Смаилова А.А. Сынып: 6 «б» Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен жолбарыс» ертегілері. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: . «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен жолбарыс» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу. 3.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. 2.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес Сабақтың типі: аралас сабақ Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, пікір алмасу,әңгімелесу. Сабақтың көрнекі құралдары: Сабақтың тақырыбын ашатын презентация, қима қағаздар,ертегі мазмұнына байланысты суреттер. Пәнаралық байланыс: орыс тілі Сабақтың барысы: І. Ұйымадастыру кезеңі - Сәлеметсіздер ме, балалар! - Сәлеметсіз бе! Бүгін сыныпта кім кезекші? - Сыныпта кім жоқ? Тіл дамыту. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Күз. - Ауа райы қандай? - Бүгін ауа райы жақсы, күн жылы . - Аптаның қай күні? - Сәрсенбісі. - Балалар сендерге ертегілер оқыған ұнай ма? - ... ІІ Жаңа сабақ Ендеше, балалар біз бүгін ертегі әлемінде саяхат жасаймыз. Жолға шықпас бұрын, біз саяхатымыздың шартымен танысып алайық.Саяхатқа құрал-жабдықтарымызды дайындап, алда тұрған тапсырмаларды орындап, кедергілерден өтуіміз керек.Соңында Алтын сандықты тауып алуымыз қажет. Олай болса сәт сапар! - Балалар сендерге үй жұмысына берілген тапсырмаларды сиқырлы ұяшықтар ойыны арқылы тексерміз.Берілген ұяшықтарды оқушылар бір-бірден келіп таңдап, тапсырманы орындайды. №10. «Алтын сақа» ертегісі қандай ертегі түріне жатады? №10. «Алтын сақа» ертегісінің басты кейіпкерлерін атаңыз. №20. «Сақа» сөзінің аудармасын айтыңыз. №20. Ертегілердің түрлерін атаңыз. №30. Қиял- ғажайып ертегіге мысал келтіріңіз. №30. «Алтын сақа» ертегісіндегі жалмауыз кемпір туралы не айтасың. №40. Ертегі қалай аяқталады? №40. Ертегі бізді неге тәрбиелейді? №50. Ертегі ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады? - Балалар, біз бірінші аялдамадан өттік. Енді келесі «Тапқырлар» аялдамасы. Мұнда бізге жаңа сөздердің аудармасын өзіміз тауып алуды тапсырады.Яғни тапқыр деген атқа лайық болайық десек, іске сәт! Жаңа сөздер: Түлкі- лиса Қоян заяц Құйрық - хвост Залал келтірген - причинил вред Аңдып - следил Ініне - в нору Түбінде - внизу Ыңғайсыз-не удобно Жолбарыс тигр Жар -овраг Астыңғы жағынан - внутри - Жақсы! Біз мына аялдамадан өттік.Яғни тапқыр деген атқа лайықты екенімізді дәлелдедік.Енді келесі «Алғырлар» аялдамасы бізге мынадай екі конверт ұсынып отыр. Сонын ашып көрелік. 1. «Түлкі мен қоян» ертегісін оқып, аудару. 2. Викториналық сұрақтарға жауап беріңіз. 1. «Түлкі мен қоян» ертегісіндегі түлкіге сипаттама беріңіз. 2. Қоян қандай жануар? 3. «Түлкі мен қоян» ертегісі қандай ертегі түріне жатады. 3. «Түлкі мен жолбарыс» ертегісін оқып аударыңыз. 4. Викториналық сұрақтарға жауап беріңіз. 1. «Түлкі мен жолбарыс» ертегісіндегі түлкіге сипаттама беріңіз. 2. Жолбарыс қалай алданып қалды? Түлкі мен қоян Әуелі түлкінің құйрығы жоқ еді. Әрқашан қасқырмен тату тұрмаған себепті құйрығының жоқтығы жүрген ізін жасыра алмай, оған бек қатты залал келтірген. Сол үшін қасқыр әрдайым түлкінің артына түсіп, аңдып жүріп, бір күні оның ініне кірген. Егер түлкі іннің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе, өлтіріп тастар еді.Әлден соң түлкі орман ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда, қоян: «Мен өлтірме, саған құйрығымды сыйға берейін»,- деп уағда қылады. Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастайды. Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалған екен. Түлкі мен жолбарыс Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс дос болыпты. Екуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты: - Мен мына жардан құлап кетемін, сен түлкі менің астыңғы жағымда жат,- депті. Сөйтсе, түлкі астыңғы жағында жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып: - Ай, жолбарыс, мені басып кеттің, арырақ жат! – депті. Сөйтсе, жолбарыс жылжи бере, жардан құлап, өліп қалыпты. «Үздіктер» аялдамасы: -Балалар, біз бүгін бірнеше аялдамаларға саяхат жасап келеміз.Үздіктер аялдамасына да жеттік. Енді қазыналы сандықшаны алу үшін мына венн диаграмманы толтыруымыз керек. Коян Жолбарыс ІV. Қорытынды. Осы аялдамадан сүрінбей өткендіктен алтын сандықты алдамыз. Сонымен, Бүгінгі оқыған ертегілеріміз ертегінің қай түріне жатады? Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? V .Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді жаттап, ертегілерді мазмұндап келу. VІ. Бағалау. VІІ. Қоштасу: Сау болыңыздар!
|