Қазақтілі – 4 сынып Сабақтыңтақырыбы: Жыл мезгілдері Сабақтыңмақсаты: Білімділігі:Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беріп,оларды бір бірінен ажырата білу және екітілділік принциптерді қолдана отырып,жаңа тақырыпты кеңінен таныту; Тәрбиелігі:Тілді құрметтеуге , сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу; Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын дамытып, жүйрік ойлау қабілеттерін дамыту; Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек-сызба,географиялық карта,интерактивті тақта т.б Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тірек-сызба ,суретпен жумыс. Сабақтың түрі: Дәстүрлі жаңа сабақ Пәнаралық байланыс:ағылшын, дүниетану, музыка Сабақтың барысы: Ұйымдастыру А. Амандасу, сынып тазалығы; Ә. Оқушыларды түгендеу; Психологиялық дайындық Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені Болашағым, бақытым дара тілім. - Балалар бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда ерекше деп айтуымызға болады. Себебі бүгін бізде кіріктірілген ашық сабақ. Яғни біз сендерді қазақ тілі пәні бойынша ғана емес, ағылышын пәнінен не білетінідеріңді тексереміз. — Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз. — Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен жоспары тақтада жазылып тұр. Олай болса танысайық. — Мына жоспармен жұмыс істейміз. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» «Еңбек түбі береке» «Бойы сергектің ойы да сергек» «Кімнің ойы жүйрік?» «Білгенге маржан, білмегенге арзан» — Бірінші жоспар «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей тірек— сызба арқылы өткен тақырыпты яғни үй тапсырмасын тексереміз. — Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен танысып едік? 1. Тақтадан кандай жануарларды коріп турмыз? 2. Түйе сөзінің аудармасы 3. Піл сөзінің аудармасы - Кане оқушылар үй тапсырмасын әрі қарай «Сандарды сөйлет» ойынымен жалғастырайық Жалғасы келесі бетте — Жақсы өткен тақырыптарды қайталадық. Келесі жоспар: Екінші жоспар:«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Жаңа сабақ. - Оқушылар бүгінгі тақырыбымыз Жыл мезгілдері деп аталады. Канеки Жыл мезгілдері сөзін қалай түсінеміз? - Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? (на фоне звуки природы) - Осы дыбыстар арқылы жылдың қай мезгілі екенін табыңдар - Жаңа сабағымызға қажетті сөздікпен танысайық. Күн- солнце Жаңбыр -дождь Қар жауады- снег пойдет Жел- ветер Бұлт- облако тучи Күн бұлт- пасмурно Слайд шоу. — Балалар суретке қарап әңгіме құрындар. Дәптермен жұмыс — Бүгінгі күннің ретін дәптерге жазыңдар. Үшінші жоспар: «Еңбек түбі береке». Өз беттеріңмен еңбектеніп жаттығу орындайсыңдар. Үйлестірме қағазы (көп нүктенің орнына керектісөздерді койып жазыңдар) Көктем .......... . Көктемде ............ . Қыста ............... . ........... жаңбыр жауады. ................. жапырақтар сарғаяды. ............. құстар ұшып келеді. ........... аяз, боран болады. Маған ....... мезгілі ұнайды. Әлия.......................... Төртінші жоспар: « Бойы сергектің ойы да сергек» Сергіту сәті Жаңбыр жауды - тырс², Боран соқты - гу², Жел тұрды - ыли², Найзағай ойнайды - тарс-тұрс Бесінші жоспар: «Кімнің ойы жүйрік?» Алдар көсенің қоржыны Қүзде, жазта, қос, күктем, қар үриді, жазз, наурыс,сәуыр, мезгүл, қолақшын. ( Осы сөздердің қатесін табу) 4 тапсырма Сызба бойынша сөйлем кұрастыру Бір жылда күн бар. Бір жылда он екі ай бар. Бір айда төрт апта бар. Бір аптада жеті күн бар. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Қыс айлары:Желтоқсан, қаңтар , ақпан.Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. - Ойларыңның жүйрік екенін көрдік. Алтыншы жоспар: «Білгенге маржан , білмегенге арзан» Қорыту - Оқушылар бүгінгі сабақтан не біліп не үйрендіңдер? Жыл мезгілдерін атаңдар Қандай жаңа сөздермен танысып үйрендіңдер? Үй тапсырмасы: «Менің сүйікті жыл мезгілім» суретін салу Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау. -«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» дегендей бүгінгі сабағымыз аяқталды. Акишева Арайлым Жаруллақызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ООШ № 134 г.Караганды.
|