Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
«Тәуелсіздік – менің еркіндігім» сыныптан тыс жұмыс (әдеби – сазды кеш) Армысыздар, қадірлі қонақтар! Жанартаулар бұғып жатып бір атылады. Жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Ұлттық жаңарудың, елдігіміз бен есендігіміздің басы болғай деп тілеген еді қалың жұрт. Бүгінгі күні желтоқсан оқиғасын 26 жыл өтсе де, сол желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Сол желтоқсан оқиғасынан кейін ұлттық сана – сезіміміз оянып, тәуелсіздіктің туын көтердік. Арман ойда күмбір – күмбір күй қызып, Арғымақтың жал құйрығын түйгізіп, Аңыратып, көсілттің бір жүректің Үлкен сөзін үш минутқа сыйғызып. Үш – ақ минут шабыт нөсер мырза шақ, Көк тіреді көңіл біткен бір жасап, Үш – ақ минут жетеді екен мәрттікке, Шығу үшін мәңгі өлмейтін жыр қашап. Иә, шахановша айтсақ, мәңгі өлмейтін жыр қашау үшін, елің үшін ерлік жасауға да 3 минут жеткілікті екен. Бүкіл бір ұлттың жүрегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар – намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға білген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпақтан – ұрпаққа жетеді. Ендігі сәтте Б.Үсеновтың және Айтқазыұлының тексінің ізімен жазылған «Ерте солған жыр гүлі» атты көрінісімізді тамашалаңыздар. Көрініс. «Ерте солған жыр гүлі» Жүргізуші: Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді...Ерте солған жыр әлеміндегі гүл едің ғой Қайрат... Ал мына бір жолдарға құлақ түріп көріңізші. 1 – оқушы: Әкетай – ау пайғамбардай жасың бар, Туа бермес сен секілді асылдар. Қартайғанда жүрегіңді жаралап, Кесір болды – ау біз секілді масылдар. Айналайын, қарындасым, қарағым, Қолда кісен мен айдауда барамын. Қайғы жегіп, азап тартқан ағаңды, Айтшы жаным, қандай жанға баладың? Айналайын, інішегім, құлыным, Сені ойласам, үзіледі жұлыным. Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай, Кетіп барам мен айдауда құлыным! 2 – оқушы: «Анама хат» Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды, Құпия шерттім осы жан сырымды. Хош енді жолықпасаң, қайран ана, Көзімнен ақ жаулығың жасырынды. Қайран, ана, күзеткенің түгел ме, «Көктеректе» жазықсыз екенімді біле ме? Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде, Саған дағы елің, жұртың күле ме? 3-оқушы: Жоқ! Елің, жұртың саған күліп жатқан жоқ! Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның, Желтоқсанда шындық жырын шырқамаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың, Кеудеңде сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның. Жүргізуші: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзды жанған алауы. Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің, Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы! Осы бір жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу ұлттық парызымыз. Қазір осы құрбандарға арналған бір минут үнсіздік жариялаймын. ІІ бөлім. Жүргізуші: Бүгін мереке. Бүгін той. Елдігіміз бен еркіндігімізді, тәуелсіздігімізді алғанымызға 20 жыл толып отыр. Келесі кезекте мектеп оқушылары көркемөнерпаздарының концертін тамашалаңыздар. | |
Просмотров: 1800 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|