Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың міндеттері: а) Білімділік: Өтілген модульдік материалдарды қайталау арқылы оқушылардың білімін жүйелеу, бекіту, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету. ә) Тәрбиелік: «Алтын қақпа» танымдық ойыны арқылы туған жерге сүйіспеншілігі, оны құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу. б) Дамытушылық: Оқушылардың өткен модуль бойынша алған білімдерін, ой өрістерін тапсырмаларды орындату арқылы дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, пікір алысуға үйрету. Сабақтың түрі: Қайталау сабағы. Әдіс-тәсілдері: Болжау, салыстыру, тұжырымдау. Көрнекілігі: Слайд арқылы қақпалар макеті, қиықшалар, сөзжұмбақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру сәті: а) Оқушыларды түгендеу. ә) Кезекшімен сұхбат. ІІ. Жаңа сабақ. Балалар, бүгін біз өткен материалдарды қорытындылау нәтиже сабағымызды «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. «Алтын қақпа» ойынының шарты: бұл қақпаның өзі бірнеше қақпадан, яғни «Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» және «Алтын қақпадағы сандықшадан» тұрады. Әрбір қақпаның тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдеріңді көрсетесіңдер. І. Оқушы алдымен «Тас қақпа» тапсырмаларын орындайды. «Шашылған әріптер» ойыны. Осы әріптерден сөз тіркестерін тауып, бір сөзге фонетикалық талдау жасайды (менің бөлмем, отбасым, туған елім). т.б а.б. б.б Отбасым – от –ба-сым о – дауысты, жуан т – дауыссыз, қатаң б – дауыссыз, ұяң а – дауысты, жуан с – дауыссыз, қатаң ы – дауысты, жуан м – дауыссыз, үнді 7 әріп, 7 дыбыс , 3 буын Фонетиканы қайталаймыз. - Қазақ тілінде неше әріп бар? - Неше дыбыс бар? - Дыбыс қалай бөлінеді? - Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? - Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? Кәне, балалар кім өз отбасы туралы айтып береді (1-2 оқушы айтып береді). Міне балалар, «Тас қақпаны» аштық. ІІ. «Күміс қақпа». «Сөйлемді қалпына келтіру» ойыны. 1 2 3 4 отбасым менің тұрадытату-тәтті Менің отбасым тату-тәттітұрады. 1 23 4 отбасымда баркісі төрт Отбасымда төрт кісі бар. Балалар өте дұрыс орындадыңдар. Ал енді, осы сөйлемдегі сөздердің дауысты дыбыстарына назар аударыңыздаршы (жуан, жіңішке сөздер). Үндестік заңын қайталаймыз. Ал енді, асты сызылған сөздерге синоним сөздерді табыңдар. отбасы – жанұя тұрады – өмір сүреді кісі – адам тату-тәтті – ынтымақты Сергіту сәті. Мақал – мәтелдер жарысы (Қазақ әдебиетімен байланыс). Отан оттан да . . .(ыстық) Оқу . . . құдық қазғандай (инемен) Оқу – білім бұлағы, Білім - . . . (өмір шырағы) Отан . . . басталады (отбасынан) Отансыз адам . . . (ормансыз бұлбұл) Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала . . . (сорлы бала) ІІІ. «Алтын қақпа». «Сөзжұмбақтың илеуін тап» ойыны. Д О С Т Ы Қ «Друг» сөзінің аудармасы. «Доc» сөзінің синонимі. «Отбасы» сөзінің аудармасы. «Дружно» сөзінің аудармасы. Жыл мезгілі. «Добрый» сөзінің аудармасы. 1-2 оқушы өз достары туралы айтады. Көптік жалғауын қайталаймыз (төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғау). дос - құрбы – ұл - мұғалім – қыз - мектеп – Міне, осы тапсырмаларды орындау арқылы «Алтын қақпаны» да аштық. Қараңдаршы, мұнда алтын сандық бар екен. Осы алтын сандықтың ішінде сендерге арналған сыйлық бар. Ал ол сыйлықты алу үшін сендер тағы бір тапсырма орындауларың керек. - Сен қай қалада тұрасын? - Мен Семей қаласында тұрамын. - Сенің қалай қандай? - Менің қалам үлкен. - Қалада кімдерге арналған ескерткіштер бар? - Қалада Абайға, Мұхтарға, Шоқанға, Достоевскийге, Шәкәрімге арналған ескерткіштер бар. - Саябақ бар ма? - Ия, сябақ бар. - Қандай театрлар бар? - Абай атындағы қазақ драма театры, Достоевский атындағы орыс драма театры бар. - Ал енді, еліміздің астанасы қай қала? - Астана қаласы. Ендеше Астана қаласы туралы мәтінмен танысайық (асты сызылған сөздерді аудару). Астана қаласы. Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. Астана әдемі, үлкен қала. Онда Үкімет үйі, Парламент үйі, Мемлекеттік мұражай, Жастар сарайы, Спорт кешені, саябақтар бар. Астанада биік ғимараттар салынып жатыр. Астана күннен күнге көркейіп келеді. Осы жазда мен астанаға барамын. Венн диаграммасы (мәтінді оқып, аударыңыз). Балалар, алтын сандықты ашу сәті келді. Ал сандықта сендерге арналған бүгінгі сабақтағы еңбектерінің жемісі, яғни бағаларың жатыр (оқушыларды орындаған жұмыстарына қарай бағалау). ІІІ. Үйге тапсырма: «Менің Астанам» тақырыбына әңгімелеу. | |
Просмотров: 4410 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|