Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Тақырыбы: «Әдебиет әлемінде» Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Ахметова Г.К. «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ Түрі: «Кім көп біледі?» интеллектуалдық ойын Жүру тәртібі: Ойынға екі немесе үш адам қатысады. Ойыншы торкөзден карточка таңдап, қойылған сұраққа жауап береді. Әр тор көздегі сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды. Көп ұпай жинаған талапкер жеңімпаз болады. ![]() Торкөзде көрсетілген әр ұпайдың астында әдебиетке байланысты арнайы сұрақтар болады. Ойынға қатысушы сол сұрақтарға жауап беріп, өз білімін көрсетеді. Тапсырмалар «А» нұсқасының сұрақтары: 20- Шоқан Уалиханұлының шын есімі кім? (Мұхамедқанафия) 30-«Өзен», «Әке мен бала» кімнің шығармалары?(Ы.Алтынсарин) 40-Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайға кім болады? (немере інісі) 50-Бес арысты ата? (М.Жұмабаев,А.Байтұрсынұлы,Шәкәрім,М.Дулатов, Ж.Аймауйтов) «Ә» нұсқасының сұрақтары: 20-«Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов) 30-М.Мақатаевтың үш бақытын ата? (халық,отан,тіл) 40-Таудың аты есім ретінде берілген атақты ақын,айтыскер? (Ж.Жабаев) 50-«Үш бәйтерекке» кімдер жатады? (Б.Майлин,І.Жансүгіров,С.Сейфуллин) «Б» нұсқасының сұрақтары: 20- Халық қаһарманы,атақты жазушы,соғыс туралы жазған адам кім? (Б.Момышұлы) 30-И.А Крыловтың мысалдарын аударған кім? (А.Байтұрсынұлы) 40-А.Байтұрсынов кімді «қазақ халқының бас ақыны» деп бағалады? (Абай) 50- Мына үзінді қай шығармадан және кімнің өлеңі? (М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін») Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін. «В» нұсқасының сұрақтары: 20- «Менің атым –Қожа» повесінің авторы кім?(Б.Соқпақбаев) 30-Мына үзінді кімнің шығармасы? (Абай) Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар,адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. 40-«Үш кеменгер» деген кімдер? (Абай,Шәкәрім,Мұхтар) 50-Қай атақты ақынға ақын Сүйінбай Аронұлы батасын берген? (Ж.Жабаев) «Г» нұсқасының сұрақтары: 20-Атақты қазақ әдебиетінің этнографы,саяхатшы,фольклорист,ғалым кім болған? (Ш.Уалиханов) 30-І.Жансүгіровтың Ақан сері туралы поэмасы қалай аталады? («Құлагер») 40-Мына үзінді қай шығармадан? («Қарлығаштың құйрығы неге айыр») -О,ұлы патшам,-депті жылан үш оралып жатқан күйінде,-жалғыз-ақ тілегім бар.Мен жәнеменің ұрпақтарым жер бетінде ең тәтті қанды сорып өтсе деп тілеймін. 50-Орыс жазушылардың ішінде Ш.Уалихановтың досы кім болған? (Ф.М.Достоевский) | |
Просмотров: 3128 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|