Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қазақ әдебиеті пәнінен 10-шы сыныптарға арналған тест сұрақтары. Құрастырған: Скакбаева Ж.С. №32 орта мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қарағанды қаласы. ТЕСТ ХІХ ғасырдың І жартысы 1. ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ даласында отарлау саясатын кімдер жүргізді? А) патша өкіметі Ә) старшындар Б) жоонғарлар В) монғолдар 2. Патшалық билік арнаулы заң шығарып, хандықты қай жылы жойды? А) 1800 жылы Ә) 1820 Б) 1841 В) 1822 3. Отаршылдыққа қарсы шыққан ұлт-азаттық көтерілісті бастаған кімдер? А) Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов Ә) Исатай Тайманов, Сырым Датов, Қобыланды батыр Б) Кенесары Қасымов, Абылай хан, Қабанбай батыр В) Махамбет Өтемісұлы, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр 4. Махамбет пен Исатайдың халықты көтеріліске бастауының мақсаты не еді? А) ақын-жырауларды көтермелеу Ә) тартып алынған жер-суын өзіне, шын иесіне қайтару Б) әлеуметтік жағдайды жақсарту В) мал-мүлікті жинау 5. Халқынын болашағын ойлап,тәуелсіздігін жырлаған ақындар кімдер? А) Дулат, Шортанбай, Мұрат,т.б. Ә) Баймағамбет, Ақтамберді, Үмбетей Б) Нұралы, Мөнке, Исатай В) Асанқайғы, Дулат, Жәңгір 6. Ұлттық-азаттық көтеріліс Бөкей ордасында кай жылдары болды? А) 1830 1831 Ә) 1832-1833 Б) 1834-1835 В) 1836-1837 7. «Байғыз» қарт атанған ақын кім? А) Шортанбай Ә) Дулат Б) Мөнке В) Сүйінбай 8. «Атамекен» сөзінің синонимі қандай? А) еркіндік Ә) заман Б) атақоныс В) ата- ана 9. «Зар заман» ақындары кімдер? А) Дулат Бабатайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Шортанбай Қанайұлы, т.б. Ә) Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари Б) Абай Құнанбаев,Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов В) Бұқар жырау, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау 10.Сүйінбайдың ең алғашқы шығарған өлеңі. А) «Құс» Ә) «Түс» Б) « Жүз» В) « Туыс» 11.Сүйінбай өлендерінің өзекті идеясы қандай? А) елдік пен ақындық Ә) елдік пен сыншылдық Б) елдік пен ерлік В) елдік пен ерулік 12. М. Әуезов «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп кімді айтты? А) Шортанбай Қанайұлы Ә) Майлықожа Сұлтанқожаұлы Б) Қашаған Кіржіманұлы В) Сүйінбай Аронұлы 13 «еңіреген ер» сөзі қалай аударылады? А) борец за народное дело Ә) борец за свое дело Б) борец за хорошее дело В) борец за поэтическое дело 14. Суйінбай ең бірінші кіммен айтысты? А) Қатағанмен Ә) Қарғамен Б) Тезекпен В) Жамбылмен 15. «Жаңа низам» заңы қай жылы шықты? А) 1865 Ә) 1866 Б) 1867 В) 1868 жылы 16. Ш. Қанайұлының өлеңі қалай аталады? Мынау заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман... Зарлығынның белгісі, Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген. Мұнын өзі тар заман,- А) «Қай заман» Ә) «Бар заман» Б) «Тар заман» В) «Зар заман» 17. «Ұрлықтың түбі қорлық-ты» кімнің өлеңі ? А) Жамбыл Жабаев Ә) Сүйінбай Аронұлы Б) Қашаған Күржіманұлы В) Майлықожа Сұлтанқожаұлы 18. «Бұл дүниеде не жетім?» деген екен өлеңінде Қашаған Күржіманұлы Кім қажетсіз, сол жетім.,-деп жауап берген екен ақын. Аудармасы қалай? А) Если аким не справедлив Ә) Земля без людей Б) Кто никому не нужен В) Колодец без воды 19) Кімнің өлеңі және қалай аталады? Еділді тартып алғаны- Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны Жағаға қолды салғаны... А) Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» Ә) Қашаған Кіржіманұлы «Бұл дүниеде не жетім?» Б)Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ұрлықтың түбі қорлық-ты» В) Шортанбай Қанайұлы « Зар заман» 20) «Қазақтар өнерге, білімге, ғылымға құштар халық, тек соған жетелейтін адам болса...» Кімнің сөзі? А) И.А.Герцен Ә) В.И. Даль Б) Е.П Ковалевский В)Ш Уәлиханов Қазақ әдебиеті: Абай , Шәкәрім , Мағауия 1.Абайдың үлкен әкесінің аты (атасының) кім? А) Өскембай ә) Бөкенбай б) Қарасай в) Құнанбай 2.Абайдың әке-шешесі. А) Өскембай,Зере ә) Құнанбай,Ұлжан б) Құдайберді,Айғыз в) Ибраһим, Ділдә 3. Жеңгелерінің Абайға қойған аты: А) Желғара ә) Селғара б) Телғара в) Белғара 4. Абайға әкесінің қандай мінезі дарыған? А)нәзіктігі мен сезімталдығы ә) момындығы мен ұялшақтығы б) сүйкімділігі мен байсалдылғы в) батылдылығы мен алғырлығы 5) Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Кәкітай Ысқақов қай қалада бастырды? А) Мәскеуде ә) Петербургте б) Омбыда в) Орынборда 6. Абай медреседе оқып жүрген кезде өз бетімен қандай мектепке барып жүрді? А) парсы ә) араб б) орыс в) түрік 7.Абай қай жастан бастап өлең жаза бастады? А) 20 ә)30 б)40 в) 50 8. Абай «адам болам» деген жасөспірімге ашыла сырласқан өлеңі: А) «Ғылым таппай мақтанба» ә) Өлең-сөздің патшасы. Б) «Сегіз аяқ» В) «Жазғытұры» 9.Ауылдың тамаша табиғатын көркемдеген әні: А) «Көзімнің қарасы» ә) «Желсіз түнде жарық ай» б) «Қараңғы түнде тау қалғып» в) «Айттым сәлем, қалам қас» 10.Абайдың афоризмін жалғастыр « Пайда ойлама,....» А) өзінді ойла ә) өмірді ойла б) тамағыңды ойла в) ар ойла 11.Шәкәрім кім? А) ойшыл-ғалым ә) әнші-композитор б) ақын-айтыскер в) күйші-композитор 12. Шәкәрімнің өлеңдерінің негізгі өзегі: А) махаббат ә) табиғат б) еңбек в) достық 13.Ақынның эпикалық жанрда жазған көлемді шығармасы: А) «Қыз Жібек-Төлеген» ә) «Еңлік-Кебек» б) «Қозы-Баян» в) «Фархат-Шырын» 14. Шәкәрім қандай музыкалық аспаптар жасады? А) гитара,балалайка ә) қобыз, асатаяқ б) домбыра, скрипка в) сыбызғы, шаңқобыз 15. Шәкәрімнің қандай шығармасын баласы Ахат Құдайбердиев магнитофон лентасына жаздырған? А) дастандарын ә) өлеңдерін б) нақыл сөздерін в) әндерін 16.Шәкәрімнің сүйегі қай жылы табылып, жерленген? А) 1931 ә) 1940 б) 1951 в) 1962 ж. 17.Мағауия кім? А) Абайдың баласы ә) Шәкәрімнің баласы б) Құнанбайдың баласы в) Оспанның баласы 18.Ол қайда оқыған? А) Орынбордағы училище ә) Омбыдағы училищеде б) Семейдейгі училищеде в) Қарқаралыдағы училищеде 19.Мағауияның шығармалары қайсы? А) «Ескендір» ә) «Медғат-Қасым» б) «Ләйлі-Мәжнүн» в) «Масғұт» 20.Абай Мағауияны еркелетіп қалай атаған? А) Майдаш ә) Мағия б) Манас в) Мағаш 21.Мағауия неше жасында қайтыс болды? А) 30 ә) 34 б) 36 в) 38 22.Мағауияны «ерекше қасиет иесі» деп жазған кім? А) М.Әуезов ә) А.Құнанбаев б) Ш.Құдайбердиев в) А.Байтұрсынов | |
Просмотров: 20745 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|