Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Мағжан - ақын", сыныптан тыс шара
Департамент образования Северо-Казахстанской обл.РК
Городской отдел образования при акиме
г. Петропавловска
Гуманитарный центр образования и воспитания

Сарсенбаева А.Г.

Казахская литература
Тема: «Мағжан – ақын»
Внеклассное мероприятие в 9 классе

Первая гимназия
г. Петропавловск 2011 г.

Тақырыбы: «Мағжан – ақын»
Ой-қазығы: Мағжан – мәдениетті зор ақын.
Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен
келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға
жарайтын сөз – Мағжанның сөзі.
(М.Әуезов)

Жүргізуші: - Қайырлы кеш, құрметті ханымдар мен мырзалар!
Бүгінгі ұлы күні бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог – Мағжан Жұмабаевқа арналған.
(музыка )
1-ші оқушы: - Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырда жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев.
Өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасырда артық уақыт бойы айтылмайтын болған.
Мағжан Жұмабаев кім?
Жүргізуші: - Жүсіпек Аймауытов: «Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін»
үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады...
ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде
жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді...» деп жоғары баға береді.
2-ші оқушы: - Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Жүргізуші: - Осының бәрі – асыл-тасудың, астамдықтың белгісі емес,
асылдықтың, жайдың жасыландай өткірліктің жөні. Ақын сөзі ащы
шындықтың айнасы болып отырған. Оны өзі түсінген де, білген де.
2-ші оқушы: - Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың.
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Жүргізуші: - Мағжан Жұмабаев - әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба
қалдырған дарынды тұлға. Жоғары білімді, Шығыс пен Батыстың
поэзиясын жетік білген ақын әдебиеттің, өткір тілді өлең сөзінің күші мен
қуатын жақсы түсінген. Ұлы Абай дәстүрін жалғастырып, өз өлеңдерінде
халықтың ауыр тағдыры өмірін шынайы суреттей білген.
2-ші оқушы: - Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Жүргізуші: - Асыл сөздердің қадірменді иесі – зерделі оқушылар екенін
кәміл ұққан, ол – парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді. Мағжан
ақын бар өмірін, білгенін сол туған халқына, еліне арнаған да, сарнаған да.
2-ші оқушы: - Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:
Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған.
Жүргізуші: - Ақын шығармаларының негізгі тақырыбы – Ұлы Дала,
кейіпкері – халық. Туған жерін, туған халқын жанындай сүйген ақын бар
шығармашылығын соларға арналған.
3-ші оқушы: - ... Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін –
Сол елімді сүйемін!
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы
Сарыарқа деген жерім бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол Арқамды сүйемін!
(оқушылар би билейді)
Жүргізуші: - Мағжан ақынның қандай шығармасын оқысақ та, біз оның
жүрек жылуын, махаббатын сезінеміз. «Бәрінен де сен сұлу» өлеңі
өзіндік халық арасына кең таралған. Біреулер бұл әннің авторы Мағжан
екенін біліп, біреулер білмей жаттап өсті.
(«Бәрінен де сен сұлу» деген әнді айту)
Жүргізуші: - Жастар тақырыбы да ақын қаламына тыс қалған жоқ.
Өлеңіндерінде болашақ білімді азаматтар қолыңда екенін сенімін
білдіреді.
4-ші оқушы: - Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл берме.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.
Жүргізуші: - Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге
өріліп, бірге астасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп,
сұлу, сырлы, тіпті, кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық
суреттер көз алдына келеді.
5-ші оқушы: - Дала, Дала. Сар Дала!
Жапан түзде бір қара...
Шілде. Оттай ыстық күн.,
Дала-өлік. Жоқ бір күн,
Жерде жатыр тұншығып.
Жол жыландай иірілген,
Шаң ерініп, үйірілген,
Ешбір леп жоқ, тып-тынық.
Жүргізуші: - Мағжан Жұмабаевтың ақындық табиғаты Абайға да, онан
кейінгі ақындарға да ұқсамайды. Оның қайталанбас қолтаңбасы өзіндік,
айрықша екені дауыссыз.
6-ші оқушы: - Күншығыстан таң келеді – мен келем,
Көк күңіреңді: мен де көктей күніренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін. Күн берем.
Жүргізуші: - Мағжан Жұмабаевтың ақын болып, қалыптасу кезеңі қазақ
тарихындағы бір жағынан ояну, екінші жағынан жаңа жол іздеп дағдыру
дәуірімен тура келеді. Қазақ интеллегенциясының түсінігінде айқын
бір-ақ мәселе болды, ол – бостандыққа, теңдікке ұмтылу, халықтың
мәдениеті мен бақыты үшін күресу.
7-ші оқушы: - Алғы алашқа кұрбан болған ақ жаны,
Ақындықтың мұздай мөлдір маржаны.
Жат өлкенің топырағын жастанып,
Жатыр мұнда Жұмабайдың Мағжаны!
8-ші оқушы: - Аруанаша аңырат та асыл күй
Кәбіріне көздің ащы жасын құй!
Жұмабайдың Мағжаны деп таны да,
Ұлы Абайдың ұрпағы деп басыңды и!
9-ші оқушы: - Бойын көрнеп бұлықсыған бұла жыр,
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл!
Жүргізуші: - Қазақ поэзиясына деген ұғымын байытқан Мағжан Жұмабаевқа
ғажайыптай өлеңдері үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Ақынның көптеген өлеңдері, поэмалары, әңгімелері, аудармалары
кезінде шығып тұрған газет-журнал беттерінде, олар әлі толық жинала
қойған жоқ. Мұның бәрін ыждақатпен жинап, тыңғылықты, тиянақты
зерттеп Мағжан Жұмабаев мұрасын халық қолына жеткізу алдағы
күннің ісі.
Қоштасу – Назарларыңызға көп рақмет. Кош, сау болыңыздар!

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Alma777 (2011-04-18)
Просмотров: 6010 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 5:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru