«№ 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені» Смаилова Әлия Әбутәліпқызы 3 «В» сынып Сабақтың тақырыбы:Жаз Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ Сабақтың типі: интерактивті сабақ Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық, интерактивті тақта Сабақтың әдіс-тәсілі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, аудару, Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезең - Сәлеметсіздер ме балалар? - Бүгін сыныпта кім кезекші? - Кезекшіге сұрақ қоямыз - Қазір жылдың қай мезгілі? - Бүгін нешесі - Үйге не берілді? ІІ. Үй жұмысын тексеру ІІІ. Жаңа сабақ 1. Тақтадағы суретке қарай отыра сабақтың тақырыбын ашу (Тақтада жаз суреті бейнеленген) - Балалар, суретте не бейнеленген? - Бұл жылдың қай мезгілі? - Жазда қандай өзгерістер болады? - Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды? - Ендеше, өздерің түсінгендей біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жаз» тақырыбы. (Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту) 2. Жаңа сөздермен жұмыс Жыл мезгілі –время года Демалады –отдыхают Шомылады – купаются Күнге күйеді- загорают Маусым –июнь Шілде- июль Тамыз- август 1. Тақтада жазылған сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды 2. Оқушыларға тізбектетіп оқыту 3. Жіңішке, жуан сөздерді бөлек оқыту 4. Жаңа сөздерден сөйлемдер құру 3. Мәтінмен жұмыс Жаз Жаз - өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. күйеді.Орман тоғайларға барып,жидек, саңыраулқұлақ тереді. Балалар жазды өте жақсы көреді. - мәтінді (интерактивті тақтадан) оқу, аудару - мәтіннің мазмұнын айту - мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру - cұраулық шылаулардың көмегімен мәтін бойынша сұраулық сөйлемдер құрау. Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. ІV Сабақты бекіту 4. Интерактивті тақтаға жаз сөзіне кластер құрау әдемі ыстық каникул гүлдер Жаз көл шомыламыз орман көңілді 5. Тақтадан оқушылардың «Жаз» тақырыбына салған суреттерін көрсету. V. Сабақты қорытындылау 1. Әр оқушыға жаз туралы бір сөйлемнен айтқызу. 2. Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтау Жылдың төрт мезгілібар: ..., ..., ..., ... . Бір жылда ... ай бар. Жаз айлары: ..., ..., ... . Ең ыстық жыл мезгілі: ... . V. Үй жұмысы: Венн диограммасын құру, сөздерді жаттау. VІ. Бағалау
|