Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тақырыбы:«Абайдың сөз өнері арқылы тіл мәдениетін үйрену».
Ұлы Абайдың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз»деген сөзі, ақынның даналығын сөз етуге итермелейді. Өйткені,әр адам атауына Абай жақын. Оның ақындық өнеріне тамсанамын,ой толғамдарының тұң-ғиығын,Абай мектебінің білім,ізгілік мектебі тіл мәдениетіне итермелей-ді.
Тіл мәдениеті дегеніміз не? Қазіргі заман талабына сай , мәднеиетті адамның бір көрінісі – тіл мәдениетінің жоғары болуы, дұрыс сөй-леп,сауатты жаза білуі. Әр адамның сөйлеу мәнерінен,сөз қолданысы-нан,тіл мәдениетінен,оның кім, қандай кісі екенін аңғару қиынға соқпай-ды.Бұл пікірге: «Сөзіне қарай кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма»,- Абай сөз-дері дәлел.
Абай – тілді ғажап өнер ретінде таныған және сол өнерді жетік мең-герген,жоғары бағалаған. Абай ақынның осы қасиеттерін үлгі етудің маң-ызы зор, себебі, қазір тіліміз өгейсіп,сөйлеу мәдениеті жадаң тартқан уа-қыт.Арамызда сөйлеген сөзі сылбыр,бөтен сөздерді жиі қайталап,сөзді дұрыс қолдана алмайтын, тіл қадірін кетіруші адамдар көп
кездеседі.Қазіргі кезде тіл мәдениетімен айналысып жүрген ғалым-зерт-теушілеріміз аз емес. Яғни, тіл мәселесі әліде қарастырылуда. Тілге құр-мет – сол тілді білумен ғана шектелмеуі тиіс.Сөйлеуші сөз жақсысын дұ-рыс тере білуі,таңдап қолдануы,ойын дәл,анық жеткізе білуі қажет. Осы айтылған сөздерге Абайдың мына өлең жолдары дәлел:
«Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырарер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп –тегіс жұмыр келсін айналасы,»
Абайдың сөз зергері,үлкен стилист,классиктігінің негізі осында деп біле-мін.Ұлы ақынның сынды көркем сөз шеберінің тіл туралы айтқан пікірі:
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның сөз білмес бишарасы,»- деп тіл қадірін кетірушілерге соққы береді.
Тіл тазалығын сақтау –ана тілін ардақтайтын әр азаматтың қасиетті борышы. Көбіне,айтар ойын шашыратып,тілді шұбарлап.айтар көрікті ой-дың өңін қашырады,мәселе,ойындағысын түсінікті,жүйелі түрде жеткізе білу.
Дұрыс сөйлеуге дағдылану,тіл мәдениетінің шыңына жету жеңіл емес.Бұл негізі отбасында, бала-бақшада,мектепте қазақ тілін жүйелі оқу,үйрену, тіл дамыту,сауатты жазу арқылы жетіледі. Қоршаған орта, көркем шығармалар,шешендік сөздер,радио,теледидар – тілді,тіл мәдени-етін шыңдаудың тамаша жолы «Көкірегі сезімді,тілі орамды» болашақ-тың қалыптасуына майталман сөз шеберлерінің,әйгілі шешендердің мұра-ларын өнеге ету септігін тигізеді.
Абайдың зергерлігіне,даналығына әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның
ақын-жыраулардың көркем шығармалардың әсері болған, Абайдың әжесі
мен шешесінің тілдік тәрбие беруі қазіргі ата-аналарға өнегелі үлгі болса деймін.
Тіл мәдениетін арттыру үшін , мақал –мәтелдерді қолдана білу сөз-
дің ажарын кіргізіп,тілдің әсерлі болуына септігін тигізеді. Ақын халық мақал-мәтелдерінің кейбірін сол қалпында қолданса,ал «еңбек етсең, емерсің», «жарлының бір тойғаны – шала байығаны» - деген халық мақалдарының мағынасын сақтай отырып,өзгертіп құраған.
« Еңбек етсең,ерінбей
Тояды қарның тіленбей ».
«Бір тойған -шала байлық».
Абай қазақтың әдеби тілін осындай көркем, бейнелі сөздермен мей-лінше байытты, сондықтан ақын шығармашылығын оқи отырып,сөйлеу мәдениетін, сөз мәдениетін меңгеру мүмкін. Нақтылай келе, тіл мәдени-етін көтеру – тіл байлығын меңгеру, оларды ұтымды,дұрыс пайдалану.
Бұл тұрғыда мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін, Абай тану сабақ-тарында ақын мұраларын үлгі етіп, тапсырма түрлерін түрлендіруге болады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Махметова_М (2011-06-17) | Автор: Сыздыкова Сауле Сероковна E
Просмотров: 5793 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 5:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru