Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Департамент образования Северо-Казахстанской обл. РК Городской отдел образования при акиме г. Петропавловска Гуманитарный центр образования и воспитания Шаукерова Д.Н. Казахская литература Тема: Доклад. Сәбит Мұқанов - шоқ жұлдыздардың бірі. Первая гимназия г: Петропавловск 2011 г. Тақырыбы: Сәбит Мұқанов - шоқ жұлдыздардың бірі. Сәбит Мұқанов – қазақтың жігіті, ақыны, жазушысы, біздің әдебиетіміздің Эльбурстарының бірі. Расул Ғамзатов. 20-ғасырдың құрдасы, қазақ әдебиетінің алтын діңгектерінің бірі, ақын-жазушы, драматург, ғалым Сәбит Мұқанов өз дәуірінің ірі тұлғасы. Бақыршы баладан өсіп, дүниежүзілік деңгейдегі белгілі қаламгерге айналған жерлесіміздің есімін барлық қазақ халқы мақтан тұтады. Ал біздер солтүстікқазақстандықтар үшін Сәбеңнің алатын орны ерекше, оның есімі әр жүректе алтын әріптермен жазылған. Сәбит Мұқановтың шығармашылық жолы, қоғам қайраткері ретіндегі азаматтық жолы талай-талай ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық. Ұлы талант иесінің артына қалдырған мол мұрасы жыл өткен сайын әр қырынан жарқырап, жаңара, жаңғыра көрініп, бұрынғыдан да тереңірек танылып бағалана бастағанның куәсі болып жүрміз. Оның талантын дарқан дала табиғатымен салыстыруға болады. Сәбит – тынысы, өрісі кең қаламгер. Қазақ әдебиетінің тарихына ол ең алдымен жаңа заманның жыршысы ретінде енді. Сәбит Мұқановтың шығармашылық жолы ұзақ та жемісті болды.Оның көркем шығармаларында ХХ ғасырдағы қазақ халқының басынан өткерген ірі-ірі тарихи-әлеуметтік оқиғалар, ұлттың тұрмыс-тіршілігі шынайы көрініс тапқан. Халықтың ең төменгі ортасынан шығып, ұлтының мақтанышына айналған жазушы ел өмірін және қарапайым кедейдің өмірін қазақи көзбен көру арқылы кеңес әдебиетіндегі бірден-бір көркем бейнелеудің құралы болған реализм әдісін пайдалана отырып жазған. Алғашқы адымын саяси лирикадан бастаған Сәбит Мұқанов қазақ әдебиетінің барлық саласында қалам тербетіп, халқының сүйікті жазушысына айналды. Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов әріптесі Сәбит Мұқанов туралы «Жолы кең жазушы», «әрі ақын, әрі драматург және әдебиет тарихының зерттеушісі атанған Сәбитті қазақ оқушыларының қауымына өте даңқты, қымбат аттың бірі», - деп аса жоғары бағалап жеткізді. Сәбит Мұқанов – қазақтың үлкен ақыны. Оның қаламынан өмірдің өзекті мәселелеріне өткір тілімен үн қосқан «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Поэзия маршалы» сияқты ондаған өлеңдерін өрбітті. Сәбит Мұқанов – қазақтың үлкен прозашысы. Оның қазақ әдебиетінде проза саласын байыта түскен көптеген шығармалары : «Балуан Шолақ» повесі, «Ботагөз», «Сырдария», «Мөлдір махаббат» романдары мен «Өмір мектебі» (1,2 кітап), «Есею жылдары» атты өмірбаяндық трилогиясы мен трилогия болып жоспарланып, аяқталмай қалған «Аққан жұлдыз» романдарының авторы ретінде танылды. Қазақ прозасындағы роман жанрының қалыптасуына айтарлықтай еңбек сіңірді. Сәбит Мұқанов – драматург. Ол «Күрес күндерінде», «Шоқан Уәлиханов», «Сәкен Сейфуллин», «Қашқар қызы» сияқты пьесаларын жазып, қазақ драматургиясын байытуға айтарлықтай үлес қосты. Сәбит Мұқанов – публицист. Ол елді аралағанда, шетелдерге шыққанда да қолынан қаламы түспейтін. «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған балық», «Алыптың адамдары», «Адам – Атаның шоқысында» сияқты кітаптары арқылы жазушы әсіресе жол сапар очерктерінің шебері ретінде танылды. Сәбит Мұқанов – әдебиет сыншысы. 1923 жылдан бастап, әдебиет майданына белсене араласқан жазушы үш жүздей сын мақалаларын жариялады. Сәбит Мұқанов – академиктік дәрежеге дейін көтерілген ғұлама ғалым. Ұзақ жылдар бойы ғылыми шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде көптеген құнды шығармаларды жазды. Сәбең өзінің қазақ әдебиетінің тарихы мен оның көрнекті өкілдері жайлы жазған зерттеулерінде ұлтын сүйген азаматтарды терең парасаттылықпен таныта білген. Сәбит Мұқановтың қаламынан шыққан шығармалары туған халқының кешегі және бүгінгі күнін көркем бейнелеу арқылы жеткізе білген. Оның ғылыми зерделенген еңбектері де өркениетке бет бұрған ғасыр көшіндегі қазақ халқының небір ұрпақтарының ұлттық рухтағы қажеттіліктерін қанағаттандырып отыратын рухани бұлақ бола бермек. | |
Просмотров: 4909 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|