Қазақ тілі мәселесінің өзектілігі Қай халықтың болмасын аса бай рухани мұраларының бірі-туған тілі.Тірлігіміздің айғағын заман сапарынан жетектеп,берік туын жоғары ұстау әр бір азаматтың парызы да борышы.Сондықтан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретіп,оған деген сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру біздің,қазақ тілі мұғалімдерінің алдына қойған мақсаты.Бүгін де білім сапасы қазақ тілі пәнінен өз мәресіне жетті ме деген сұрақ көбіміздің көкейімізде. Елбасымыздың жолдауында айтылғандай «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.» Сондықтан өзге ұлт өкілдерін ана тілімізде сауатты жазумен қатар, мәдениетті сөйлеу дәйекті мәселе.Көңілімізді толғандыратын мәселе, орыс мектептерінде осыған орай оқулықтар мен көрнекіліктер ауыз толтырып айтарлықтай көп емес.Тіпті мектеп оқулықтарында грамматикалық және тақырыпты ашатын жаңа сөздер мен жаттығулар аз,тіптен кейбір берілген тапсырмалардың көбі оқушыларымыздың жас ерекшеліктеріне де сәйкес келмейді.Осындай мәселелерге байланысты мектеп бағдарламасының оқулықтарына сәл-пәл өзгертулер енгізілсе нұр үстіне нұр жауар еді.Жас маман болсам да оқушыларға тиімді қосымша көрнекіліктер мен тапсырмалар пайдаланамын.Әр сыныптың деңгейіне байланысты дидактикалық шағын кітапшалар құрастырып,оны сабақ барысында қолданғанды жөн көремін және оны өзім де тиімді қолданамын.Оқушылар жалғауларды орынды қолданумен қатар сөйлем құрамына да мән бере бастады.Қорыта айтқанда, Елбасымыздың кезекті жолдауын жүзеге асыру мақсатында қазақ тілі мәселесінің болашағын нәтижелі тұрғыда көруіміз үшін балабақша мен мектеп қабырғасынан бастап,аянбай тер төгіп,еліміздің болашақ Азаматтарын кішкентайынан сапалы білім беруге ұмтылып,бел буайық,Құрметті Ұстаздар! Қарағанды қаласы, №62 ЖББОМ, қазақ тілі пән мұғалімі: Амандықова Г.М
|