 тапсырма Еуростандарт бойынша.
А1- 4 тапсырма 58 б. (сұрақтарға жауап беру)
А2- есімдіктерді пайдалана отыра, 5-6 сөйлем құрастыру.
В1- 58б. 5 тапсырма (сурет бойынша әңгіме құрастыру).
В2- осы сабақтың лексикалық және грамматикалық тақырыптары бойынша тест құрастырып келу (10 сұрақ).
8. Бағалау (1мин.)
9. Қоштасу.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Alma777 (2011-04-14)
Просмотров: 8168 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru