Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Разработки уроков
Мырзатаева Амина Оразайқызы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Қостанай облысы, Рудный қаласы,
№10 мектеп-гимназия
Орыс тілді мектептің, математикалық бағытындағы 10 сыныптар үшін
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Таза бұлақ» мазмұндама.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ы.Алтынсариннің шағын әңгіме жазудағы шеберлігін көрсету;
көлемі шағын әңгімелерін насихаттап, өз ойын лексикалық,грамматикалық білімдерін қолдана отырып жеткізу;
Дамытушылық: оқушылардың ойын жүйелеп айтуға үйрету,тақырыптағы негізгі ойды жеткізе білуге дағдыландыру; шығармашылық ізденіске бағыттау, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: жазушы әңгімелері арқылы адамгершілікке, ізденімпаздыққа, танымдыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: итерактив тақта, суреттер,тірек-сызба,
Ұраны: «Әй,жолаушы,болсаң, осы бұлақтай бол!»
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Кезекші сөзі. Тіл дамыту.
Үй жұмысын тексеру. Сұрақ- жауап әдісі бойынша:
- Ы.Алтынсарин кім?
- Қай облыста дүниеге келген?
- Ы.Алтынсарин еңбектері қандай?
* Әңгімелері:
“Қыпшақ Сейітқұл” , “Киіз үй ағаш үй” ,”Бай баласы мен жарлы баласы” ,” Таза бұлақ” және т.б. Өлеңдері: “Кел, балалар, оқылық”, “Өнер, білім бар жұрттар”, “Өзен”, және т.б.
Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазып, бұларды оқулық ретінде ұсынды.
ІІ. Жаңа сөздермен танысамыз: бұлақтың басында, ақыл сөз, кеңейіп,үлкейеді, жалқауланып, тоқтап қалма, мұратыңа жетерсің, ыстықтағанды салқындатады, сусағанның сусынын қандырады, ынтық болмас еді, бойыңды,ойлаймын
«Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» дегені
Жаңа сабақтың мазмұны. Мұғалім сөзі. Бүгін, сабақта Ы.Алтынсариннің шағын әңгімелерінің бірі «Таза бұлақ» әңгімесі бойынша мазмұндама жазамыз. Әңгімені үйде оқып, аударып келу тапсырылған. Орысша аудармасын айтып беру. Мәтінмен жұмыс. Мұғалім өзі оқып шығады.
Мәтіннің тақырыбы, негізгі ойы туралы айтамыз. Мәтінен көмек сөздерді тауып, мазмұнына қарай бөлімдерге бөлеміз.
Таза бұлақ
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақтың суы мұздай, салқын, таза екен. Бұлақтың басындағы таста мынадай жазу бар екен:
«Әй,жолаушы,болсаң, осы бұлақтай бол!»
Үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң, жазуды оқып,біреуі айтты:
-Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Ол бара-бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған бөтен бұлақтар құйылып, үлкен өзен болып кетеді. «Сен де, адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма. Сонда сен мұратыңа жетесің» дегені ме деп білесің, -дейді.
Екінші жолаушы басыншайқап:
-Жоқ, мен олай ойламаймын. Бұл бұлақ кімге болса да даяр. Ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады. Сусағанның сусынын қандырады. Ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе» дегені болса керек,-деді.
Үшінші жігіт айтты:
- Бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп- шалам түсіп, лай болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: «Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» дегені ме деп ойлаймын, -деді.
(Ы. Алтынсарин)
Қорытынды: Әңгіменің мазмұнын жазу
Үйге тапсырма: 105-бет. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап келу.
Бағалау.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабағы
Сабақ жоспары 9- сынып
Сабақтың тақырыбы: Қара шаңырақ. VI модуль. «Қазақ отбасы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың салт-дәстүрімен танысып, одан үлгі, өнеге алу;
Дамытушылық: сөздік қорын молайту, сөйлемдер құрауға жаттықтыру, ауызекі сөйлеуге үйрету;
Тәрбиелік: қазақ халқының, өз ұлтының дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: суреттер, тірек-сызба, презентация
Түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Үй тапсырмасын тексеру. Өз отбасы туралы әңгімелеу.
ІІ. Жаңа сабақтың мазмұны. Мұғалім сөзі. Оқушылар, әр халықтың өз салт-дәстүрлері бар екенін білеміз. Бүгін сабақта біз қазақ отбасының рухани құндылығымен, отбасындағы дәстүрлерімен танысмыз.
Жаңа сөздермен танысамыз:
жетесіз-неразумный (сөздің мағынасын түсіндіру)
кенже ұл, иесі, кіші бала, бірге, мәні, туыстары, жеті ата.
Мәтінді оқып, аудару. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Қазақ отбасында кенже ұл- шаңырақ иесі. Кенже бала отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала әке-шешесімен тұрады. Кенже бала- қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ- үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады.
«Жеті атасын білмеген –жетесіз» мақалының мағынасын ашып, түсіндіру.
Жаңа сабақты бекіту:
«Шаңырақ» сөзі нені білдіреді? (оқушыларын өз ойларын ортаға салады)
Сөз.Сөз тіркесі. Сөйлем. Осы схема бойынша сөздікпен жұмыс.
Шаңырақ. Біздің шаңырақ. Шаңырақ -киіз үйдің бір бөлігі.
Ұл. Ұл бала. Отбасымда бір ұл бала, бір қыз бала.
Кенже. Кенже бала. Кенже баланың өз отбасы болады.
Синонимдермен жұмыс.
Отбасы-үй іші, жанұя. Үй-тұрақ- шаңырақ. .
Антонимдермен жұмыс.
Ұл- қыз. Кіші-үлкен.Жас-кәрі. Әйел-еркек (ер адам).
Тапсырмалар: 1. Мәтінге 5-7 сұрақ қойыңдар.
Грамматиканы қайталау. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
Жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, неге десеңіз.
Әке-шешесі қара шаңырақты кенже ұлға береді, себебі кенже ұл қазақ отбасында шаңырақ иесі.(сөйлесге синтаксистік талдау жасау)
Қорытынды:
Тақтаға тірек-схема ілінеді. Оқушылар өз отбастары туралы әңгімелеп беру керек.
Мәтіндегі деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады.
Үй тапсырмасы: « Отбасымның дәстүрлері» тақырыбына әңгіме құрастыру.
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтау.

Орыс мектептерінің математикалық бағытының 11 сыныптары үшін
Сабақ жоспары (11 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Отаным- Қазақстан. Й,У дыбыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтан Республикасы туралы білімдерін толықтыру, бекіту;
Дамытушылық: сөздік қорын молайту, сөйлемдер құрауға жаттықтыру, деңгейлік тапсырмалар арқылы өз білімдерін бағалауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, ойландыру
Көрнекілігі: интерактив тақта, презентация, тірек-сызба.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Тіл дамыту. Сұрақтар:
-Туған жерің Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
-Туған жеріңде қандай өзен,көл, бар?
-Туған қалаңда қандай оқу орындары бар?
-Туған өлкеңде қандай атақты адамдар дүниге келген?
Үй тапсырмасын тексеру. «Туған жер. Атамекен» тақырыбына монолог немесе диалог құрастыру.
ІІ. Жаңа сабақтың мазмұны. Мұғалім сөзі.
Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады.). Менің ойымша, « Отан отбасынан басталады»,- деген мақал дәл айтылған.
Жаңа сөздермен танысамыз:
Арғы тегі, қорғау үшін, аймақ, сақтап қалды, дүние жүзі , ұйым, құрметтейді ,есептейді, мәдениетін дамытады, еңбек етеді.
Мәтінді оқып, аудару.
«Отан» деген сөзді күн сайын естиміз. Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Адамның жақсы,бақытты өмір сүруі көп жағдайда отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отанды сүйе білсең- атақ та, жұмыс та, құрмет те болады
• Мәтінмен жұмыс жүргізу.(оқу,аудару).
• Мәтін бойынша сұрақ құрастыру тапсырылады..
• Оқушыларға мәтінді өз сөздерімен аяқтау тапсырылады.
- Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан – егенмеді, тәуелсіз ел.
Бұл елде көп ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
- Менің ұлтым –орыс. Ана тілім-орыс тілі, бірақ мемлекеттік тілді, қазақ тілін, білу, үйрену- менің міндетім.
- Мен Отанымды мақтан тұтамын.Қазақстан Республикасын бүкіл дүние жүзі халықтарының бәрі таниды.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Й,У дыбыстары. И әрпі қазақ тілінде ій,ый қосарлы дыбыстарын таңбалайды. Жіңішке айтылған и-дің алдынан і, жуан айтылған ы әріптері жазылмайды: би,тиек, киім,иіс, сиыр, қиыр, жиналыс.
Жаңа сабақты бекіту:
Грамматикамен жұмыс. Сен білесің бе? Түбірлес сөздерді біліп алыңдар.
Отан -Отандас- отаншыл- отансүйгіш
Тапсырма бойынша сөз тіркестерімен жұмыс.
Туған жерің- отанын, орасан зор аумақ- байтақ жер, дүние жүзі елдері- әлем елдері, таныды-білді, өзара түсіністікте өмір сүреді-тату-тәтті өмір сүреді, құрметтейді- қадірлейді, гүлдендіру үшін-көркейту үшін.
Синонимдермен жұмыс
Отан - атамекен, ел, жер, өлке, мекен, туған жер.
Кең-байтақ-ұлан-ғайыр, зор.
Аумағы-көлемі
Антонимдермен жұмыс
Үлкен- кіші, шағын. Бейбітшілік-соғыс. Дос-жау.
Грамматика қайталау.
Қорытынды: Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Үйге тапсырма: «Менің өлкем» тақырыбына әңгіме құрастыру.
«Отан, ел» тақырыбына мақал-мәтелдерді жаттау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Amina12 (2011-06-22) | Автор: Амина Мурзатаева
Просмотров: 14279 | Рейтинг: 2.6/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-02-08, 1:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru