Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Садуакасова Гульнара Орынгалиевна
Әдебиет
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлай білуге, үлгілі болуға, өнерге қызығушылығын ояту, эстетикалық тәрбие беру.
Білімділік: Повесть кейіпкерлеріне мінездеме беру, проблемалық сұрақтар арқылы повестьтің негізгі идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өнер туралы, актер туралы ұғымдарын кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, повесть бойынша иллюстрациялық суреттер шығармалар жинағы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау
3. Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгендеу
2. Шар арқылы оқушылардың сабағына сәттілік тілеу
Мыс: (көтеріңкі көңіл-күй тілеймін, келе жатқан мерекеңмен, сабақты үлгілі оқы т.б.)
ІІ. 1. Үйге қандай тапсырма берілді?
2. Үй тапсырмасына сұрақтар
1. Жазушы повесті қай жақтан баяндайды?
2. Басты кейіпукерлер кімдер?
3. Повесть деп нені айтамыз?
Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғаны көркем шығарманың түрін повесть дейміз. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады.
4. Жазушы туралы не білеміз?
ІІІ. Мақсатын түсіндіру.
- Жақсы, ендеше сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
- Сабақтың мақсаты:
1. Үзінді бойынша Қожаға мінездеме беру
2. Қожа қандай бала?
3. Хикаяттан үзінді келтіремін, сендер әрі қарай жалғастырасыңдар?
ІV. 1) Хикаятта ең бірінші не жайында айтылады?
2) Өздеріңе қандай есім ұнайды?
3) Сыныптан Қожадан басқа Қожаны кім деп атайды екен?
4) Қожа әкесі туралы қалай ойлайды екен?
5) Оқулық сатып алуда Қожаның ісі дұрыс па? Оның орнында өздерің болсаңдар қайтер едіңдер?
6) Сабаққа дайындалмай келген Қожаның көңіл күйі
7) Дайындығы мықты болмаса да, өзін көрсеткісі келген мақтанқұмар Жантастың ісі.
8) Екеуін салыстыра суреттейміз
9) Қазақ тілі мұғалімінің сумкасына бақа салып жіберген Қожаның іс-әрекетін қалай түсінесіңдер? Қожаның осы әрекетіне қалай қарайсыңдар?
10) Қожаның ісіне мұғалімдер қандай наразылықтар айтты?
11) Майқанованың «Түбінде адам болатын бала» дегенін қалай түсінесіңдер?
- Қожа кәзір барлығын балалықпен істеп жүр, кейін есі кіре үлкен азамат болады деп сенім білдіреді.
V – Балалар, көгілдір экраннан әр түрлі қызықты бағдарлама көріп тамашалаймыз
- Сендер қандай бағдарламаны тамашалайсыңдар?
- Ендеше, «Алтын сақа» бағдарламасы сияқты біз де жұмыс істеп көрейік.
- Сендердің хикаятты қаншалықты оқығандарыңды мен тексерейін. Оқулықты жауып, партаның бір жағына қоямыз.
1. Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша тәуелді аты болмайды. «Ортаншым».....
2. Бірнеше күннен кейін оқу жылы басталады. Мәссәған, керек болса, әнеугүні маған дүкенде жекіретін көк көз келіншек тыпың-тыпың етіп, қағаздарын қолтықтап, біздің сыныпқа кіріп келе жатыр...
3. Ал Анфиса Михаиловна өйтпейді. Алфавитті қуаламай,тәртіп сақтамай сұрайды...
4. Мамам қолын иығыма салды
- Сен жақсы жүрсең, мен ешқайда кетпеймін...
5. Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Тізім шақырып болғаннан кейін, Майқанова сумкасын ашып, қол орамалын суырып алды.
VI Үйге тапсырма: Шығарма «Менің сүйікті кейіпкерім» немесе «Маған ұнайтын жазушы»
VII 1) «Менің атым Қожа» фильмін жақсы көреміз
2) – Осы фильмді қойған режиссер Абдолла Қарсақбаев екен. 1963 жылы түсірілген.
3) Қожа фильмінде ойнаған Нұрлан Сегізбаев
4) – Фильмді бәріміз тамашаладық
5) – Ендеше, балалар, осы фильмнен үзінді тамашалайық
6) – Мүмкін, сендердің араларыңда да болашақ актерлар мен акртрисалар отырған шығар.
7) Қорытынды
8) Бағалау
9) «Сарыжайлау әні»

Қатысушылар: Жантас, Қожа, Сәбира Майқанова (мұғалім, сынып жетекші)

1 – көрініс

Мектептің қасында Қожа (қолтығында добы бар) келе жатқанда Жантасқа
ұшырасады.
Жантас: (қолында мор басылған бір жапырақ қағазы бар. Соны шертіп-шертіп койып):
- Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе?
Қожа: - Ол не?
Жантас: - Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен, көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
Қожа: - Оны саған кім берді?
Жантас: - Кім беруші еді? Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде.
Қожа: - Неге жоқпын? Майқанова апай қайда?
Жантас: - Мектепте
(Қожа келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп шертті де жүгіре жөнелді)

2 – көрініс

(Қожа екпінлеген қалпымен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп барады. Майқанова бірдеме жазып, жалғыз отырады)
Майқанова: (Басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарады):
- Не болды? Не болды Қадыров?
Қожа: - Лагерьге жолдама беріңізші маған
Майқанова: - Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың
Қожа: - Неге?
Майқанова: - Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетпейді, Ал екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз.
Қожа: - Жантас немене... менен артық болғаны ма?
Майқанова: (ашуланып)
- Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба?
Қожа: - Бермесеңіз қойыңыз (жалт бұрылып, есікті тарс жауып жөнеле береді)
Майқанова : - (Соңынан ілесе шығып): - Қадыров! Бері кел.
-Қадыров. (Қожа есіктен жүгіре шығып кетеді)
Жантас: (жолын тосып)
-Немене, жолдама алдың ба?
Қожа: - Алдым
Жантас: - Кәне, көрсетші?
Қожа: - Міне. (Сарт еткізіп танаудан тағы бір шертіп кетеді)

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Жанара (2011-05-18)
Просмотров: 15868 | Рейтинг: 4.3/7
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2025-01-31, 11:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru