Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Департамент образования Северо-Казахстанской обл. РК Городской отдел образования при акиме г. Петропавловска Гуманитарный центр образования и воспитания Зарипова Назым Негметжановна Казахский язык. Тема: Поурочный план в 3 классе «Отанымның Ата Заңы» Первая гимназия г. Петропавловск 2011 г. Ашық сабақтың тақырыбы: Отанымның Ата Заңы. Мақсат: 1) Оқушыларды еліміздің конституциясымен таныстыра отырып, құжатпен жұмыс істеуге үйрету, жасөспірімдерді қылмыстық жауапкершіліктерімен таныстыру. 2) Сөздік қорын молайту, тілін дамыту. 3) Оқушыларды Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, қоғамда тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілік: ҚР рәміздерінің суреті, Конституцияның суреті. Оқушыларды екі топқа бөлу 1-топ «Құқық тобы» 2-топ «Міндет тобы» Сабақтың барысы. Сабақтың ойқазығы: Отан – жерім, Отан – суым, Отан қуат береді. Отан – ұран, Отан – туым, Отан мәңгі гүлденеді. I. Ұйымдастыру кезеңі. 1) - Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар. 2) Кезекшімен сөйлесу. - Бүгін сыныпта кім кезекші? - Сыныпта кім жоқ? - Айдың нешінші күні? - Аптаның қай күні? II. Үй жұмысын тексеру. 1) сөздерді тексеру: 1. нам...с 1. ерк...нд...к 2. м...ртебе 2. нег...зг... 3. гражданин 3. государство 2) Отан туралы мақал-мәтелдерді тексеру Жаңа тақырыпқа кіріспе. - Балалар, бүгінгі сабағымызды ойқазықтан бастағалы тұрмын. Отан – жерім, Отан – суым, Отан қуат, нәр береді. Отан – ұран, Отан – туым. Отан мәңгі гүлденеді. Әр тәуелсіз, егеменді елдің өз Конституциясы бар. Ал 30 тамызда біздің Қазақстан Республикасының Конституциясына Ата заңымызға 15 жыл толды. Конституция Республикалық референдумда 1995жылдың 30 тамызында қабалданды. Сондықтан біз бүгін ең басты мемлекеттік құжат Конституциямен жұмыс істеп үйренеміз, дүние жүзіндегі жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершіліктері неше жастан басталатынына көз жеткіземіз. Ол үшін қазір жаңа сөздермен танысып алайық. III. 1) Жаңа сөздер: міндет – обязанность құқық – право бап – статья жасөспірім – подросток қылмыстық жауапкершілік – уголовная ответственность 2) дұрыс айту жұмысы 3) сөздікке жазу 4) сөйлем құрастыру. IV. Құжатпен жұмыс (кеспелерді тарату). 1) 1-топқа Конституцияның құқық туралы баптарын тарату 2-топқа Конституцияның міндеттері туралы баптарын тарату Құқық тобының кеспелері. 14-бап. Заң мен соттың алдында бәрі тең. 15-бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. 16-бап. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. 22-бап. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. 24-бап. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. 29-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Енді осы берілген баптардың орыс тіліндегі дұрыс аударма сәйкестігін табу. Статья ... Все равны перед законом и судом. Статья ... Каждый имеет право на жизнь. Статья ... Каждый имеет право на личную свободу. Статья ... Каждый имеет право на свободу совести. Статья ... Каждый имеет право на свободу труда, свободный выбор рода деятельности и профессии. Статья ... Граждане Республики Казахстан имеют право на охрану здоровья. Міндет тобының кеспелері. 34-бап. 1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. 36-бап. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. 37-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті. 38-бап. Қазақсан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. Осы қазақ тілінде берілген баптардың орыс тіліндегі аударма сәйкестігін табыңдар. Статья ... 1. Каждый обязан соблюдать Конституцию и законадательство Республики Казахстан, уважать права, свободы, честь, и достоинство других лиц. 2. Каждый обязан уважать государственные символы Республики Статья ... Защита Республики Казахстан является священным долгом и обязанностью каждого гражданина. Статья ... Граждане Республики Казахстан обязаны заботиться о сохранении исторического и культурного наследия, беречь памятники истории и культуры. Статья ... Граждане Республики Казахстан обязаны сохранять природу и бережно относиться к природным богатствам. 2) интерактивті тақтада «Құқық» «Міндет» 3) сұраққа жауап Балалар, Конституцияда адамның құқығы көп пе әлде міндеті көп пе? V. Интерактивті тақтада мәтін Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершіліктері 1) Ирландияда – 7 жастан. 2) Англия, Ливанда – 8 жастан. 3) Жаңа Зеландия – 10 жастан. 4) Нидерланды, Португалияда – 11 жастан. 5) Израиль, Грецияда – 13 жастан. 6) Болгария, Австрия, Германия, Жапонияда – 14 жастан 7) Францияда – 15 жастан. 1. Мұғалім оқиды, балалар тыңдайды 2. Оқушылар мәнерлеп оқиды. 3. Сұраққа жауап беру:«Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік неше жастан басталады?» VI. Жазба жұмысы. 1-топ «Отан» сөзін тәуелдеу. 2-топ «Қазақстан» сөзін тәуелдеу. VII. «Қазақстан» сөзінен сөздер құрастыру (қай топ көп құрастырады) 1. қаз 2. аз 3. ақ 4. ат 5. ас 6. қазақ 7. зат 8. таз 9. тас 10. сан 11. қас 12. қан 13. саз т.б VIII. Үй жұмысы: «Жасөспірім» сөзінен сөздер құрастыру. IX. Қорытынды: таңдап алған әріптерге жауап айту. 1. Қазақстан қандай ел? 2. Қазақстан ұнай ма? 3. Біздің ел қалай аталады? 4. Қайдан келдің? 5. Қайда барасың? 6. Жексенбі күні мектепке барасың ба? 7. Қазақ тілі сабағында ән сала ма? 8. Екі алсаң жылайсың ба? 9. Ең үздік оқушы кім? 10. Кітап досың ба? 11. Жақсы көретін пәнің? | |
Просмотров: 2081 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|