Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Департамент образования Северо-Казахстанской обл. РК Городской отдел образования при акиме г. Петропавловска Гуманитарный центр образования и воспитания Зарипова Н.Н. Казахский язык. Тема: Сценарий открытого мероприятия в 2 классе «Қыс Ханшайымы мен қыс Патшасы» Первая гимназия г. Петропавловск 2011 г. Ашық іс- шара Тақырыбы: «Қыс Ханшайымы мен қыс Патшасы» Жүргізуші: - Армысыңдар, қымбатты қонақтар, құрметті ата-аналар, оқушылар, сайысқа қатысушылар! Осы ең суық жыл мезгілінде біз бүгін Бірінші гимназияда Жаңа жыл қарсаңында Қыс Ханшайымы мен қыс Патшасын таңдап алу үшін сайыс өткізіп отырмыз.Сендердің алдарыңызға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. Қошеметтейік! 2А сынып оқушылары: Калиничева Юля, Новицкий Данил 2Б сынып оқушылары: Попова Мария, Кузьмин Михаил 2В сынып оқушылары: Залевская Самила, Белов Данил 2Г сынып оқушылары: Яковлева Мария, Пургин Никита. Сайысқа қатысушылармен танысайық. Ал енді әділ- қазылар алқасымен танысайық. Бүгінгі сайысты бағалайды ... 2А сынып оқушылары: Рената мен Новицкий Данил. Олар көрермендердің алдында отырады. Қалғандарың орындарыңа бара тұрыңдар. Сайыстың бірінші мәресі «Танысу». Бұл мәреде сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді. Қошеметтейік! Екінші кезек: 2Б сынып оқушылары: Попова Мария мен Кузьмин Михаил Үшінші кезек: 2В сынып оқушылары: Залевская Самила мен Белов Данил Төртінші кезек: 2Г сынып оқушылары: Яковлева Мария мен Пургин Никита. Әділ- қазылар алқасы бірінші мәренің нәтижесін дайындағанша сіздердің назарларыңызға «Сағыныш сазы» өлеңімен «Арманай» мюзикл- студиясы ән шырқайды.Әділ-қазылар алқасының нәтижесі дайын екен. Тыңдайық. Сайыстың екінші мәресі: жаңылтпаш айту. Бұл сайысқа ер балалар ғана қатысады. Алға шығыңыздар. Қазір сіздерге жаңылтпаштар айтылады. Сендер жаңылтпашты мұғалім сияқты тез айтып берулерің керек. Ер балалар өз орындарына отыруға болады. Әділ-қазылар алқасы бағаларын дайындағанша көрермендермен «Ей, дос!» деген сергіту кезеңін өткізейік. Балалар, менімен бірге қайталаңдар. Әділ- қазылар алқасының бағаларын тыңдайық. Сайыстың соңғы мәресі «Көкпар жарысын» өткізуге шақырамыз. Ол үшін әр жұп өзіне ұнайтын түсті таңдайды. Ол түстің сыртында әріп. Қандай сұрақ болса да жауаптарың сол әріптен басталуы керек. 2А – ж, 2Б – м, 2В – қ, 2Г – т 1. Білімді мыңды жыға ма? 2. Бірінші қыркүйек қандай? 3. Сүйікті жақсы көретін пәнің? 4. Ең үздік оқушы кім? 5. Кітап досың ба? 6. Екі алсаң жылайсың ба? 7. Қазақ тілі сабағында ән сала ма? 8. Жол ережелерін бұздың ба? 9. Бағдаршам неше түсті? 10. Жұма күні мектепке барасың ба? 11. Сүт ішкен қартая ма? 12. Мінезің қандай? 13. Қазақстан қандай ел? 14. Тісті темірден жасай ма? 15. Киноға түскің келе ме? Соңғы турдың бағасын әділ- қазылар алқасы дайындай берсін. Следующее задание мы приготовили родителям. Так-так мы встречаемся с вами в прдеверии Нового года, поэтому задание связанно с этим праздником. Итак. Я называю жителей той или иной страны. Ваша задача: назвать жителей города одним словом. Например, «жители г. Петропавловска» встречают Новый год, т.е. «петропавловцы», г.Астаны – «астанинцы» г.Омска – ..., г.Курска – ..., г.Санкт-Петербурга – ..., Парижа – ..., Рима – ..., а как будет города Осло? В таких случаях говорят: «жители столицы Норвегии встречают Новый год». Спасибо – рақмет. Сонымен, сайыстың нәтижесі дайын. Сөзді әділ- қазылар алқасына берейік. «Қыздың ажары – жігіттің батылы» номинациясына ие болған ... В номинации «Обаятельная девушка – смелый джигит» стали ... «Қыздың сүйіктісі – жігіттің ақылдысы» номинациясы берілді ... Обладателями номинации «привлекательная девушка – умный джигит» стали ... «Қыздың әсемдігі – жігіттің ер жүректігі» номинациясына ие болған ... В номинации «Прекрасная девушка – храбрый джигит» стали ... «Қыс Ханшайымы мен қыс Патшасы» атағына ие болған ... Обладателями звания «Мисс и мистер Зима» стали ... Енді жеңімпаздарымызды құттықтауға шақырамыз. Сіздерге «Ертегі», «Қазақтың дастарқаны» әнін «Арманай» мюзикл-студиясы орындап береді. Осымен сайыс аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар! | |
Просмотров: 3831 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|