Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Статья "ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНЕ ЕНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ"
Ж. М. Байзакова
№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі
Семей каласы

ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Егеменді еліміздін болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Қазіргі уакыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықгы сақтау, ұлттық сананың саркылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиетгік оқу жүйесінде поэзиялық шығармалар елеулі орын алады. Поэзияда ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни акын сезімі мен окушы сезімі түйіскенде, бір-бірін тапқанда ғана ол туралы сөз қозғау тиімді болмақ. «Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» /1/ - дейді әдебиет зерттеуші- ғалым Қажым Жұмалиев.
Оқушыларды лириканы сүюге, түсінуге, оны өз еріктерімен оқуға, өмірлік сырлас досы етуге талаптандыру оны оқытудың басты мақсаты болып табылады.
Оқушылардың оған деген жағымды көзқарасын қалыптастыру жүйелі жұмысты талап етеді.
Лирикалық шығармаларды өткенде олардың ішкі жан сырларына тереңдеу керек. Өмір ақиқатының бейнеленуіне, акын жүрегінің соғуына, оның жан лүпіліне шәкірт назарын аударту ұтымды. Шәкірт ақынмен бірге толғанып, бірге қайғырып, бірге кектенсе, сонда ғана шығарма терең меңгерілмек. Лирикалық шығармаларды оқытуда лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру, өленді үйде алдын-ала оқып танысуға беру, мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар аударуы, өзі талдамас бұрын оқушылармен жұмыс жүргізуі тиіс. Яғни олардан өздеріне ұнаған шумактар, әдемі, сұлу деген бейнелі сөздері ұтымды, шебер шыққан сөз тіркестерін сұрап білудің маңызы зор. Себебі лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі - оқушыларды поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге, ұлттык құндылықтың асыл қазына екенін терең сезінуге баулу болып табылады.
Орыс сыныптарында лирикалық шығармаларды оқытудың тиімді әдісі-мәнерлеп оку.
Мәнерлеп оқудың тағлымы үш сатылы болады.
1 саты-сезімдік таным, оқушы нені болса да әуелі бес сезім аркылы қабылдайды. Мазмұнды оқып білу, игеру-алғашкы сезімдік танымға жатады.
II саты- шығарманың өзіне тән көркемдік ерекшеліліктерін танып оқу (талдап оқу) болмақ. Бұл тұста оқушы көркем сөздің заңдарын үйренеді (образ, композиция, тіл, сюжет, өлең өлшемі, жанры, тақырыбы, идеясы). Мұны ақылдық таным дейміз. Білім мен тәрбие оқушыға осы екі оқу тұсында беріледі. Ақылды байытудың бір құралы - ес. Бірак ол - психологиялық процесс.
Бұл екі оқудан мәнерлеп оқудың жөні тіпті бөлек. Онда зор сапалық айырма бар. Ол неде? Тексті оку, талдау тұсында оқушы төтелеп білім алып, алға басады. Оны білім жинактау сатысы дейміз. Бірақ танымнын биік сатысы қиялдай (фантазия) білу (үшінші сатысы) болады. Оқушының фантазиясы, қиялдау қабілеті үшінші оқу тұсында дамиды. Енді ол өзінің білгенін қиялдап жаңадан айта алады. Алғашкы оқу мен талдау тұсында бала білім алу сатысында болса, мәнерлеп оқу тұсында олар бізге алған білімін қайтарады, сондыктан ол творчестволық сатысы дейміз. Оқу, талдау-саңдык оқу, мәнерлеп оқу-сапалық оқу. Мәнерлеп оқу тұсында оқушы бізге өзінін алғанын қайтарады. Оны қайтарма оқу дейміз./3/
Мәнерлеп оқу үш түрлі формада үйретіледі.
1. Даралап оку. Оқушы өлең жаттайды. Оны мәнерлеп орындату дейміз. Кейде бала прозаны да жатка орындайды. Мұнда сөйлеу дикциясы басты орын алады өлеңді жаттап, ешқандай мәнер, ырғақсыз айтса, оның берері жоқ. Бұл оқу көбіне сезімдік танымға жатады.Жаттауға бүгінгі ақындардың шығармаларынан бастап, фольклор шығармаларын да ұсынамыз. Даралап оқу баланың лексикасын байытады, логикалық ойын дамытады.
Лирик
2.Мәтінді рөлге бөліп оқыту. Мұны кейде кейіпкерге еліктеп оқу деп те атаймыз. Бұл көбіне талдау сабақтары тұсында қолданылады. Оған диалог сөз, драммалық шығармалар үзінділері, мысал, айтыс жанры қолайлы. Тексті рөлге бөліп оқыған жерде кейіпкерлерге мінездеме берудін қажеті жоқ. Мысалдың аллегориясын ғана ескертеміз. Мысалы "Өгіз бен бақа" мысалындағы өгіз-паракор ұлық бақа-соған еліктеймін деп шатылған болыс десек, жеткілікті.
3.Әндетіп оқу. Мұны кейде бірлескен оқу деп атайды. Әндетіп орындату- мәнерлеп оқудын ең мәнді түрі. Москва қалалық оқу белімі артистерді мектептерге бекітіп, оларды мәнерлеп окуға пайдаланады екен. Олар белгілі бір автор өтілген соң, кейбір шығармаларды мәнерлеп орындайды. Біздін жағдайымызда "Қозы Көрпешті" өткен соң, Баян әнін, "Еңлік Кебекті" өткен сон, Еңлік әнін балалар сыныпта әндетіп орындаса, оның идеяын оқушылар ұзак уақыт есінде сақтайды. Эпостарды өткенде
