Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Рудный қаласы № 10 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Бурбаева Айнажан Халиханқызы «Білгірлер» интеллектуалды ойын Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Сыныптар: 9 Ойын ережесі: 1) Сынып 3 топқа бөлінеді. 2) Ойын тақтасы - слайд, онда категориялар беріледі, әр категорияда ұпайға байланысты қиын және жеңіл сұрақтар беріледі. 3) Топтардың категориядағы тапсырманы таңдаулары жребий тарту арқылы шешіледі. 4) Әр сұрақты талдауға 30 секунд беріледі. 5) Сұраққа дұрыс жауап берген топ ұяшықты таңдайды. 6) Әр үстелде сигнал картасы болады, жауап беруге дайын топ картаны көтереді. 7) Дұрыс берген жауапқа топқа ұпай қосылады, егер топ қателессе, ұпайлары алынады. 8) Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз саналып, финал ойынына қатысады. Интеллектуалды ойын презентация бойынша өтеді. Презентация MS Power Point бағдарламасында жасалған. Категориялар: Тіл 10 20 30 40 50 Әдебиет 10 20 30 40 50 Тарих 10 20 30 40 50 Өнер 10 20 30 40 50 Спорт 10 20 30 40 50 Бөлім «Тіл»: 10 ұпай. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Оның ішінде қыпшақ тілдеріне. 20 ұпай. Қазақ тілі тарихында қандай алфавиттер қолданылды? Қашан? Қазақ тілі тарихында үш алфавит болған. 1. Араб алфавиті, 1929 жылға дейін 2. Латын алфавиті, 1929-1939 жылдары 3. Орыс алфавиті, 1940 жылдан бүгінгі күнге дейін 30 ұпай. Тіл туралы мақал мәтел айт • Өнер алды –қызыл тіл. *Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. *Тәрбие басы- тіл. Тіл тас жарады, Тас жармаса, Бас жарады. 40 ұпай. Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар қандай? Олардың авторлары кімдер? Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар: 1. “Құтадғұ білік” Жүсіп Баласағұн 2. “Диуани- лұғат-ат түрік” Махмуд Қашғари 50 ұпай. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз, қандай сөз екі рет қайталанады? 1) native land; ( отан) 2) pure; (таза) 3) tree; (ағаш) 4) Why? (неге) Бөлім «Әдебиет»: 10 ұпай. «Қыз Жібек» жыры не туралы? “Қыз Жібек” жыры махаббат туралы 20 ұпай. «Абай жолы» романын кім жазды? «Абай жолы» романын жазған Мұхтар Омарханұлы Әуезов 30 ұпай. В.В.Радлов қандай әдеби ескерткіштерді зерттеген? В.В.Радлов Орхон- Енисей ескерткіштерін зерттеген? 40 ұпай. Бұл сурет қандай әдеби шағармадан? Бұл сурет С.Сейфуллиннің “Аққудың айырылуы”шағармасынан 50 ұпай. Кім қайда туған? Абай А.Байтұрсынов Ы.Алтынсарин М.Әуезов Бөлім «Тарих»: 10 ұпай. Ханның кеңесшісі кім болған? Ханның кеңесшісі би болған. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) 20 ұпай 1991 жылы ғарышқа ұшқан ғарышкер? (Т.Әубәкіров) 30 ұпай Не артық? 1. Тәуелсіз, егеменді, көпұлтты, кішкентай. 2. Ту, елтаңба, астана, әнұран. 3.Ресей, Қытай, Франция, Қырғызстан. 40 ұпай Тәуелсіздікке -20 жыл! 50 баллов. Бұл жылдары не болды? 1991 ж 1 желтоқсан -(Қазақстанның тұңғыш Президенті сайланды.) 1991 ж 16 желтоқсан -(Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды). 1991 ж 29 тамыз - (Семей полигоны жабылды.) 1992 ж 4 наурыз - (Қазақстан БҰҰ кірді). 1992 ж 4 маусым - (Мемлекеттік рәміздер қабылданды). 1993 ж 15 қараша - (Ұлттық валюта қабылданды). 1993 ж 28 қаңтар - (Тұңғыш конституция қабылданды.) 1995 ж 30 тамыз - (Қазіргі конституция қабылданды.) 1997 ж 10 желтоқсан - (астана Ақмолаға көшірілді). 1998 ж 6 мамыр - (Ақмола Астана деп аталды.) 2010 ж 1-2 желтоқсан - (Қазақстан ЕЕҚҰ басқарды). 2011 ж 6 ақпан - (Қысқы Азиада өтті). Бөлім «Өнер»: 10 ұпай. Қазақстың тұңғыш суретшісі кім? (Ә.Қастеев) 20 ұпай М.Әуезов атындағы драмма театры қай қалада? (Алматыда) 30 ұпай. Ойды жалғастыр. 1.“Менің атым Қожа”, “Орман аңызы”, “Көксерек” балаларға арналған фильмдер. 2. Ш.Айманов Қазақстан Республикасының белгілі актері, режиссері. 3. Қазақстанның тұңғыш киносы “Амангелды”. 40 ұпай. Не артық? 1. Шанырақ, терезе, кереге, уық. 2.Мүсінші, зергер, мұғалім, суретші. 3. Ғылыми, мультипликациялық, білімділік, деректі, көркем. 50 ұпай. Аударыңыз 1) вrush; (кисть) 2) notes; (ноты) 3) Needle; (игла) 4) сlay; (глина) 5) Diamond (алмаз) Бөлім «Спорт»: 10 ұпай. Балуан Шолақ кім? (күрескер, палуан) 20 ұпай. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион қай қалада? (Астанада) 30 ұпай Алғашқы спорт қай елде пайда болған? (Грекия) 40 ұпай. Не артық? 1. Коньки, шаңғы, кітап, шана. 2. Жүгіру, оқу, секіру, ойнау. 3. Футбол, волейбол, баскетбол, бокс. 50 ұпай. Аудар 1) skates; (коньки) 2) sledge; (сани) 3) ball; (мяч) 4) ski; (лыжи) 5) bicycle (велосипед) финала сұрақтары (10 ұпай). Фонетика. Бір үнді дауыссыз дыбыстан басталып және аяқталатын бітеу буынды тамақ атауы. (нан) Лексика. Сөздерге синоним сөзді тап Мұғалім (ұстаз) Сұлу (әдемі) Астана (елорда) Кішкентай (шағын) Ескі (көне) Егеменді (тәуелсіз) Морфология. По кругу написано шесть букв. Сколько слов – имён существительных – можно прочитать? қан, құт, қанат, тана, ана, құтан. Лексика. Сыйлық 10 ұпай Нәтижелерді шығару. Топтарды марапаттау. | |
Просмотров: 5589 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|