монологтарды домбыра күйіне салып айтса, бұл да есте жаксы сақталады.
Абай 19 ән шығарған болса, оның шығармасын өткенде де сол әндерді текске негіздеп орындау керек. Ән мен көркем шығарманың бірлесуі-зор үлес. Эпосты өткен соң , жыр өнеріне
қабілеті барларды баулу керек.
Әдебиет - ұлттык танымнын қайнар көзі, соңдыктан поэзиялық шығармадан алынған үзінділерді оқығанда өленді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға жатқа оқуға ерекше көңіл белу, өлендегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару, тақырыпка сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді пайдалану кажет.
Лирикада оқиға, әрекет, кейіпкер тұлғасы жалпылай акын сезімімен танылса, қара сөзбен жазылған шығармада кейіпкер тұтас тұлғасымен қабілеті, ойы, әрекеті, сөзі бейнелететінін осындай нақты салыстыру аркылы аңғаруға болады.
Қазіргі әдістемеде лирикалық шығармаға талдау жасаудын 4 түрі ұсынылып жүр: образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізімен./2/ Қандай талдау түрі болса көзделетін мақсат: оқушының туындыны қабылдауы, әсері эмоциясын тану; эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу; таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау; ең бастысы - көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту (тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалык жағын т.б. кешенді түрде қарастыру) болып табылады.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға кол жеткізу үшін автордың мақсат- мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, суреткер шеберлігін оқушыга дұрыс таныта білу керек.
Оқушының танымдық-шығармашылык қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістін бірі - проблемалық талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс- тартыска жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан карау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮШ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, XIX ғасырдағы «зар заман ақындары», Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі такырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.
Лирикалық өлеңдерді оқыту мәселесі, онымен істелетін жұмыс түрлері өлеңнің тақырыбына, композициялық кұрылысына қарай өзгеріп отырады.. 8-10 орыс сыныптарының қазақ әдебиеті сабағында поэзияны оқытуда атқарылатын негізгі жұмыс түрлері мынандай:
1.Лирикалық өлеңді оқу алдындағы кіріспе әңгіме. Ол әңгіме акынның өміріне байланысты ол кім, қандай ақын, нені жырлады, осы лирикалық өлеңнің жазылуы, ол аркылы нені және қандай ой сезімін білдіреді. Кейбір өлеңдер акынның өміріне тікелей қатысты болады. Махамбеттік Баймағамбетке айтқаны, Сұлтанмахмұттың "Шәкірт ойы", "Бір адамға", Абайдың "Жасымда ғалым бар деп ескермедім" т.б.
2.Өленді мұғалімнің өзі келістіріп оқуы және оқушыға мәнерлеп оқыта білуі лириканы танытудың бірден бір методикалық жолы деуге болады.
3.Лирикалық өлеңдегі негізгі мәселені анықтау. Егер суреттемелі көріністер болса, оны қандай сезіммен бергенін ашу.
4. 0сындай өлеңді, мүмкіндігіне қарай, тектес өлеңмен салыстыру. Мысалы, табиғат, оқу-ағарту лирикалары т.б.
5.Лирикалық өлеңнің сюжет белгілеріне, өмір көрінісінің суреттемелеріне қарай оның композициялық құрылысын талдау, ой-пікірдің жүйесін тауып, жоспарын жасау.
6.Өткір сықақ, әжуа, мысқылды өлендердің коғамдық мәнін ашу.
7.Өлең тілінің көрекемдігіне тоқталып ақынның образ жасаудағы шеберлігін дәлелдеу.
8.Аллегориялық не символдык бейнедегі лирикалық өлең болса, оның қоғамдык мәнін ашу.
9. Өлеңнің құрылысым ұйқасын таныту. Ұғымға ауыр сөздерге түсінік беру./4/
Қорыта келгенде, әдебиет - тұнып тұрған тіддік байлық. Көркем әдебиетте тілдің эмоциялық және эстетикалық қуаты ерекше көрінеді Ахмет Байтырсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талгайды» /5/ деп жазады. Ендеше, әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалган сөз сандыгы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты - оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халыктың рухани байлыгы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.

Әдебиеттер:

1.Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.
2.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, І997ж
3.Даулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
4.Б. Сманов. Кейіпкер бейнесін талдау. А., Рауан 1990ж.
5. А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы, А, «Жазушы», .1992.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: SGK (2011-10-21) | Автор: GK E
Просмотров: 4171 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru